2. Пәнді меңгеру бойынша әдістемелік нүсқаулар
Бұл курсты меңгеру кезінде студент дәріске, практикалық сабақтарға міндетті түрде қатысу. Егер студент өз бетімен меңгере алса, ОБСӨЖ-ге қатысуы міндетті емес. Дәрісті меңгергеннен кейін, практикалық тапсырма орындалу керек. ОбСӨЖ-ді оқытушы көмегімен немесе өз бетімен орындап, уақытында тапсыру керек. Өздік жұмысты орындау барлық менгерген материал негізінде студент өз бетімен орындайды, көрсетілген уақытта тапсыру міндетті.
3. Курс форматы және саясаты
келесі талаптар:
дәріске, СТС және ОБСӨЖ міндетті түрде қатысу. Егер қандай да себептермен студент сабақты босатқан болса, сол күні сабақта өтілген материалға өзі жауапты болады.
Сабақ үстінде ұялы телефонды өшіріп қою қажет.
Сабақты жүйелі түрде бұзып, тәртіп бұзған студент аудиториядан шығарылады, немесе барлық курс үшін "қанағаттанарлықсыз" баға қойылады.
СТС және үй тапсырмаларын орындау міндетті
Бақылау жұмыстары міндетті түрде орындалып, аталған уақытта тапсырылуы қажет. Кешіктіріліп өткізілген жұмыс автоматты түрде төмен бағамен бағаланады.
Көшіру орын алғанда студент аудиториядан шығарылады немесе "қанағатанарлықсыз" баға қойылады.
Межелік бақылауға сабаққа қатысуы, ағымдағы және үй жұмыстары, тақта алдында жауап беруі, орынында жауап беруі және бақылау жұмыстарын уақытында тапсыруы кіреді.
Қортынды бақылау барлық бақылауды қамтиды: Емтихан бағасы межелік бақылау (40%) және аралық аттестация қортындысын (емтихан – 60%) қамтиды да 100% құрайды.
ОБСӨЖ тақырыптары бойынша бақылау жұмыстары орындалады.
Достарыңызбен бөлісу: |