Инклюзивті қолдау арқылы ерекше білім алуды қажет ететін балаларды кедергісіз ортаға кіріктірудің мазмұндық сипаты



бет76/148
Дата07.02.2022
өлшемі16,35 Mb.
#93729
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   148
Байланысты:
Әдістемелік құрал 2019 (1)

Психологиялық дайындық:
Оқушының алдына қарапайым тұз қойылып, дефектолог маман тұздан оқушы үшін шеңбер жасап береді. Тұздан жасалған шеңбердің бетіне өсімдіктердің түрлі тұқымдары жасырылып қойылады. Оқушы көзін жұма отырып, шеңбер шекарасынан шықпай, екі саусағын қимылдату арқылы тұқымдарды жинауы қажет. (Сабаққа дайындық барысында бұл тәсілді қолдану арқылы оқушының саусақ моторикасы дамиды, көңіл- күйі көтеріліп, сабаққа деген қызығушылығы пайда болады)


Ізденістік- ұйымдастырушылық:
Әңгімелесу: ( Оқушы мен маман арасындағы сұрақ- жауап жүргізіледі)
Мысалы,
- Қазір жылдың қай мезгілі?
- Көктем.
- Көктем айында табиғатта қандай өзгерістер болады?
- Табиғат оянады, күн жылиды, құстар сайрайды, жер көгереді т.б
- Көзіңді жұма отырып, шеңбер ішінен тауып алғаның қандай зат?
- Өсімдіктің тұқымы.
- Тұқымды не істейміз?
- Тұқымды егеміз.
Олай болса, біз екеуміз бүгін «Сиқырлы тұқым» деген жаңа ертегі құрастырып көрейік. Баяғы бір заманда сиқырлы тұқым өмір сүріпті. Өзі сондай ақылды, жан- жағына мейірімді, достарымен тату болған көрінеді. Сондықтан жылда топыраққа егіліп, әдемі өскіндеп, көрікті гүлдер беріп, табиғатты қуантады екен. Бұл тұқымның жақсылығына сүйсінген аспандағы күн де өз шуағын аямай төгетін көрінеді. Су да дән риза боп, суландырып тұрады. Сондықтан көптеген жылдар бойы осы тұқымнан дәрумені мол жемістер пайда болады. Ал сол сиқырлы тұқым бүгін сенің қолыңа түсіпті.Осы сәтті пайдаланып,біз де сиқырлы тұқымның кереметтілігін көрейік. Оны көру үшін қазір қолымызға арнайы ыдыс, топырақ, су алып тұқымды егейік. (Бұл ретте оқушының ой- танымы мен саусақ моторикасын дамытатын еңбек терапиясы қолданылады)

Қане енді еккен тұқымымыздың сиқырын байқау үшін бірнеше уақыт берейік. Оған дейін біз екеуміз табиғатқа сән беретін құстармен және балықтармен тілдесіп келейік.


Мысалы,
-Тордағы құстардың саны нешеу?
- Екеу.
- Құстар нені армандайды деп ойлайсың?
- Құстар еркін далада самғап ұшқанды армандайды деп ойлаймын.
- Балықтар шөптесін өсімдіктермен қоректенеді ме?
- Менің ойымша, балықтар шөп жейді. Қараңызшы, аквариумда шөптер өсіп тұр ғой. Арнайы жемінен бөлек, көк шөппен де қоректенетін болғандықтан аквариумға шөп түрлері салынады деп ойлаймын.
(Арнайы түзету бөлмесі ішінде орналасқан құстар мен аквариумдағы балықтармен оқушы сұрақ- жауап арқылы тілдеседі.Бұл тәсіл оқушының еркін сөйлеуін, өз ойын кез- келген ортада жеткізе алуына көмектеседі)

Жарайсың. Енді, бағанағы біз еккен сиқырлы тұқымға оралайық.
Мәссаған, неткен тамаша! Шынымен де біз еккен тұқым сиқырлы екен. Қандай әдемі өскіндер!




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   72   73   74   75   76   77   78   79   ...   148




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет