63.Оқытуда педагогикалық ынтымақтастық қағидаларын түсіндіріңіз
Бұл сұрақтың жауабы 54-ші сұрақтың жауабында бар.
64.Оқытуда педгогикалық инновацияны пайдалану мүмкіндіктерін жазыңыз (жауап толық емес сондықтан гуглдан ізденулеріңді сұраймын)
Педагогикалық инновациялар мағынасына, мазмұнына, нəтижесіне қарай екі түрге бөлінеді:
- білім беру жүйесіндегі инновациялар;
- оқу тəрбиелеу жұмысының жоспарлары мен бағдарламаларының мазмұны мен құрылысына жататын инновациялар.
Жаңа инновациялық оқыту технологиясы кəсіптік қызметтің ерекше түрі болып табылады. Инновациялық оқыту технологиясын меңгеру үшін педагогикалық аса зор тəжірибені жұмылдыру қажет. Бұл – өз қызметіне шығармашылықпен қарайтын, жеке басының белгілііскерлікқасиетібарадамдықажетететінжұмыс. Шындығында да əрбір педагог жаңа инновациялық технологияны меңгеру барысында өзін-өзі дамытады жəне өзін-өзі қалыптастырады. Инновациялық технологиялар – ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделген əдістер.
Отандық дəстүрлі педагогика тəжірибесінде оқыту əдістері үш топқа бөлінеді:
Оқу танымдық қызметті ұйымдастыру және жүзеге асыру әдістері
Ауызша, көрнекі тәжірибелік (оқу материалын баяндау көзі бойынша)
Өсімпаздық, түсіндірмелі- бейнелі, ізденістік, зеттеушілік, мәселелік және т.б. (оқу танымдық қызметтің сипаты бойынша)
Индукциялық және дидукциалық (оқу материалын баяндау және түйсіну қисыны бойынша)
Оқу танымдық қызметтің тиімділігін бақылау әдістері
Білімдерді, қабілеттер мен дағдыларды меңгеру нәтижелерін ауызша, жазбаша тексерулер және өзіндік тексерулер.
Оқу танымдық қызметті ынталандыру әдістері
Білімдерді, қабілеттер мен дағдыларды меңгеруде ынтаның жауапкершілік сезімінің міндетемелерлдің, мүдделердің қалыптасуын көтермелеу.
Осы аталған көрсеткіштердің əсерінен білім, кəсіп, іскерлік, ісəрекет, игеру, нəтиже құралады. Білім жалпы, кəсіби, техникалық, арнайыбілімболып бөлініп кəсіппен ұштасады. Ал кəсіп – мамандық таңдау, мамандықты меңгеру. Білім алып кəсіп иесі болу үшін іскерлік қажет. Іскерлік – оқу, білім, кəсіп, тəжірибе, ізденушілік, өзіндік жұмыс, іс-шаралар, дағдыдан туындайды. Іскер болу үшін іс-əрекетті меңгеру қажет. Іс-əрекет əрекеттен, операция, қимылқозғалыстан тұрады. Барлық үдеріс байланыса орындалғаннан соң нəтиже көрсеткіші пайда болады.
Достарыңызбен бөлісу: |