Иновация сұрақтар-жауаптары 54-71 аралығы 54. Ынтымақтастық педагогикасы технологиясын тәжірибеде қолданып көрсетіңіз


Сыныпта «Ұжымдық оқыту» технологиясын пайдалану жолдарын көрсетіңіз



бет2/23
Дата18.10.2023
өлшемі128,04 Kb.
#186300
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23
Байланысты:
.Ино.С.Аяу54-71

55.Сыныпта «Ұжымдық оқыту» технологиясын пайдалану жолдарын көрсетіңіз.

Мақсаты: əр оқушының қабілетін дамыту, еңбек етуге баулу ұйымшылдық қабілеттерін ояту, ынтымақтастыққа тəрбиелеу. Өзінөзі басқаруға, байқампаздыққа жетелеу. Ерекшелігі: 1. Жекелей оқыту. 2. Жұптық оқыту. 3. Топтық оқыту. 4. Ұжымдық. Оқушы-оқушы, оқушы-оқытушы, оқушы-үйретуші міндеттерін атқарады. Талаптары: - Əр оқушының еңбегі пайдалы болуы керек. - Өзінің ғана емес, басқаның да еңбегіне жауапкершілікпен қарау. - Өзі оқи отырып өзгені оқыту. - Түсінбегенді түсіндіру, меңгергенше меңгерту. Технологияның жүргізілу кезеңдері: 1. Тапсырмаларды даярлау кезеңі: - берілген тапсырмамен танысу; - шағын бөлімдерге бөлу; - əр бөлімдерге ат қою; - жоспар құру; - жоспарға сүйене отырып, текст мазмұнын меңгерту; - тексеру сұрақтарын даярлау. 2. Тапсырман екінші оқушыға түсіндіру кезеңі: - тақырыптың мақсаты не? - жоспармен таныстыру; - мазмұнын түсіндіру; - бақылау сұрақтары бойынша түсінгенін зерттеу. 3. Өз бетінше жаттығу жазу, тəжірибе жасау, есеп шығару, шығарма жазу, түсінгенін баяндау кезеңі. Тəрбиелік мəні: 1. өзін-өзі басқару; 2. өзіне-өзі қызмет ету; 3. жауапкершілікті сезіну; 4. басқаның еңбегін бағалай білу; 5. ұқыптылық; 6. белсенділік; 7. адалдық; 68 69 8. байқампаздық; 9. зейінділік; 10. ынтымақтастық; 11. ұжымдық; 12. бірі бəрі үшін, бəрі бірі үшін принципінің орындалуы.


Ұжымдық өзара оқыту технологиясын (ұйымдастырылған диалог, байланыстырушы диалог, талгенизм таланттар жəне дарындылар, оқудың ұжымдық тəсілі, ауыстыру құралында оқушылардың жұппен жұмысы) А. Г. Ривин жəне оның оқушылары мен ісін жалғастырушылары (В. К. Дяченко, М. Д. Брайтермен, А. С. Соколов, т.б.) жасап шығарған. Мұндай технологияда оқу материалын дайындау оқу мəтіндерін, қосымша жəне анықтама, сабақ тақырыбы бойынша (немесе сабақтар циклі бойынша), оқу мазмұнынмеңгерубірлігінебөлу (авторлықнұсқадаойлаусағаттары), мақсатты тапсырма жасау, оның ішінде үй тапсырмаларын жасау жатады. Оқушылар екі кезеңді бағдарға алады: - дайындық, қажетті жалпы оқулық біліктер мен дағдыларды қалыптастыру жəне өңдеу мақсатындағы; кеңістікті бағдарлау; жолдасыңды тыңдап, оның не айтып отырғанын есту; шулы ортада жұмыс істеу; қажетті ақпаратты табу; жекеше есеп парақтарын қолдану; белгілі кейіпкерді сөзге жəне сөзді кейіпке айналдыру. Бұл біліктер арнайы тренингтік сабақтар кезінде іске асады; - таныстырушылық, жалпы элементі «ойын ережесін» меңгеру, мақсатты ұстанымды хабарлау, өңдеу мінезімен нұсқау жəне оқу қорытындысын есептеу тəсілі болып табылатын əртүрлі модификациялары бар. Оқу сабағының жүрісі сабақ мазмұнының жасына, оқу материалының көлемі мен оны меңгеруге кететін уақытына қарай, таңдалған технология нұсқасына байланысты əр түрлі өтуі мүмкін. Ұжымдық өзара оқыту технологиясы келесі сатылардан тұрады: - əрбір оқушы өзінің іс-əрекетін анықтайды (бұл əріп, буын, сөз, сөйлем, мəтін бөлігі, суреттеме, мінездеме, буын немесе оқулық тарауы, статья, тарихи құжаттар жəне т.с.с болуы мүмкін); - қасыңдағы оқушымен білім алмастыру рөлдік ойын «мұғалім – оқушы» ережесі бойынша. Рөлдерді ауыстыру міндетті түрде қажет. Мұғалім жаңа сабақ тақырыбының өз нұсқасын, өзінің жоспарын ұсынады, қойылған сұрақтарға жауап береді, бақылау сұрақтарын немесе тапсырмалар жəне т.с.с ұсынады. Бұл саты білім алмастырумен аяқталады; - жаңа ғана қабылданған ақпаратты өңдеу жəне өзара оқытуға жаңа жолдас іздеу жəне т.с.с. Орындаған тапсырмалар есебі не жекеше карточкалар немесе ұйымдастырылған диалогқа қатысқандардың ата-тектері жəне барлық оқу элементтері көрсетілген топтық құжаттар жүргізіледі. Ұжымдық өзара оқыту технологиясы жағдайында əрбір оқушы өзін еркін ұстайды, жекеше түрде жұмыс істейді. Онда тек қана өзінің жетістіктеріне ғана жауап бермей, сонымен қатар ұжымдық еңбек қорытындысына да жауапкершілігі жоғарылайды, тұлғалық өзін-өзі бағалау, өзіндік мүмкіншіліктері мен қабілеттері мəртебесі мен жұтаңдығын бағалау қалыптасады. Мұғалімде біреулердің алға жылжуын азайту мен кейбіреулерді алға итермелеуді іске асыру қажеттілігі жоғалады, бұл ұжым микроауданына дұрыс əсер етеді. Бір ақпаратты бірнеше ауыстырмалы жұптарымен талқылау, ассоциативті байланыстар санын көбейтеді, олай болса, неғұрлым тереңірек меңгеруге əкеледі. 230 231 Ұжымдық оқыту тəсілі дəстүрлі оқыту түрлерін қоса қамтиды, яғни ұжымдық оқытуда дəстүрлі жеке жұмыс түрі, жұппен жəне топтық жұмыс түрлері қолданылады. Сонымен көрсетілген өмірдегі адамдар арасындағы қарым-қатынас құрылымдары, бізге – оқу үдерісінде 4 ұйымдастыру түрін береді: жеке, жұптық, топтық жəне ұжымдық; оларды В. К. Дьяченко ортақ немесе құрылымдық деп атайды. Оқу үдерісі тек қана осы түрлер арқылы іске асады. Ұжымдық түрлердің мінездемесіне тоқталмас бұрын, топтық түрдің негізгі белгілерін қарастыру керек, себебі көптеген авторлар М. Д. Виноградова, В. В. Давыдов, Г. Г. Кравцов, Х. И. Лиймеж бригадалық (топтық) жəне ұжымдық-бөліну жұмыстарын ұжымдық деп қате таниды. Топтық түрінің негізгі ерекшеліктерін былай бөлуге болады: 1. Қарым-қатынастың топтық құрылымы; 2. Негізгі талап: бір адамды таңдау мүмкіндігі үшін жалпыға бірдей тыныштық, яғни қарым-қатынастың əрбір сəтінде тек қана бір адам сөйлей алады; 3. Негізгі жақсы жағы: топ мүшелерінің білуі жəне істеуі тиіс нəрсенің барлығы бір уақытта барлығына түсіндіріліп көрсетіледі; 4. Əдебиетте кəсіби педагог, яғни арнаулы білімі бар мұғалім оқытады; 5. Əрбір оқушы мұғалімнің айтқанын үндемей қабылдауға тиіс, сондықтан оқуға деген селқостығы болады; 6. Əрбір оқушы тек өзіне жəне өзінің жеке басының жетістігіне қамқорлық жасайды жəне қамқорлық жасауы тиіс. Яғни, ол өзіне ғана өз білімі мен тəртібіне жауап береді; 7. Оқушылардың қоғамдық пайдалы іс-əрекеттері болуы мүмкін емес, өйткені өзі үшін ғана оқиды; 8. Оқушы педагогикалық ықпал жасаудың тұрақты объектісі, сырттай қараушы тірі жəндігі; 9. Жолдастарымен қарым-қатынас жасауға рұқсат берілмейді; 10. Оқушылар арасында жалпы ынтымақтастық пен жолдастық өзара көмек жоқ. Ал, звено бригадасы арқылы оқытудың ерекшеліктеріне тоқталсақ, олардың шамалы айырмашылықтары бар, бірақ мəнін өзгертпейді. Бұл мынадай ерекшеліктер: - топ 3-8 адамдық тұрақты құрамынан тұрады; - біреуі топты оқытып-үйретеді; - кейбір жекелеген оқушылар оқытушы ретінде бола алады (шамалап) 20% ғана жəне т.б. Осыған ұқсас ұжымдық оқыту жұмысы. Айырмашылықтары тек қана аттарында: педагогикада топтық жұмыс (звено-бригадалық) психологияда ұжымдық бөлу (кооперация түрі бойынша) дейді. Көрсетілген аттар мұғалімдер мен əдіскерлерді шатастырады. Ұжымдық жұмыс түрі – жалғыз; топтық, тіпті жекеменшік жұптық жұмыс ұжымдық ешқашанда бола алмайды. Ұжымдық оқыту деп біз ұжым əр өзінің мүшесін жəне əр мүше өз жолдастарын оқытып тəрбиелегенді айтамыз. Олай болса, ұжымдық оқу түрі – үйретушілер мен үйренушілер арасындағы ауыспалы жұптағы қарым-қатынасы деп танимыз. Ұжымдық оқыту түрінің нағыз мағынасы осындай. Сондықтан топтық жəне ұжымдық жұмысты шатастырмау керек. Ең алғаш оқытудың ұжымдық түрін 20-шы жылдары А. Г. Ривин өз істəжірибелерінде қолданған болатын. А. Г. Ривин əдістемесінің тиімділігін өзінің шəкірттері, ізбасарлары жаңартып, оқырман қауымға, ұстаздарға ұсынып отырады. А. Г. Ривинсолкездерінесіне түсіріп: олкездеменіреволюциялық пафос қамтыды (қаптауы) мен сөткелеп жұмыс істеуге дайын болдым. Аз ұйықтадым, шаршамадым. Менің жағдайым балаларға беріледі, олар мені түсінді. Бізді үнемі жетістіктер қуантып отырды. Қазіргі мектептерде буынға, сөзге, сөйлемге бөліп оқытады. Ал, А. Г. Ривиннің əдістемесі бойынша буынға бөліп емес, абзацпен оқытып үйретеді. Əрине, бұл өте қиын əрі күрделі тəсіл. Бұл күрделі іскерлікті қалыптастыру үшін өзгеше дəнекерлік болып табылады: оқушылар əрбір бет, параграф, тақырып бойынша оқып үйренеді. ВиталийКузьминДьяченко өзінің «Оқыту үдерісін ұйымдастыру ортақ түрлері» (Красноярск, 1984) атты монографиясында абзацтық оқуды атап көрсеткен. Соңғы жылдары пайдаланып жүрген сабақтың жаңа түрлерінің бірі – сабақтағы жұмыстың топтың түрі. Яғни, ұжымдық тəсіл. Топтық жұмыс кезінде оқушылар бірінің білмегендерін екіншісінен біледі, біріне-бірі айтады, сыныпта өзінің қабілеттерін көрсетеді. Бұл бара-бара əдетке айналса жақсы. Мұғалім даярлап келген қиындықтары бар əр түрлі сұрақтарға жауап беріп, тəжірибелерді қайталап жасап, түсінік беруге қалыптасады. Мұғалімнің іс-əрекеті сабақта оқушылардың жұмыстарын ұйымдастырушы ретінде мақсатқа жету жолында жаңа, озық 232 233 əңгімелерді кеңінен қолданып, оқу-тəрбие ісін ұтымды етуден жеткізуге түседі, нақты жағдайларды ескеріп түрлендіріп отыруға үйретеді. Сабақтарда оқушылармен топтық жұмыстарды ұйымдастыра жəне жүзеге асыра келе, белгілі мақсаттарға жете отыра бірнеше қағидалы мəселелерді шешеді. Олар мынандай қағидаларға жіктеледі: 1. Пəндерді оқыту барысында сабақтағы топтың əр түрлі мүмкіндіктері бар екендігін ескеру қажеттілігін талдаулар көрсетеді, атап айтқанда: - оқу материалдарын талдауға, салыстыруға жəне бірін-бірі толықтыруға қатысты тапсырмалар таңдай білу; - жаттығулар мен есептеулер жүргізілетін тапсырмалар; - бірнеше варианттық жауаптарынан дұрысын дəлелдеулер арқылы ақиқатын анықтау; 2. Бірін-бірі түсінетін, бірігіп оқу материалдарын пысықтайтын, қайталайтынжауаптарына дəлелдер келтіріп, талдаужүргізіп, сапалы еңбек ететін топты ұйымдастыру. Бұл арада оқушылармен ақылдаса, білім деңгейлерін ескеріп, жеке психологиялық ерекшеліктерін, мүмкіндіктері мен қабілеттерін ұмытпаған абзал; 3. Оқушылардың білімдері мен қағидаларына бағалау жасауда олардың оқу, еңбек ету, талпыну-ұмтылуларын есепке алып, басқа пəн мұғалімдерімен, сынып жетекшілерімен ақылдасып, еңбек нəтижелерін салыстыру арқылы тапсырмаларды жүйелі жалғастыру. Əрбір топта үлгерімдері əр түрлі, талаптары, ынталары түрліше, ер жəне қыз балалардың 4 жəне 5-тен алынып бірге ойласа жауап беретін сұрақтар жауаптары тыңдалып, сапалы сұрыптау, талдау жасалып, түсініктеме беріліп, топтардағы табыстарына қажетті шарттарына талдау жүргізіліп, қорытынды тұжырымдар жасалады. Үйге берілген тапсырма жəне жаңа сабақ материалдары негізінде дайындалған 3 сұрақтан тұратын тапсырмаларға 4 оқушыдан топтасып 6 топ 10-15 минут бойына бірлесе отыра, жазбаша жауаптарын даярлайды. Əрбір топтың жауаптарын басқа топ мүшелері оқып, бүкіл сынып болып талдап, қорытындылай келе бағалайды. Ұжымдық жұмыс барысында басты нəтиже: күнделікті оқып, қайталауға мəжбүр болып, жүйелі оқуға қалыптасады, тəрбиесі жақсарады. Сабақтың түрлерін, құрылымын ғылыми жəне əдістемелік тұрғыдан түрлендіріп оқытулар нəтижелі, мақсатты болатындығын айтқан жөн. Ұжымдық жұмыс барысында оқушылардың жазбаша жəне ауызшажауаптарын, олардың қызыға оқып, қайталайтындығын байқау қиын емес. Маңыздысы жауаптары жүйелі, формула, түсініктер, мысалдар, есептеулер түсіне оқуға ұмтылғандарын білдіреді. Ұжымдық оқыту, жұмыс істеу барысында алда туындайтын қиындықтар жоқ емес, атап айтқанда бұл жұмысты əдістемелік ұйымдастыруда: - оқушыларды үлгерімі, тəртіптері, талаптары, ынталары бойынша бөлуде; - оқушыларға даярланатын сұрақ тапсырмаларды даярлауда жəне нəтижелерін талдап бағалауда; - сабақтың тақырыптарына байланысты əрбір жеке оқушыға нақты сұрақтар даярлауда күрделі жəне қарапайым, қиын жəне жеңіл, жай жəне ойландыратын, дəлелдеуді қажет ететін, қорытып шығаратын, жаза салатын т.б.; - жұмыстың əрбір кезеңдерін де уақытша ұйымдастырулар, түрлендірулер; - əрбір топтың жұмысына объективті жəне негізделген бағалау; - жұмыс барысында оң нəтижелерді бөліп алу жəне оны игеру, ұжымды болса дамыту, жетілдіру, іс жүзінде пайдалануға жету жолында еңбек ету. Сабақты топтық оқытудың педагогикалық мақсаты оқушылардың өз бетінше, əрбір оқушының жеке өзінің оқуын жүзеге асыруда, олардың танымдық белсенділігін арттыру, əрбір жеткіншектің қайырымдылығын дамыта түсу, бірін-бірі түсінуге жеткізіп, сезімталдықтарын жетілдіріп, қол ұшын беруге əзір екендігін күшейте беру. Сондықтан сабақтағы топтық жұмыс, ұжымдық тəсіл ең тиімді. Себебі оқушыларды тегіс сабаққа қатыстыруға көмектеседі. Жеке бастың толығымен жан-жақты даму үшін жоғары дамыған ұжым қалыптастыру қажет. Ол үшін шындық негізінде ұйымдастырылған ұжым қажет. Бұл дегеніміз білім беруде оқыту үдерісіне қарастырылған əрбір субъект, алдымен оқушылар, əр бірін, ал əрбірі бəрін оқытып тəрбиелейді. Ұжымдық оқытудың тəсілі ұжымдық формада, яғни дəстүрлі технологиядан бөлек ұйымдастырылады. Ұжым – бұл мүшесі екі адамнан асатын адамдардың бірігуі, егер педагог бір оқушымен жұмыс істесе, онда бұл оқыту индивидуалды 234 235 болады. Сондықтан бірігуімен өзара көмекке қарамастан оқытудың жұпталған формасы ұжымдық оқытуға жатпайды. Негізінде жоғарыда айтылған пікір де мəселені осылай қарауды талап етеді, яғни қорытып айтсақ ұжымға берілген анықтамалардың мəнін анықтауға əрекет жасадық, өйткені барлық дидактиканың категориялары осы ұғым арқылы айқындалады. Сол мақсатпен біз осы мəселе туралы көптеген арнайы əдебиеттерді зерттеп, педагогикада көп таралған тұжырымдарға тоқталып талдау жасадық. «Ұжымдық» оқыту дегеніміз – ұжым əр мүшесін оқытады жəне əрбір мүше бəрін оқытады деп түсінеміз. «Ұжым» – оқытуда əдістемелердің пайда болуы, «ұжым» – бұл мұғалім мен оқушының қарым-қатынастары болып саналады. «Ұжым» – бұл қарым-қатынас барысында болатын басқармалы таным. Талдау қорытындысы бойынша ешбір тұжырымда оқытудың мəнін ашпайды да, тек сипаттамасын береді немесе оқытудың бір жағын ғана көрсетеді физиологиялық, психологиялық, бірақ тұтас оқыту емес. Олардың бəрін оқытудың мəнін ашудағы кезеңдер деп түсінуге болады. Ұжымдық оқыту əдістемесін əр түрлі пайдаланады. Қарымқатынас құрылымына сəйкес оқытудың ұйымдастыру түрлері бар. Олар: 1. Жеке дара (жанама түрдегі қатынас); 2. Жұптық (тұрақты жұптағы қатынас); 3. Топтық (топтық қатынастың құрылымы). Ол қатысушылардың санына қарап екі түрге бөлінеді: жалпы сыныптық (фронтальдық) жəне звено-бригадалық; 4. Ұжымдық (ауыспалы жұптағы қатынас). Өкінішке орай, ұжымдық оқыту тəсілі сол кездегі педагогтер, əдіскерлер тарапынан қолдау таппады. Мектептер көп жылдар бойы ресми мемлекеттік қаулылар бекіткен əдістемелер мен əдіснамалық қағидалар бойынша жұмыс істеді. Оқытудың ұжымдық тəсілінің көкейтестілігін қазіргі заманғы білім берудің қарама-қайшылықтары мен пайда болған мəселелерді шешу жолдарын ұсынады. Дəстүрлі оқыту дағдарыстары оқытудың төмендегі қарама-қайшылықтардан көрінеді. Оқытудың ұжымдық тəсілінің ерекшелігі келесі үдерістердің сақталуына байланысты: - Оқушылардың жұптарының ауысып отыруы. - Олардың өзін-өзі оқытуы. - Өзара бақылау. - Өзара басқару. Оқушылар ұжымында барлығы бірін-бірі жəне əрқайсысын оқытады. Оқытудың топтық тəсілі мен оқытудың ұжымдық тəсілінің айырмашылығы бар. Оқытудың топтық тəсілінде ұжымда тек бір адам ғана – мұғалім немесе кеңесші қатысушы рөлін атқарса, оқытудың ұжымдық тəсілінде бір мезгілде бірнеше оқушы басқаларына əсер етеді. А. Г. Ривин əртүрлі жағдайларда қолданылатын оқытудың ұжымдық тəсілінің бірнеше əдістемесін атап көрсетті: - кез келген оқу пəні бойынша мəтіндік материалды оқу; - мəтінді өзара алмасу; - тапсырмаларды өзара алмасу; - оқулық бойынша есеп пен мысалдарды шығару; - өзара диктанттар жазу - жұптасқан түрде өлең, тақпақтар жаттау; - жұптасқан түрде жаттығуларды орындау; - сауалнама бойынша жұмыс; - шет тілін оқу. Бастауыш мектепте ұжымдық оқытуды ұйымдастыру. 1. Бастауыш мектептің кез келген пəнінде оқулық бойынша мəтіндік оқу материалын оқыту жоспарланады. Ол үшін берілген оқу материалы бірнеше бөлікке бөлінеді. Бастауыш сыныптарда мəтін көлемі аз болуы керек. Əр оқушы өз бетінше жеке жұмыс істейді. 2. Бір партада отырған екі оқушы бірігіп мəтіннің бірінші бөлігін оқуға кіріседі. Біреуі мəтінді ақырын дауыспен оқыса, екіншісі мəтіннің дұрыс оқылуын қадағалап отырады. Содан соң екеуі бірігіп мəтіннің мазмұнын талдайды, демек, біреуі мазмұнын айтып, екіншісі толықтырып отырады. Сонымен қатар басқа оқу материалдарынан да үзінділер келтіруге болады. Бастауыш сынып оқушылары мəтіннің осы бөлігіне ат қойып, оның жоспарын құрады. Жоспар құру барысында талас туындап, мəтін жан-жақты талданып, оқушылардың ойлау қабілетіне жағымды жағдай туады. Содан соң бастауыш сынып оқушылары мəтіннің бөлігіне қойылған атын жəне қарастырылған жоспарды дəптерлеріне жазып, тарасады. Мəтіннің екінші бөлігін талдау үшін əрқайсысы өзіне жаңа жұп таңдайды. Егер мұғалім өзінің оқушыларының қабілетін жақсы білетін болса, онда кіммен бірігіп жұмыс істеуге болатынын айта алады. Бірақ бұл міндетті емес. 236 237 3. Жаңа жұптарда оқушылар бірінші бөлімнің қысқаша мазмұнын қайталайды. Олар жоспарды салыстырып, өзгертіп, түзетеді. Біреуі бірінші бөлімнің мазмұнын айтса, екіншісі айтып отырған баланың дəптеріне қарап, қажет кезінде түзетіп, толықтырады. Содан соң олар бірінші жолғыдай мəтіннің екінші бөлімін талдайды. Осылайша мəтін аяқталғанша жұптарын ауыстыра отырып, жұмыс істейді. 4. Мəтінді талдау барысында ақырғы жұптың жұмысы маңызды. Мəтіннің ақырғы бөлігін талдаған жұп кезекшіге немесе мұғалімге жұмысты аяқтағаны жөнінде айтады. Осылайша оқушы оқылған тақырып бойынша кіші немесе үлкен топта жұмыс істеуге дайын. 5. Мəтіннің барлық бөлімін талдаған оқушылар 4-6 адамнан кіші топтар құрайды. Олар өздеріне жүргізушілер тағайындайды. Жүргізуші өзіне жəне əр оқушыға материалды айтып шығу үшін сөз береді. Топ əр оқушыға баға қояды. Жүргізуші баға қойылған қағазды мұғалімге береді. Мұғалім өз кезегінде 2-3 оқушының білімін тексеруі мүмкін. Оқушылар өз жолдастарының білімін дұрыс бағалайтындықтан мұғалімнің бағасымен тура келіп отырады. Барлық бағалар сынып журналына қойылады. Тапсырмалармен өзара алмасу, бірыңғай тапсырмаларды орындау бастауыш сынып оқушыларының білім, білік, дағдыларын игеруде таптырмайтын əдіс. Бастауыш сынып мұғалімі математика сабақтарында оқушыларға бір жолмен шығарылатын бірыңғай тапсырмаларды береді. Осындай тапсырмалардың бірнеше жұбы карточкаларға жазылып, нөмірленеді. Мысалы, 4-сынып оқушысы Асқаров бірінші тапсырманың барлығын шығарса, Асанов екінші тапсырмалардың жауаптарын біледі. Осындай болған жағдайда жұптаса жұмыс істей отырып, олар тапсырмаларымен алмасады. Бұл алмасу былайша жүзеге асады: Асқаров Асановтың бірінші тапсырмадағы теңдеуін қайта шешу арқылы үйренеді. Осылайша ол Асановтың барлық сұрақтарына жауап беріп, теңдеудің шығару жолын түсіндіреді. Теңдеудің шешуі немесе қажетті жазуларды ол Асановтың дəптеріне жаза алады. Тура осындай жолмен Асқаров екінші тапсырмадағы теңдеулерді шешу жолын Асановқа үйретеді. Бұдан соң тапсырмадағы екінші теңдеулерді өз беттерінше шығарады да, дұрыстығын тексереді. Осылайша олардың жұптасып жұмыс істеуі аяқталып, олар өздеріне басқа серік іздейді. Əрбір оқушыөзінің тапсырмасын орындап, ауыспалыжұптардан басқа тапсырмаларды шешуді үйреніп, басқаларды үйретуге дайын болған кезде ұжымдық оқыту түрі енгізілді деп есептеледі. Егер қандай да бір тапсырманы орындай алмаған жағдайда мұғалім түсіндіру жұмысын жүргізеді. Тапсырмаларды орындау кезінде білім-білік дағдыларын оқушының игергенін мұғалім белгілеп отырады. Əр оқушының аты-жөнінің қарсысында тапсырманың нөмірлері жазылған графаға нүкте қойылады. Бұл нүкте оқушы осы тапсырма бойынша тапсырманың орындалу жолын түсіндіре алады деген сөз. Жұптық жұмыс аяқталған кезде нүктенің орнына «+» таңбасы қойылады. Əр оқушы əртүрлі оқушымен берілген барлық тапсырманы орындап шығады. Ең алдымен 5-7 оқушыдан тұратын бірнеше топтар ұйымдастырылады. Бұл топтар карточкадағы тапсырмалар бойынша жұмыс істейді. Біраз уақыттан кейін əр топтан барлық тапсырмаларды игереген оқушылар бөлініп шығады. Олардан басқа карточкалардағы тапсырмаларды орындайтын жаңа шағын топтар пайда болады. Оқушылардың іс-əрекетін бақылайтын карта жеке, топтық немесе сыныптық болуы мүмкін. Тапсырма алған оқушының карточкадағы аты-жөнінің тұсына нүкте, тапсырманы орындап болған соң баға қойылады. Бұл технологияны тəжірибеде іске асыру бастауыш сынып оқушыларының тақырыпты оқыту циклін өтуге қажетті уақыт бойынша «дамуының» мақсаттылығын көрсетеді. Оқыту циклі түрінде бастауыш сынып мұғалімі мен оқушылардың іс-əрекеттерінің жиынтығы түсіндіріледі, бұл оқушының алдын ала көрсеткіштері берілген мазмұнды белгілі бір бөлігін меңгеруге əкеледі. Қорыта келе, бастауыш сынып оқушыларының үлгерімі, білім сапасының жоғары болуы, ең алдымен бастауыш сынып мұғалімінің өз міндетіне, қатынасына, көзқарасына, шеберлігіне байланысты. Бала мектеп табалдырығын оқып-үйренуге деген үлкен ынтамен, ықыласпен аттайды. Оларды қабілетті жəне қабілетсіз деп бөлуге болмайды. Ал мұғалім өз міндетін тек оқыту, түсіндіру деп емес, ең алдымен, оқушылардың оқу еңбегін танымдық оқу іс-əрекетін сауатты ұйымдастыру, басқару деп білуі тиіс. 238 239 Қандай əдіс-тəсіл болса да, əр оқушыны ойлантуға жетелеумен бірге, оны ортаға салуға, басқалармен пікір таластыруға тиіс. Өз ойымен тұйықталған баланың ойлау қабілеті еркін дамымайды.
Н.Ә. Назарбаев білім және ғылым қызметкерлерінің ІІ съезінде: «Болашақта еңбек етіп, өмір сүретіндер – бүгінгі мектеп оқушылары, мұғалім оларды қалай тәрбиелесе, Қазақстан сол деңгейде болады. Сондықтан да ұстаздарға жүктелетін міндет өте ауыр», – деген.
Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана емес, тарихи танымы мол, педагогикалық-психологиялық сауатты, озық педагогикалық технологияларды меңгерген ұстаз болуы қажет.
Белгілі педагог К.Ушинский «Мұғалім өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен мұғалімдігі де жойылады» дегеніндей, оқыту мен білім берудің жаңашыл әдісіне көшкен мектептер үшін іскер мұғалімдер қажет.
Оқыту үрдісінде логиқаға көңіл бөлген чех педагогі Я.Коменский оқушыларды қысқа ой тұжырым жасауға, оларды өмірмен байланыстыра білуге үйретіп, ары қарай логикалық ойлауын жетілдіру керектігін айтқан. Ол қандай пән болсын талдау, жіктеу және салыстыруға көп көңіл бөлген. Бұл көзқарастар ары қарай ұлы педагог К.Ушинскийдің еңбектерінде көрініс тапты. Ол логика – дүниені танудағы елес емес, ол барлық ғылымдардың басында тұруы керек деп ой түйді. Баланы логикалық ойлауға үйрету – оқытушының басты мақсаты, логикалық ойлауға үйретудің негізі – айнала мен табиғатты бақылаумен көрнекі оқыту болуы керек. К.Ушинский оқушылардың логикалық ойлауын дамытуда көбіне салыстыру тәсілін қолданған. Өйткені, “салыстырусыз – түсіну жоқ, түсінік жоқ жерде пайымдау жоқ” деп қорытынды жасаған.
В.Сухомлинскийдің еңбектерінде оқушылардың логикалық ойлауын дамытудың негізгі жолы абстракциялық ойлауды ұйымдыстыруға көп көңіл бөлінген. Себебі абстракциялық ойлау заттардың ерекшілігін, ұқсастықтарын және себептерін түсіндіреді.
Кейде адамның логикалық ойлауы білім алу барысында немесе жай өмірде өзінше қалыптасады ма, әлде арнайы ұйымдастыру қажет пе? – деген ой туады




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   23




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет