- Инсулин (лат. insulinum insula — арал) — эндокринді эпителиоциттерден құралған ұйқы безі аралшықтарының бета-жасушалары (В- инсулоциттері) бөліп, қанға шығаратын гормон. В- инсулоциттер ұйқы безі аралшықтарының орталықтарында орналасады. Олардың цитоплазмасында инсулин гормонын түзуге маманданған, безді жасушаларға тән барлық органеллалар жақсы жетілген. Бета—безді жасушалар цитоплазмасындағы түзілген инсулин дәншелері суда ерімейді, спиртте ериді. Инсулин — қандағы глюкозаның мөлшерін азайтып, оны адам мен жануарлар бауыры мен бұлшықеттерінде қорланатын күрделі көмірсу — гликогенге айналдырады.
Ұйқы безде инсулин синтезі келесі жолмен өтеді - Лангерганс клеткаларының рибосома ЭПР преинсулин деген бастауыш пептиді синтезделінеді. Ол 110 амин қышқылды қалдықтардан құралған полипептидті тізбегі және бір ізділікпен орналасқан:
- Сп-пептид, А-пептид, C-пептид және В-пептид. ЭПР синтезінен кейін бірден осы молекуладан сигнальды (Сп) пептиді – 24 амин қышқылды қатары ажыратылады
- ЭПР гидрофобты липидті мембранадан синтезделген молекула өтуіне қажет.
- Гольджи комплексіне тасымалданатын проинсулин пайда болады, онда жартылай протеолиз жүреді – проинсулин молекуласынан А және В тізбегін қосатын 31 амин қышқылды фрагменті – С-пептидін арнайы эндопептидаза көмегімен кесіліп алынады.
- Секреторлы гранулаларда инсулин цинк иондарымен қосылып кристалды гексамерлі агрегат түзеді. 51 амин қышқылды қалдықтары бар осындай нәруыз дисульфидті көпірмен байланысқан екі А және В полипептидті тізбектерден құралған
Лангерганс клеткаларынан процессинг нәтижесінен препроинсулиннен проинсулин және кейін инсулин пайда болады
а) - препроинсулин,
Сп А С В
Онда Сп – бұл сигналды пептид, нәруыздың экспрессиясына қажет,
С – дәнекерлік пептид, дисульфидті байланыстар біріккенде
А және В тізбектердің қажетті ориентациясын қамтамасыз етеді,
Достарыңызбен бөлісу: |