Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты



бет81/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

Тәрбиелік мақсаты: Балаларды алғырлыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Сұрақ жауап, әңгімелеу, түсіндіру, көрсету.
Көрнекілігі: Смайликтер
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі:

  • Бүгін мен сендерге «үйшік» ертегісін айтып беремін. Ендеше, мұқият тыңдаңдар. Бұл ертегі ерекше ертегі тақтада үйшіктің көрінісі және үшбұрыш пайда болады.

  • Орманда бір үйшік болыпты. Сол үйшікке қарай үшбұрыш жақындап келеді. Оның үйшікке қатты кіргісі келеді. Бірақ есікте құлып тұр екен.

Үшбұрыш: Ей, құлып, жылдам үйшікке кіргім кеп тұр.
Үйшік: Сен менің шатырыма ұқсайсын.Сен кімсің?


Үшбұрыш: Мен үшбұрышпын, үш бұрышым және үш қабырғам бар.
Үйшік: Сен балалармен бірге тапсырманы орындасаң кіргіземін.
І-тапсырма: Дидиктикалық ойын «Тұтас құрастыр»
Нұсқау:Мына суретте фигуралардың бөліктері берілген.Осылардың екі бөлігін біріктірсе тұтас фигуралар шығады.Қай геометриялық фигуралардан тұтас фигура құрастыруға болатынын табындар.
Шарты: Белсенді түрде геометриялық фигуралар құрастыру.
Үшбұрыш үйшікке кіріп, жарықты жағып сонда тұра бастайды..
Бір уақытта біреу есікті қағады.
Үшбұрыш: Бұл кім?
Психолог: балалар, бұл қандай пішін?
Дөңгелек: мен дөңгелекпін, менің бұрыштарым жоқ.Мен допқа ұқсаймын.
Дөңгелек: үйге кіруге бола ма?
Үшбұрыш: балалармен бір тапсырма орындасаң кіргіземін.
2-тапсырма: « Пішіндерді ата»
Суретте неше үшбұрыш,шаршы,дөңгелек,тік
төртбұрыш және т.б бар екенін анықта және фигураларды ата.
Психолог: Үшбұрыш шартты орындағаннан кейін дөңгелекті кіргізіп алады. Үшбұрыш пен дөңгелек бірге тұрып жатты. Үйшіктің маңында жаңа қонақ пайда болды.

  • Балалар, бұл қандай пішін? Шаршы.

Шаршы: Мен шаршымын, төрт бұрышым бар.

  • Мен терезеге ұқсаймын.

  • Сендермен бірге тұруға бола ма?

Үшбұрыш: балалармен бірге біздің тапсырманы орында, сонда есікті ашамыз.
3-тапсырма: «Қажетті түспен боя».
Мақсаты: түстерді тани білуге үйрету.
Үшбұрыштарды қызыл, шаршыларды жасыл ,дөнгелектерді сары,тіктөртбұрыштарды көк түспен бояу тапсырмасы беріледі.
Тәрбиеші: үшбұрыш шарт орындалғаннан кейін шаршыны кіргізіп алады. Сөйтіп тапсырманы орындап үйшікте үшбұрыш, дөңгелек, шаршы тату-тәті өмір сүріпті.

Сергіту сәті

  • Ал, балалар тұрайық,

  • Үшбұрыш біз құрайық

  • Шеңбер болып айналып

  • Көңілді біз болайық

Бекіту: Геометриялық пішіндерден үйшік,жүк көлігін,бағдаршам құрастыру ұсынылады.
Қорытынды: Не білдік? Не үйрендік? Ертегі ұнады ма?
Оқушыларды мадақтау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   77   78   79   80   81   82   83   84   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет