Иновация сұрақтар-жауаптары 54-71 аралығы 54. Ынтымақтастық педагогикасы технологиясын тәжірибеде қолданып көрсетіңіз


Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендірудің алғышарттарын жазыңыз



бет7/23
Дата18.10.2023
өлшемі128,04 Kb.
#186300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23
Байланысты:
.Ино.С.Аяу54-71

60.Оқу-тәрбие үдерісіне инновациялық педагогикалық технологияны ендірудің алғышарттарын жазыңыз
61. Оқу-тәрбие үрдісіне инновациялық технологияларды ендірудің кезеңдерін жазыңыз (екі сұраққада бір жауап)

Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық педагогикалық жаңалықтарды енгізудің ІV кезеңін бөліп көрсетуге болады: I кезең: Жаңа идеяны іздеу. Ақпараттандыру жəне инновацияларды ұйымдастыру, жаңалықтарды іздестіру. ІІ кезең: Жаңалықтарды ұйымдастыру. Оқу-тəрбие үдерісінде жаңалық енгізулерді алғашқы байқаудан өткізу. ІІІ кезең: Жаңалықтарды енгізу. Оқу-тəрбие үдерісінде инновациялық əдіс-тəсілдерді пайдалану. IV кезең: Жаңалықтарды бекіту. Оқу-тəрбие үдерісінде енгізілген жаңалықтардың нəтижесін бағалау. Бүкіл дүниежүзілік білім беру кеңістігіне кіру мақсатына қазіргі кезде Қазақстанда білімнің жаңа жүйесі құрылуда.


Бұл үдеріс педагогика теориясы мен оқу-тəрбие үдерісіне нақты өзгерістер енгізумен қатар елімізде болып жатқан түрлі бағыттағы білім беру қызметіне жаңаша қарауды, қол жеткен табыстарды сын көзбен бағалай отырып саралауды, жастардың шығармашылық қабілетін дамытуды, мұғалім іс-əрекетін жаңаша тұрғыда ұйымдастыруды талап етеді. Жаңа педагогикалық технологиялар оқушылардың шығармашылық қабілеттерін арттыруға көмектеседі. Қазіргі заманғы педагогикалық технологиямен жұмыс істеу үшін төмендегідей алғышарттар қажет: 22 23 - оқу үдерісін интенсивтендіруді жаппай қолға алу; - оқушылардың сабақтастығын болдырмау шараларын кешенді түрде қарастыру. Оның ғылыми-əдістемелік, оқыту-əдістемелік, ұйымдастырушылық себептеріне үнемі талдау жасап, назарда ұстау, жаңа буын оқулықтарының мазмұнын зерттеп-білу пəндік білім стандартымен жете танысу, білімді деңгейлеп беру технологиясын меңгеру арқылы оқушыларға білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу, оқыту үдерісін ізгілендіру мен демократияландыруды үнемі басшылыққа алу қажет. Оқытудың инновациялық технология бойынша əдістемелік жүйесі сапалы нəтижеге жеткізуге мүмкіндік беретін танымдық іс-əрекеттер түрлерінің мазмұнымен тікелей байланысты. Сондықтан инновациялық əдіс-тəсілдерді оқыту үдерісіне енгізу барысында танымдық іс-əрекеттер түрлерінің мазмұнын, белгілі деңгейде белсенділігін көздейді. Осы екі үдерісінің өзара сапалы нəтижесінде оқушының өз ісіне сенімділігін, жауапкершілік сезімін, шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру мақсатын жүзеге асыруға жағдай туғызатын оқытудың инновациялық негізгі түрлері анықталады. Инновациялық үдерістің негізі – жаңалықтарды қалыптастырып жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Инновация білім деңгейінің көтерілуіне жағдай туғызады. Білім сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технологияларды оқып, үйреніп, сараптай келе, мынадай тұжырым жасауға болады: - оқушылардың білім, білік сапасын арттырудағы жаңа инновациялық технология түрлері сан алуан, оларды таңдау жəне одан шығатын нəтиже оқытушының кəсіби біліктілігіне тікелей байланысты; - жаңа инновациялық технологияларды енгізу жүйелі əрі мақсатты түрде жүргізілгенде ғана жетістікке жетуге болады; - жаңа инновациялық оқыту технологияларын енгізу барысында əрбір оқу орнының материалдық-техникалық базасының бүгінгі талапқа сай еместігі, əрі жетіспеуі, кадрлық əлеуеттің төмендігі көп кедергі жасайды. Қазіргі жас ұрпақтың саналы да сапалы білім алуының бірден-бір шарты – оқу орындарындағы білім беру үдерісіне жаңа инновациялық технологияларды енгізу екендігі сөзсіз түсінікті. Сондықтан ғылыми-техникалық прогрестен қалыспай, жаңа педагогикалық инновацияларды дер кезінде қабылдап, өңдеп, нəтижені пайдалана білу – əрбір ұстаздың негізгі міндеті болып табылады. Біздің ойымызша, оқу орындарында инновациялық басқару жүйесін енгізіп, оны жүзеге асыру – міндет. Қорыта келгенде, жаңа инновациялық педагогикалық технологияның негізгі, басты міндеттері мынадай: - əрбір білім алушының білім алу, даму, басқа да іс-əрекеттерін мақсатты түрде ұйымдастыра білу; - білім мен білігіне сай келетін бағдар таңдап алатындай дəрежеде тəрбиелеу; - өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту; - аналитикалық ойлау қабілетін дамыту.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет