Жалпы анестезия немесе наркоз —сезімталдықтың толық жойылуы.
Жергілікті анестезия — дененің белгілі бір бөлігінің сезімталдығының жоғалуы.Ол нерв импульстерінің өтуін бөгейтін бөліктердің түріне қарай былайша бөлінеді:
Спинальды анестезия —Субдуральді кеңістікке анестетиктерді енгізу арқылы жұлын нервтерінің түбіріне импульстердің келуін бөгеу.
Эпидуральды анестезия — эпидуральді кеңістікке анестетиктерді енгізу арқылы жұлын нервтерінің түбіріне импульстердің келуін бөгеу.
Комбинирленген спинальды-эпидуральды анестезия— спинальды және эпидуральды анестезиялардың комбинациясы.
Инфильтративті анестезия — майда нерв тармақтары мен ноцицепторлар деңгейінде импульстардың берілуін тежеу.
Жалпы анестезия.
Жалпы анестезияны акушерия саласында жедел жәрдем көрсеткен кезде қолданады.
Ингаляциялы анестетиктер:
Азот қышқылы – босанудың 1-2 кезеңдерінде қолданады.
Трилен - ауырсыздандыру әсері күшті,оны оттегімен бірге толғақ арасында әйелге дем алдырады.
Жансыздандырудың жаңа тәсілдері бар, дәрі- дәрмектермен ешқандай байланысы жоқ.
Электроаналгезия – ауырсыздандырумен қатар босанудың ауытқуын реттейді.
Акупунктура – толғақты ауырсыздандырумен бірге, нейрогуморальді құбылыстарға әсері үлкен.
Жергілікті анестезияжәне оның түрлері: -терминальді
-инфильтративті
-өткізгіш -өрімдік -эпидуральді
-спинальді
-каудальді
-сүйек ішілік
-жгутпен тамыр ішілік.
Бұл әдістердің барлығы регионалды анестезияға жатады. ЭПИДУРАЛЬДЫ АНЕСТЕЗИЯ Бұл анестезияның ауырсынуды бәсеңдету қасиеті өте жоғары 90-92%. Жансыздандырудың қазіргі кезде қолданылып жүрген ең қолайлы тәсілі. Жұлынның қатты милы қабатына енгізетін анестетик ( сезімталдықты жоятын препарат). Жатырдан миға баратын ауру сигналдары өтпейді. Оны «перидуральді» анестезия деп те атайды. Инъекция ауру сезімталдығын(анальгезия), жалпы сезімталдықты(анестезия) жояды және бұлшықеттердің әлсіреуіне әкеледі. Эпидуральді аймағына орналастырылған катетер арқылы анестетиктерді енгізеді. Эпидуральді анестезияны босанудың 1 кезеңінде ( гестозда, жүрек -қан тамыр ауруларында, акушерия операцияларында ) қолданады.