Босану кезінде эпидуральды анальгезияға/анестезияға абсолютті көрсеткіштер:
Кез келген этиологиялы артериялық гипертензия (преэклампсия, гипертония, симптоматикалық артериялық гипертензия).
Экстрагенитальды патологиясы бар әйелдерде босану (гипертония, жүрек ақаулары (бәрі емес), тыныс алу органдарының аурулары – астма, бүйрек аурулары – гломерулонефрит, миопияның жоғары дәрежесі, бассүйек ішілік қысымның жоғарылауы).
Антенатальды ұрықтың өлімі бар әйелдерде босану (бұл жағдайда Негізгі аспект әйелдің психологиялық жағдайы).
Қазіргі немесе бұрынғы веноздық тромбозы бар әйелдерде босану.
Босанатын жас әйелдер (18 жасқа дейін).
Босану кезіндегі эпидуральды анальгезияға/анестезияға салыстырмалы көрсеткіштер:
Босану кезінде босанатын әйелге төзгісіз ауру сезімі.
Босанудың ауытқулары (акушер босанудың екінші кезеңінде эпидуральды анальгезияның әсерін ескеруі керек).
Акушерлік қысқыштар арқылы босану.
Мерзімінен бұрын босану.
Плацентарлы жеткіліксіздік.
Үлкен ұрық.
Субарахноидальді кеңістіктегі дуральді муфтысына өтеді де, нерв импульстарының жұлын арқылы таралуы болмайды. Адам организмінде жұлын және нерв ұштары қатты милы қабатпен қапталған. Эпидуральді аймағы омыртқа бойымен орналасқан. Нервтері мойын, иық, қолдарымен айқасады.
Әсер ету механизмі Эпидуральды анестезияны жүргізу техникасы 1901 жылы кокаин препаратын қолданып сегізкөз аймағына эпидуральды анестезия жасады.Тек 1921 жылы ғана бел аймағына эпидуральды анестезия жасалды.Содан бері анестезияның бұл түрі урологияда,торакальды және абдоминальды хирургияда қолданылатын болды. 1980 жылдардан кейін эпидуральды анестезия кеңінен қолданыс тауып «Акушерлік анестезия» пайда болды. Босану кезінде жұқа пластикалық түтікшені арқаның төменгі бөлігінің эпидуральды кеңістігіне енгізеді.Жіберілген дәрілік заттар эпидуральды кеңістік арқылы өтетін нервтерді тежеп ауыру сезімін жояды.Әдетте ол үшін жергілікті анестетиктер мен наркотикалық анальгетиктер қолданылады. Енгізілген дәрілік заттардың мөлшеріне байланысты жансыздану әртүрлі болады.Жартылай жансыздандыру кезінде әйел жатыр жиырылуын сезінеді, ал толық жансыздандыру кезінде әйел ешқандай ауыру сезімін сезбейді.Эпидуральды катетерді орналастыру шамамен 10 минут созылады.Енгізілген эпидуральды анестезиядан кейін 10-15 минут соң ауыру сезімі басылады.Эпидуральды катетер босану аяқталғаннан кейін бірден алып тасталынады.
.