Ынтымақтастық педагогика идеялары-жаңа білім беру негізі



Дата26.03.2020
өлшемі23,79 Kb.
#60769
Байланысты:
Daryn aga

Ынтымақтастық педагогика идеялары-жаңа білім беру негізі


        Қазіргі таңда еліміздің өскелең ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беруді көздейтін білім беру саясаты ынтымақтастық идеяларына негізделеді. Ынтымақтастық педагогика идеялары-жаңа білім беру негізі. Мақсатқа жетуді көздейтін кез-келген педагогикалық әрекет ынтымақтастықта оқу және оқыту арқылы дамып, табысқа жететінін қазргі тәжірибе көрсетіп отыр.

Ынтымақтастық педагогика негізі адамға деген ізгіліктіктік көзқарас, оның мүмкіндіктері мен қабілеттеріне сену, қызығушылықтары мен қажеттіліктерін түсіну, тәрбие үрдісінде оларды есепке алу. Осы тұжырымдамаға сәйкес үш басты тұлғалық ұстанымдарды бөліп көрсетуге болады.



  1. Баланы бар болмысымен қабылдау. Мұнда баланы мұғалімнің қабылдамауы, оқушының өзіндік «Менін» бағаламауы орын алмайды.

  2. Баланы эмпатикалық түсіну. Мұғалім оқушының ішкі дүниесіне енуге, қоршаған ортаны оқушының көзімен қабылдап, оның ішкі дүниесімен сезінуге талпынады.

  3. Оқушылармен ашық, өзара сенімділік қарым – қатынас. Мұғалімнің  оқушыларға өзінің ішкі дүниесін ашуға деген  талпынысы.

   Ынтымақтастық педагогикасы «ынтымақтастықты» бірлескен әрекет деп түсініп, төмендегідей сипаттайды:

1) ортақ мақсаттың болуы;

2) әрекетті ұйымдастыру және басқару;

3) қызметті, әрекетті, жолдарын бөлу;

4) тұлғааралық қатынастың болуы.

  Өзара ынтымақтастықта бола алады:

-  мұғалім мен оқушылар, бірлескен әрекетті және мұғалімнің шұғыл кері байланысты орнату барысындағы өзара түсінушілікті көрсету арқылы әрекеттесуі;

оқушылар мен оқушылар, тәрбие үрдісінде бір – біріне деген сенім артуы және серістесінің сенімділігіне сенуі;

мұғалімдер мен мұғалімдер, бір – біріне өзара көмек көрсетуі арқылы педагогика саласындағы теориялық және әдістемелік жаңалықтармен тәжірибе алмасуы;

-  мұғалімдер мен ата – аналар, оқушыларға қатысты ақпараттармен дер кезінде алмасуы;

Ынтымақтастық  білігі мен дағдысын қалыптастыру бойынша жұмыс кезең кезеңмен жүзеге асырылады:

І кезең. Тәрбие үрдісіне қатысушалардың барлығының дағдыны меңгеру қажеттілігін шаралар, тренингтер ұйымдастыру арқылы ұғындыру.

ІІ кезең. Оқушылардың жай сөйлей білу білігінің мәнін түсінуі, бірлескен әрекетте бірін – бірі қолдауы, жауаптарын негіздеуі, ұсынушыларды емес, идеяларды сынауы. Аталған біліктер интеллектуалдық ойындар мен тренингтердің көмегімен  меңгеріліп, жеке бақылау парақтарында тіркеледі.

ІІІ кезең. Мұғалімнің коммуникативтік ситуацияларды, топтық тапсырмаларды (сараланған топтық жұмыстар, ақпараттармен алмасу, орындалған жұмыстар бойынша есеп беру, сарапшы топтың бағасы) жасау.

ІҮ кезең. Драматизация, пікірсайыс, жобалау т.б. құралдар арқылы біліктерді меңгеру мен жетілдіру барысында  мұғалімнің оқушыларды қолдауы.

Ынтымақтастық педагогикасы  80 жылдары білім беру саласында көптеген инновациялық үрдістерді өмірге алып келген мейлінше кең таралған педагогикалық жинақтаулардық бірі болып табылады. Технология атауы кеңес мектебінің  тамаша дәстүрлерін біріктірген (Н.К:Крупская, С.Т.Шацкий, В.А.Сухомлинский, А.С.Макаренко), орыс (К.Д.Ушинский, Н.П.Пирагов, Л.Н.Толстой) және шетелдік (Ж.Ж.Руссо, Я.Корчак, К.Роджерс, Э.Берн) психолого – педагогикалық ғылым мен тәжірибесін жинақтаған жаңашыл – педагогтардың бір тобымен берілді.

   Ынтымақтастық педагогикасының біртұтас технология ретінде нақты құрылымы, нормативтік – орындаушылық нұсқаулығы жоқ. Ол жүздеген мақалалар мен кітаптарда «шашыраңқы» берілген. Ынтымақтастық идеясы қазіргі заманғы технологиялардың барлығында орын алады.

Мақсаттық бағдары:

v  Талап қоюшылық педагогикасынан қарым – қатынас педагогикасына көшу.

v  Балаға ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан келу

v  Оқыту мен тәрбие бірлігі

Ынтымақтастық тұжырымдамасы

  Ынтымақтастық педагогикасы өзара түсініспеншілікті бекітетін үлкендер мен балалар  арасындағы бірлескен қызметі, бір – бірінің рухани әлеміне енуі, осы әрекеттің барысы мен нәтижесін бірлесіп талдау әрекет идеясы ретінде түсіндіріледі.

       Қарым – қатынас жүйесі ретінде ынтымақтастық көпаспектілі: бірақ маңызды орын «мұғалым – оқушы» қатынасына беріледі. Дәстүрлі оқыту мен тәрбиеде мұғалім мен оқушының қарым - қатынасы  «субъект – объект» негізделген. Ал ынтымақтастық тұжырымдамасында бұл жағдай оқушы оқу мен тәрбие үрдісінің субъектісі болумен түсіндіріледі. Сондықтан да бір үрдістегі екі субъект бірлесіп әрекет ету керек, біреуіне біреуіне үстемдігі болмауы керек.

Мазмұны мен әдістеме ерекшелігі

Ынтымақтастық педагогикасы бағыттары:


v  Балаға ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан қарау.
v  Белседірушілік және дамытушылық дидактикалық кешен.
v  Тәрбие тұжырымдамасы
v  Қоршаған ортаны педагогикаландыру

Ізгіліктік-тұлғалық тұрғысынан

Балаға ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан қарау дегеніміз – мектептің білім беру үрдісі тұлға сапаларының барлығын біртұтас дамытуды басты мәселе деп қарастыруы. Даму деңгейі мектептің білім беру нәтижесімен, мұғалімнің, тәрбиешінің, басшылардың, тәрбие мекемесінің  жұмыс сапасының көрсеткіштерімен бағаланады. Оқу – тәрбие үрдісін ізгілікті – тұлғалық тұрғысынан ұйымдастыру – тұлғаға бағдарлданған педагогикалық технологиялардың негізі болып табылады. Ол келесі идеяларды біріктіреді:

-    оқу – тәрбие үрдісін тұлғаға бағыттау;

-    педагогикалық қарым – қатынасты демократияландыру және ізгілендіру;

-    қазіргі жағдайда нәтиже бермейтін мәжбүрлеу әдісінен бас тарту;

-    даралық тұрғысынан келудің жаңа түсіндірмесі;

-    «Мен – тұжырымдамасын» қалыптастыру.

Тұлғаға жаңаша көзқараспен қарау ұстанымдары:

-    тұлға ерте шағында көрінеді, танылады, мектепте бала – толыққанды адами тұлға;

-    тұлға педагогикалық үрдіс субъектісі;

-    тұлға – мақсатқа жету құралы емес, ол – мақсат;

-    әр бала қабілетті, көпшілігі талантты;

-    тұлғаның басым сапалары болып этикалық құндылықтары саналады (мейірімділігі, сүйіспеншілігі, еңбексүйгіштігі, ар – ұяты, азаматтығы т.б.).

  Педагогикалық қарым – қатынасты ізгілендіру және демократизациялау. Оқу – тәрбие үрдісінің нәтижесін анықтайтын маңызды факторы тұлғааралық қарым – қатынас болып табылады.

  Балаға деген ізгіліктік қатынас:

-    балаға деген махаббат;

-    балаға сену;

-    ынтымақтастық, қарым – қатынас шеберлігі;

-    мәжбүрлеудің болмауы;

-    жағымды ынталандыру;

-    бала бойындағы кемшіліктерге төзімділік;

Қарым – қатынасты демократияландыру:

-     оқушы мен мұғалімді құқықтық жағынан теңестіру;

-    баланың таңдау еркіндігі;

-     қателік жасауға құқылы;

-    өзіндік көзқарасына құқы;

-    бала құқығы туралы Конвенцияны сақтау;

-  мұғалім мен оқушының қарым – қатынас стилі: тиім жасамау, керісінше бағыт беру; басқармау, өзін - өзі басқару; мәжбүрлемеу, сендіру; бұйырмау, керісінше ұйымдастыру; шектемеу, керісінше таңдау мүмкіндігін ұсыну.

  Мәжбүрлемей тәрбиелеу. Жаңа қарым – қатынастың негізі ізгіліктік орын алмайтын және нәтиже бермейтін мәжбүрлеуден бас тарту. Яғни:

-  мәжбүрлеусіз, сенім артуға негізделген талап қоюшылық;

-  баланың қызығушылығын тудыру;

-  мәжбүрлеуді ниеттілікпен алмастыру;

-  баланың өз бетінше әрекет етуіне  және өзін - өзі анықтауына жағдай жасау;

-  ұжым арқылы әсер ету арқылы жанама талаптар қою.

  Даралық тұрғысынан келудің жаңа түсіндірмесі. Даралық тұрғысынан келудің жаңа түсіндірмесінің мәні білім беру жүйесінде балаға пән арқылы емес, баладан пәнге келу, пәнді баланың мүмкіндіктеріне сүйене отырып меңгерту емес, оның мүмкіндіктерін есепке ала отырып дамыту, жетілдіру, байыту. Яғни:

-   теңесуге бағдарлаудан бас тарту:

-  тұлғаның жақсы жақтарын көре білу;

- тұлғаны психологиялық – педагогикалық диагностикалауды қолдану (қызығушылығы, қабілеттері, бағдары, Мен – тұжырымдамасы, мінез – құлық сапалары, ойлау қабілетінің ерекшеліктері);

-  оқу – тәрбие үрдісінде жеке тұлға ерекшеліктерін есепке алу;

-  жеке тұлғаның дамуын жобалау;

-  дамыту, түзетудің жеке бағдарламаларын құрастыру.

  Тұлғаның «Мен – тұжырымдамасын» қалыптастыру. Мен – тұжырымдамасы – бұл жеке тұлғаның өзін тану   туралы ойлар жүйесі. Жағымды, Мен – тұжырымдамасы (Мен ұнаймын, Мен қабілеттімін, Менің өз орным бар) табысқа бағытталады. Жағымсыз, Мен – тұжырымдамасы (Мен ұнамаймын, Мен қабілетсізбін, Мен ешкімге керек емеспін) табысқа жетуге кедергі болады, тұлғаның жағымсыз жағына өзгеруіне себеп болады.

  Ал бала тәрбиесінде тұлғалық тұрғысынан келу  жағымды Мен – тұжырымдамасын қалыптастыруда маңызды міндеттердің бірі болып табылады. Ол үшін ең алдымен:

v  Әр оқушыда керемет тұлғаны көре білу, оған деген құрмет, ізгі қатынас («Барлық бала талантты»);

v  Тұлға дамуы үшін жағымды жағдай жасау, қолдау, мақұлдау, мектепті, оқуды қуанышпен қабылдауы.

v  Мәжбүрлеуді қолданбау, бала бойындағы кемшіліктерге  баса көңіл аудармау, кемшіліктерді айқындап, себебін анықтау, баланың ар – намысына  нұсқан келтірмей жоя білу.

v  Балаға өзін жағымды әректте көрсете білуіне мүмкіндік және көмек беру.



Тәрбие тұжырымдамасы

 Ынтымақтастық педагогикасының тұжырымдамалық жағдайлары мектеп тәрбиесін дамытудың  маңызды тенденцияларын  бейнелейді:

v  Білім мектебін Тәрбие мектебіне айналдыру;

v  Оқушы тұлғасын мектептің тәрбие жүйесінің өзегі деп қарастырады;

v  Тәрбиені ізгілендіру, жалпыадамилық құндылықтарды қалыптастыру;

v  Баланың шығармашылық қабілетін, оның даралығын дамыту;

v  Ұлттық және мәдени құндылықтарын дамыту;

v  Жеке тұлғалық және ұжымдық тәрбиенің үйлесімдігі;



    Ынтымақтастық педагогикасының идеологиясы және технологиясы тек оқыту мен тәрбие жүйесінің негізі ғана емес, көп жағдайда білім берудің мазмұнын да айқындайды.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет