I.Ұйымдастыру(1 мин)
1. Оқушыларға қолайлы орта туғызу (Шаттық шеңбері)
2. Топтарға біріктіру Балалар бүгін біз топпен жұмыс жасаймыз.I топ,II топ III топ, IV топ болып бірігеміз. (Топ басшыларын сайлап, топқа ат қоюды.)(1 мин)
Балалар адам бойындағы керемет қасиеттерді атап шығайықшы.
1-топ Достық
2-топ Татулық
3-топ Бірлік
4-топ Ынтымақ
II. Үй тапсырмасын сұрау:(5 мин)
«Қауын мен қарбыз» ертегісі
«Галереяға саяхат» әдісі арқылы балалар диафильмдерін тақтаға іледі.
Әр топтан бір оқушы шығып қорғайды.
Оқушылардың жауаптары мадақтау арқылы бағаланады.
III негізгі бөлім(5мин)
1.Ой қозғау
Балалар мысал дегеніміз не?
Мысал деп -адам бойындағы кемшіліктерді сынап, адалдық, әділдік, қайырымдылық сияқты жақсы қасиеттерді мадақтап жазатын шығарманы айтады. Мұндай шығармада өсімдіктер мен жануарлар, аңдар мен құстар кейіпкер ретінде алынады.
Иван Андреевич Крылов
драматург мысалшы (1769-1844) - орыс жазушысы
Крылов есімі орыс жұртшылығына күлдіргі-сықақ жанрдағы шығармалары мен мысалдары арқылы белгілі болды.. Крыловтың көптеген мысалдары бар. Атап айтсақ: «Түлкі мен қарға», «Әншілер», «Піл мен Қанден», «Шегіртке мен құмырсқа» т.б.
Ахмет Байтұрсынұлы
Ақын, әдебиет зерттеуші ғалым, түркітанушы, публицист, педагог, аудармашы, қоғам қайраткері .Туған жері - қазіргі Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Ақкөл ауылы.
1882-84 жж. ауыл мектебінде оқыды. 1890 ж. Торғайдағы екі кластық, орыс-қазақ училищесін, 1895 ж. Орынбордағы мұғалімдер мектебін бітірген.
Орыс ақыны И.А Крыловтың мысалдарын Ахмет Байтұрсынұлы аударып, «Қырық мысал» деген атпен кітап етіп шығарған.
1873 жылы қазіргі ғалым, ақын «Тіл құралы», Торғай өңірінде «Қырық мысал» атты кітаптары дүниеге келген. Тұңғыш әліппені жазған.
Достарыңызбен бөлісу: |