Инвестициялық жобаны бағалау әдістері



Дата15.12.2021
өлшемі0,52 Mb.
#101139
Байланысты:
БАСЫБЕК

Инвестициялық жобаны бағалау әдістері

Орындаған: Жорахан Құндыз, Асқарбек Әдемі, Альмуханова Анель,

Раманкулова Меңтай, Басыбек Динара.

Тексерген: Батыр Айман Бижігітқызы.

  • Инвестициялық жобалардың тиімділігін бағалау әдістері – инвестициялық жобалардың пайдалылығы мен өтелімділігі перспективасын бағалау мақсатымен капиталдың ұзақ мерзімді жұмсалымының тиімділігін анықтау тәсілдері. 

Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер басты аспектілерді‚ оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс. Оларды алуан түрлілігіне қарамастан мынадай топтарға бөлуге болады: қаржы-экономика нормативтік критерийлер‚ ресурстармен қамтамасыз етілу критерийлері.

  • Жобаларды бағалау үшін қолданылатын критерийлер басты аспектілерді‚ оны іске асырудың шарттарын көрсетуге тиіс. Оларды алуан түрлілігіне қарамастан мынадай топтарға бөлуге болады: қаржы-экономика нормативтік критерийлер‚ ресурстармен қамтамасыз етілу критерийлері.
  • Қаржы-экономика критерийлер – бизнес-жоспарда айқындалатын жобаның құны‚ ағымдағы таза пайда‚ пайда мен пайдалылық (инвестициялардың қайтарымы)‚ тиімділіктің ішкі коэффициенті‚ өтелімділік кезеңі‚ тағы басқалар.
  • Нормативтік критерийлерге құқықтық талаптар (ұлттық және халықаралық құқық нормалары)‚ стандарттардың‚ конвенциялардың талаптары‚ экология талаптар‚ патент қабілеті және зияткерлік меншік құқықтарын сақтаудың өзге де шарттары жатады. 
  • Ресурстық критерийлер жобаның іске асуының әлеуеттік мүмкіндігін айқындайды және олардың мынадай топтарын қамтиды: ғылым-техника ресурстар (қажетті ғылым-техника бөлшектердің‚ тиісті кәсіптегі және біліктіліктегі мамандардың болуы)‚ өндірістік ресурстар (өнімді өндіру үшін қуаттардың болуы)‚ технология баламалар‚ қаржы ресурстарының көлемі мен көздері‚ тағы басқалар

Инвестициялық жобаны бағалау әдістері

  • дисконттау әдісі

Статикалық (қарапайым) әдістер

жүйелік ағымдағы шығынды дисконттау әдісі

  • Инвестицияның тиімділігін анықтаудың ең қолайлы әдісі жүйелік ағымдағы шығынды дисконттау. Болашақ табыс мөлшерін инвестиция көлемімен салыстыру арқылы анықтау ең бір қолайлы әдіс ретінде қолданылады.
  • Бұл әдісті қолдану үшін қаржы менеджері төмендегі мәліметтері болуы тиіс:
  • —         жалпы инвестиция сомасы және олардың таратылуы;
  • —         жылдық шығындағы үнемділік;
  • —         жабдықтарды іске жарату мерзімі;
  • —         мүмкінді аммортизациялық төлем;
  • —         пайдаға салынатын салық мөлшерлемесі.
  • Бұл әдіспен бағалау болашақ ақша қаражат ағымын ағымдағы кезге тарату үшін дисконттау коэффициентін қолдануды ұйғарады.

Статикалық (қарапайым) әдістер

 Капитал салымының тиімділігін талдау әдістері

Инвестицияның орташа пайда мөлшері

  • . Бұл әдіс орташа жылдық пайданың жобадағы инвестицияның орташа көлемінің қатынасына негізделеді. Бұл әдістің негізгі ерекшелігі оның қарапайымдылығында, ақпаратты еркін алуға қолайлы.

Өтемділік әдісі.

  • Бұл әдіс жоғарыда қаралған . Бұл жерде біз оның кейбір кемшіліктерін атап өтеміз және оның өрісте қолданылу мүмкіншілігін қараймыз. Сонымен инвестициялық жобаның өтемділік кезеңі бастапқы инвестициялық шығындарды қайтаруға қажетті жылдардың саны.

Ішкі пайда мөлшерін анықтау әдісі.

  • Ішкі пайда мөлшері  — дисконттау коэффициенті , ол инвестициялық жобаны іске асырудан жиналған ағымдағы ақша қаражаттары ағымының  құнын ағымдағы салым құнымен салыстырады. Бұл әдіс белгілі уақытта ақша қаражаты құнының өзгерісін есепке алғандықтан , ал инвестициялаудан алынған жалпы табысты нақты анықтайтын әдіс болып есептеледі және инвестициялық жобаға ең бір объективті дұрыс баға береді.Бұл әдіс өз уақытында күткен ақша ағымының көлемін және әрбір кезеңде оны таратуды есепке алады.

Инвестициялардың экономикалық тиімділігін  бағалау тәсілдері мен әдістерін  талдау келесі тұжырымдарды жасауға  мүмкіндік берді:

  • - әкімшіл-эміршіл жүйе экономика тұсында құрылған күрделі салымдардың экономикалық тиімділігін бағалау әдістері экономикалық реформалардың казіргі даму жағдайын теориялық және тәжірибелік қыры жағынан алғанда да қанағаттандырмайды;
  • - қаржы ағымдарын талдауға негізделген экономикалық тиімділікті және жалпы инвестициялық жобаларды іске асырудың экономикалық максатка лайықтығын бағалаудың динамикалық әдістері де, сондай-ақ, инвестициялық кезеңнің есеп берген жылдары бойынша инвестициялық бағдарламаны іске асырушы кәсіпорындардың қаржылық ахуалын зерттеуге негізделген статистикалық әдістерін кеңінен пайдаланылатын шетелдік инвестициялық есептеулер жүргізу тәжірибесі үлкен қызығушылык туғызуда.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет