Интегрированный урок по казахской литературе и русской литературе 11 сынып. Сабақтың тақырыбы: «Абай-дара, Абай-дана». Тема урока: «Абай уникален, Абай гениален». Сабақтың мақсаты : М. Ә уезовті ң



Дата12.03.2018
өлшемі456,32 Kb.
#38781
түріИнтегрированный урок

Учитель русского языка и литературы СШ №37 г. Астана:



Тамаева Светлана Нагимовна

Учитель казахского языка литературы СШ №37 г. Астана:

: Осипбекова Нуржамал Акылбековна.

Интегрированный урок по казахской литературе и русской литературе

11 сынып.

Сабақтың тақырыбы: «Абай-дара, Абай-дана».

Тема урока: «Абай – уникален, Абай – гениален».


Сабақтың мақсаты: М. Әуезовтің «Абай жолы» романының «Шытырманда» тарауындағы Абайдың даралығы мен даналығын нақтылау.

Сабақтың міндеттері: 

Білімділік: ақынның өмірбаянына тоқталу, ақынды әр қырынан аша білу, бұрынғы Абай туралы білімдерін тереңдету, «Абай жолы» эпопеяның «Шытырманда» тарауын басшылыққа ала отырып, кейіпкерлер бейнелерін сомдау;

Дамытушылық : жеке тұлға ретінде оқушылардың ізденімпаздық қасиеттерін дамыту. Шебер де шешен, өткір сөйлей білуге машықтандыру;

Тәрбиелік: адамгершілікке, мейірімділікке, білімге ұмтылуға, сана-сезімінің өркендеуіне тәрбиелеу.



Цели урока:

Обучающие:

учить, познавать отечественную и мировую классику;

обучать умению выполнять анализ произведений

обогатить и закрепить знания учащихся о жизни и творчестве Абая Кунанбаева на примере романа М.Ауезова «Путь Абая»


Развивающие:

развитие творческих и индивидуальных способностей учащихся; навыков самостоятельной работы на уроке;

развитие умения работать с научно-популярной литературой, отбирать материал по предложенной теме;

развитие у учащихся готовности и способности к ведению диалога культур (т.е. формирование социокультурной компетенции);

развитие коммуникативных навыков, навыков работы с текстом.
Воспитательные:

приобщать молодежь к высокому, духовному, нравственному, всему тому, что дарит добро и красоту;


Сабақтың түрі: кіріктірілген сабақ (қазақ әдебиеті, орыс әдебиеті, ағылшын тілі)

Әдісәсілі: түсіну, проблемалық сұрақтар төңірегінде әдеби талдау, іздендіру, ой қорыту.

Сабақтың көрнекілігі: интерактивті тақта, ақын портреті, шығармалар жинағы, бейнеролик, презентация.

Сабақтың барысы:  

1.Ұйымдастыру кезеңі.

- Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар, оқушылар!

Жүрегімнің түбіне терең бойла,


Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла.
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өстім,
Мыңмен жалғыз алыстым, кінә қойма!-деп Абай болашақ ұрпаққа, яғни сіздерге сөзін осылай арнады. Бұл жарқын болашаққа сенімді жол салған ақынның сөзі еді. Ол жол ғылым, білім, өнер, мәдениет жолы еді.

Бүгінгі сабақтың тақырыбы: «Абай-дара, Абай-дана».

Сабақтың мақсаты: М. Әуезовтің «Абай жолы» романының «Шытырманда» тарауындағы Абайдың даралығы мен даналығын нақтылау.

Бүгінгі сабағымыз үш тілде өтеді. Сондықтан сіздер үш топқа бөлінесіздер: 1- топ тек қазақша, 2-топ тек орысша, 3-топ ағылшынша тапсырмаларды орындайсыздар. Егер топ берілген сұраққа жауап бере алмаса, немесе олардың жауаптары толық болмаса, онда басқалар көмектесе алады. Әр топта бағалау парақтарын толтырып отыратын консультант сайланады.



1 тапсырма: «Абай туралы сіздер не білесіздер?» деген сұрақтарға жауап берулеріңіз керек. (қағаз, маркер үлестіріледі) дайындыққа 2 минут беріледі.

Үш топ өз кластерлерін талқылайды.



2 тапсырма: «Кейіпкерлерді атаңыз».

  1. «Жүзі жұқалау келген, самай шашы жып-жылтыр, қырлы мұрын, қара торы келіншек аса бір таза, шапшаң көрінді. Бар қозғалысында әдемі сыпайылықпен қатар, ширақ сергектік бар. Отырған үйіне жылылық, жарастық бергендей келісті әйел»

  2. «Бұл «қасқа» десе дегендей, еңгезердей екен. Жалпақ маңдайлы, нұр жүзді, балуан тұлғалы жас жігіт...Үндемей отырып, домбырасын тыңқылдатып тартады да, қонақтарға салқын қарап қояды»

  3. «Толықша келген, аппақ жүзді, қырлы мұрын, қара көз қыздың жіп-жіңішке қасы да айдай боп қиылып тұр. Қарлығаш қанатының ұшындай үп-үшкір боп, самайға қарай тартылған қас жүрекке шабар жендеттің жебесіндей... Жұмсақ жұмыр иегінің астында жұқа ғана бір толқындай боп, нәзік бұғағы білінеді. Жылтырап таралған шашы қап-қара қалың өріммен ерекше аппақ, нәзік мойнына қарай құлап түсіпті...»

  4. «...бір толықша қара жігіт екен. Мұрты жаңа ғана тебіндеп келе жатқан бала жігіт жұпыны киім киген. Астында құнанша күзеген күрең биесі бар.Абайларға жақындай бере сәлем берді. Ашық-жарқын жігіт болу керек. Аппақ сұлу тістерінің баршасын көрсетіп, ақсия күліп келеді.»

  5. «Үй ішінде, төсек алдында ұршық иіріп үлкен, қара сұр қатын отыр. Танауы қусырылып, ерні қатты жыбырлаған қара қатын аса бір ұрысқақ, қатал жан сияқты»

  6. Жасына жеткен қыздардың пішіндері-сұлу да, сыпайы да емес. Түксиген, сүйкімсіз. Және шешелеріндей ашушаң, қатқыл адамдар сияқты.

  7. «Высокий, коренастый, с седеющей бородой, с головой, напоминающей гусиное яйцо .., не удостоил взглядом своего единственного глаза, странно сверкающего на бледном, словно застывшем лице» ;

  8. «После того, как у нее отняли Камшат, она стала задумчивой, побледнела, на прекрасное лицо ее легла тень глубокой печали»

  9. «У нее нежное личико, прямой правильный нос, черные глаза. Тонкие брови, острые и длинные, как крылья ласточки, разлетаются к вискам».

3 тапсырма: «Абай жолы» эпопеясының «Шытырманда» тарауынан кейіпкерлерді атау, және оларға қысқаша сипаттама беру.

(Әр топ қағазда жазылған кейіпкерлерді таңдап алады, оларға қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде сипаттама береді)



4 тапсырма. «Шытырманда» тарауы бойынша Абайдың даралығын және даналығын ашатын сұрақтар құрастырыңыздар:

(Топтар бір-біріне сұрақтар қояды, жауап береді)

«Шытырманда» атты тарауында Абайдың қандай қасиеттері байқалады? Абайдың Тоғжанға деген сезімі қалай білінеді?



Орыс тобының сұрақтары:

  • По отрывку «В дебрях» что вы можете сказать об отношениях между отцом и сыном?

  • Как молодой Абай воспринимает жестокие феодальные устои того времени?
    Ағылшын тобының сұрақтары: «Шытырманда» тарауы бойынша әйелдер образдарына сипаттама беріңдер: Ұлжан, Зере, Айғыз, Тоғжандарға.

  • Жалпы роман-эпопеяда нұрлы, бақытты, сәулелі сәттерден гөрі, қайғылы, драмалы, трагедиялы күйлер көп. Осы сендер оқыған «Шытырманда» тарауы осындай трагедиялық оқиға қандай және Абайдың жүрегіне қалай әсер етеді?

Қазір сіздердің назарлаңызға «Қазақ даласының сұңқары-Абай Құнанбаев» атты бейнеролик ұсынамыз.

5 тапсырма: Енді топпен бірге синквейн жасау.

Синквейн.

  1. Зат есім түрінде тақырып, өзекті сөз, ұғым, синквейн тақырыбы.Кім ? не?

  2. Екі сын есім.Қандай ?

  3. Үш етістік. Не істеді?

  4. Фраза, белгілі мәні бар.

Бағалау. (Мұғалімдер бағалау парақтарын талқылайды, оқушыларды бағалайды)

Үйге тапсырма беру: «Абайдың қандай қасиеттерін үлгі тұтар едім?» тақырыбы бойынша эссе жазу.

Рефлексия.





Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет