Эпидуральді анестезияның әсері анальгезия (ауру сезімталдығының жоғалуы) анестезия (жалпы сезімталдықтың жоғалуы) Толық миоплегия (бұлшықеттің уақытша салдануы) миорелаксация (бұлшықеттің босансуы) Қолданылатын препараттар Эпидуральді анестезияға ерекше тазаланған және консерванттар қосылған дәрілер қолданылмайды. Эпи- және субдуральді ерітінділер қолданылады. Ең жиі кездесетін жергілікті анестетиктер— лидокаин, бупивакаин және ропивакаин қолданылады. Әсерін жоғарылату үшін опиаттар, соның ішінде морфин, фентанил, промедол, бупренорфин қолданылады. Опиаттардың дозасы көктамырға, бұлшықетке енгізгенде төмен болады. Опиаттардың жанама әсерлері— құсу, жүрек айну,тыныс алудың қиындауы, бас айналу. 5 мг морфинді көктамырға енгізгенде операциядан кейін 4-6 сағат әсер етеді, ал 1 мг морфинді эпидуральді аймаққа енгізгенде 18-24 сағат әсер етеді. Эпидуральді анестезияға ерітінді дайындау үшін мына компонентті — клонидин (клофелин), кетамин қосады. Оларды артериальді қысым-клофелин қосқанда, галлюцинация болғанда - кетамин жанама әсер шақырмау үшін аз дозада қолданады. Сирек физостигмин қосады. Ол холинергиялық жүйедегі «ауру сезіміне қарсы» (антиноцицептивті) импульстарды күшейтеді. Эпидуральді анестезияны жасау техникасы Эпидуральді және жұлындық анестезия - жасау техникасы және ауру сезімінің импульстарын өту деңгейінің блокадасы біртекті, яғни ол жұлынның түйіндері. Ол үшін лидокаин немесе бупивакаин қолданылады. Пункция жасау барысында науқас отырады немесе бір бүйірімен жатады: осы кезде омыртқаларының кылқан (ость) арасы ашылып алыстау үщін науқас адам қатты иелу қажет - инені шаншып, эпидуральді кеңістікке еңгіземізде, анестетікті жібереміз. Жұлындық анестезия кезінде анестетік субдуральді кеңістікке еңгізіледі. Эпидуральді анестезияны 3-4 бел омыртқасына бірінші инені, кейін жұмсақ катетер салады. Ол катетерге анестетикті енгізеді де инені суырып алады.