Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты


Арт- терапиясын қолдану арқылы бала болмысын тану



бет82/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

Арт- терапиясын қолдану арқылы бала болмысын тану
Дайындаған: Психолог маман
Имашева Салтанат Балгабаевна

Психотерапияның маңызды салаларының бірі қазіргі таңда арт-терапия болып табылады. Осы терапия әдісінің бір түрі-қуыршақ терапиясы.Қуыршақ терапияның рөлі түрлі аспектілерде қолданылады.Қуыршақ терапия сөзін тікелей аударғанда"қуыршақ арқылы қамқорлық жасау,емдеу"деген мағынаны білдіреді.


Аталған терапияның түрі қазіргі таңда үлкен жетістіктерге ие.Қуыршақ арқылы адамның ішкі болмысын тануға болады. Дәлірек айтқанда,баланың немесе ересек адамдардың ішкі дүниесімен салыстыруына мүмкіндік беретін объект.Ұсынылып отырған саусақтарға киілген қуыршақ балалардың психикалық денсаулықты жақсарту,әлеуметтік бейімделуді дамыту,танымдық белсенділігін арттыру,қызығушылық және шығармашылық қабілеттерінқалыптастыру,баланың эмоциялық және адамдық дамуын арттыру,денсаулық жағдайларын қалыптастыруда ең тиімді әдісі болып табылады.Сол себептен саусақтарға киілген қуыршақтар түрін ұсынып отырмын.Бұл әдісті пайдалану-уақытша психикалық дағдарысқа ұшыраған және мүмкіндігі шектеулі балалармен жұмыс жасайтын орталығына ең пайдалы жұмыс түрі.
1-сабақ."Қуыршақтардың қарым-қатынасы"
Мақсаты:Қатысушының көңіл-күйін көтеру,коммуникациясын қалыптастыру,бала бойындағы кездесетін ішкі уайымды қуыршақ ойындары арқылы сыртқа шығару,тұлғаның шығармашылығын дамыту,әлеуметтік ортаға бейімділігінін арттыру,ішкі эмоциясын еркін ашуға көмек беру,денсаулығыы қалыпқа келтіру.
Қажетті құралдар:Қағаз,фломастерлер,акварель,гуашь,матаның қиындылары,қайшы,жіп,ине,желім.
Дайындық кезеңі:
Қатысушыларды орындарға орналастыру.Үстел үстіне қағаздар, қарындаштар,сурет салу үшін қажетті бояулар ұсынылады.Сол қағазға саусаққа киілетін қуыршақтардың суреттерін салады.
Орындау уақыты-5минут
Талдау:Салған суреттеріміз қандай?
Коммуникациялық белсендіру
Қатысушылар бір -бірімен жағымды көңіл-күйлер сыйлап ,тілек, ниеттерін білдіреді.Жұмыс үстінде қандай жағдайлар болады және не күтетіндерін айтады.
Жеке жұмыс:
Жұмыс барысында қатысушыларға түрлі-түсті бояулармен мен мата қиқымдары ұсынылады.Матаның сегіз түрін таңдап алулары қажет.Әркім өз ойынша қиқымдардан сол қолдың саусақтарына келетіндей етіп түрлі-түсті қуыршақтың денесін шиыршық үлгісінде дайындап,лайықтап етіп, мата қиындыларын бас үлгісін жасайды. Қуыршақтар әдемі болу үшін беттерін безендіреді.Көңілді болу үшін киіндіріп , атын қойып , қуыршақтар жайлы кішігірім мәлімет дайындаулары керек.
Орындау уақыты-15минут
Қуыршақты ойнату әдісі:
Қуыршақтар туралы тарихи әңгімелер және отбасылык тарихи ертегілер ойлап табу үшін уақыт беріледі.Кейіпкерлерге ат қою керек.Қуыршақтар ойлаған рөлдерін ойнап шығу керек.
Орындау уакыты-10минут
Талдау:Кейіпкердің мінездеріне сипаттама беріңдер?
Қуыршақтардың алған әсерін бөлісуі
Саусақтағы түрлі-түсті қуыршақтар бір-бірлеріне қарап күлімсіреп,сұрақтар қойып, бүгінгі жұмыстары туралы әңгімелеседі.
2-сабақ ."Ертегі еліндегі қуыршақтар"
Мақсаты:Қатысушының көңіл-күйін көтеру,коммуникациясын қалыптастыру,бала бойындағы кездесетін ішкі уайымды қуыршақ ойындары арқылы сыртқа шығару,тұлғаның шығармашылығын дамыту,әлеуметтік ортаға бейімділігінін арттыру,ішкі эмоциясын еркін ашуға көмек беру.
Көрнеккіліктер:саусаққа киюге әзірленген ертегі кейіпкерлері үлгісінде жасалған қуыршақтар,көңілді әуендер.
"Шалқан" ертегісі
Баяғы бір заманда шалмен кемпір болыпты.Олардың бақшасы бар екен.Бірде шал шалқан отырғызады. шалқан үп-үлкен боп өседі.Бір күні шал шалқанды суырып алмақшы болады.Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды,тартып шығара алмайды.(Саусақтағы қуыршақтарды кейіпкер іс-әрекеттіне қарай қимылдатады)
Атай әжейді шақырады.
Атай:Әжесі,әжесі,көмектесіп жібер.
Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды,тартып шығара алмайды.(Саусақтағы қуыршақтарды кейіпкер іс-әрекеттіне қарай қимылдатады)
Әжей немересін шақырады.
Әжей:Қызым,қызым көмектесіп жібер.
Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды,тартып шығара алмайды.(Саусақтағы қуыршақтарды кейіпкер іс-әрекетіне қарай қимылдатады)
Немересі:Күшігім ,күшігім көмектесіп жібер.
Күшік мысықты шақырады.
Күшік:Мысық,мысық көмектесіп жібер.
Мысық тышқанды шақырады.
Мысық:Тышқан,тышқан көмектесіп жібер.
Олай тартқылайды, бұлай тартқылайды,тартып шығара алмайды.(Саусақтағы қуыршақтарды кейіпкер іс-әрекеттіне қарай қимылдатады).

Бауырсақ ертегісі


Ертеде бір Шал мен Кемпір болыпты. Кемпір бір күні қаймаққа нан илеп,оны майға қуырып бауырсақ пісіріпті.Оны терезенің алдына суытып қойыпты.
Бауырсақ суып тұрып тұрып,бір кезде домалай жөнелді.Домалап келіп терезе алдындағы орындыққа ,орындықтан еденге ,еденнен дәлізге,дәлізден аулаға, ауладан сыртқа , одан әрі,одан әрі домалай береді ,домалай береді.

Бір кезде оған Қоян жолығып:


-Бауырсақ,бауырсақ мен сені жеймін!-дейді.
-Қоян, сен мені жеме .Мен саған өлең айтып беремін:"Менің атым Бауырсақ,Бауырсақ!Қаймаққа иленгем,майға пісірілгем,терезеде суығам.Ұстатпай кеттім Атама,ұстатпай кеттім Әжеме.Ұстатпаймын Қоян саған да!".
Содан Бауырсақ қара жолмен домалап кете барады.Оған Қасқыр кездесіп ,оның да жегісі келеді.Бауырсақ өзінің әнін Қасқырға айтып беріп,одан әрі домалай береді .
бір кезде Аю жолығады:
-Бауырсақ,Бауырсақ!Мен сен жеймін!-дейді ол.
Сендей майтабанға мені жеу қайда?.Ұстатпай кеттім Атама,ұстатпай кеттім, әжеме ұстатпаймын ,қоян менен қасқырға ұстатпаймын, қоян менен қасқырға ұстатпағам ендеше
-Ал саған да ұстатпаймын мүлде де!
Сөйтіп домалай жөнеледі. Аю тек көзімен шығарып салады.
Бауырсақ домалағаннан домалап келе жатса оған Түлкі жолығады:
-Бауырсақ,бауырсақ кайда домалап бара жатырсын?-дейді ол.
-Жолмен домалап барамын.
-Бауырсақ,бауырсақ маған өлең айтып берші!..
-Содан Бауырсақ::"Менің атым Бауырсақ, Бауырсақ!Қаймаққа иленгем,майға пісірілгем,терезеде суығам.Ұстатпай кеттім атама,ұстатпай кеттім әжеме,ұстатпаймын қоян менен қасқырға.Ұстатпаймын саған да!"деп өлеңін айтып береді.
Түлкі оған.
-Әнің өте жақсы екен.Бірақ жөнді ести алмай тұрғаным.Бауырсақ,сен менің тұмсығыма шығып,ән айтшы,-дейді.
Бауырсақ тұмсығына шыгып , өлең айтады.Сол кезде оны түлкі ұстап алады.
-Түлкі, сен мені жеп қайтесін!-дейді Бауырсақ.Жүр оданда біздікіне ,атам мен әжеме барайық.Олар сені тойғызады.
Түлкі келіседі.Жолшыбай өздерімен бірге Қоян,Қасқыр,Аюды ертіп алады.Олар келсе әжесі көп қаусырма пісіріп қойыпты.Қоянға орамжапырақ салынған,Қасқыр мен Түлкіге ет салынған,алАюға таңқурай салынған қаусырма тиеді.Ал бауырсақ терезенің алдында өзінің әнін айтып отырады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   78   79   80   81   82   83   84   85   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет