Сергіту сәті. «Тілекті тауып көр» ойыны.Бұл үшін бейнелі қабырғадағы көрнекіліктерде жасырылған сөздердің ішінен тілек сөзді тауып ойнайды. Сонымен бірге гүлдер мен жапырақтарда пайда болатын түстерді ажыратады.
Ендігі кезекте «Сиқылы тұқым» ертегіміздің жалғасын фетрадан жасалған бейнелі қабырға арқылы сөйлетейік. Қабырғада жылжымалы бейнелер суреттелген.Біздің еккен тұқымымыздан қандай өсімдіктер өсіп шығатынын көрейікші.(Бейнелерді пайдаланып оқушы ертегінің жалғасын өз ойымен жалғастырады)
Ертегідегі тұқымнан пайда болған қызанақ пен өзіміз бөлме ішінде ыдысқа отырғызып өсірген қызанақты салыстырып қарасақ, айырмашылығын байқауға болады.
-Қанеки, айта қойшы, қай қызанақтың тұқымы сиқырлы деп ойлайсың?
- Әрине, топырақта өсіп, хош иіс беріп тұрған қызанақтың жапырағы мен түйнегі өте тартымды.
(Бұл әдісті пайдалану арқылы оқушының сөйлеу тіліндегі спецификалық, біркелкі қиындықтарды түзету арттырылады. Оқушы заттарды ұстап, тұтыну арқылы ертегі құрастырып, өзінің танымын кеңейте алады.)
Сергіту сәті. Ақпарат құралдарынан алынған бейне фильмнен үзінді көрсетіледі. Үзіндіде әр түрлі шөптесін өсімдіктер мен жеміс- жидектер суреттелген. Үзіндіні көруге аздаған уақыт бөлінеді. Бұдан соң оқушы өзі көрген фильмдегі есіне сақтап қалған көріністерді ауызша баяндайды.(Бұл ретте оқушының есте сақтау қабілетінің деңгейі анықталады, психикалық даму ерекшеліктері зерделенеді.)
даму ерекшеліктері зерделенеді.)