Өткен іс өтті
Өткенді топыраққа көмбейміз,
бірақ болашақта гүл ашқанын қалаймыз
Өткен өміріңді ойлай беретін болсаң, бүгінгі сәтіңнен
рахат ала аламын деп күтпе.
Өткенді қайтара алмайсың, бірақ бүгінгі сәтіңмен өмір
сүре аласың.
Өтіп кеткен оқиғаларды ойлай-ойлай көз жасыңда құрғап
кеткен жоқ па?!
Неге өткен өміріңді топыраққа көмудің орнына өзіңді
өткенге тастайсың?! Әлде ертеңгі күніңнің гүлдей бүршік
атқанын қаламайсың ба?! Сен өміріңде болуы керек
қиындықтардың барлығын жеңдің.
Бір өзің сынақтардан өттің. Өткен іс өтті, бітті, кететін
дүниелер сені тастап кетті. Өткенге тек көз жүгірт, сабақ ал,
қиындықтардың сені тастауына рұқсат бер. Бүгінгі сәтіңмен
өмір сүр. Өткенге қарай беруді емес, болашаққа сеніммен
қарауды үйрен. Басыңнан өткен қиындықтар мен сүйегіңізге
18
дейін жеткен азаптарды бір мезетте ойыңыздан алып тастау
оңай емес екендігін жақсы білемін; бірақ сені қадірлемейтін
адамдар мен басыңа келген қиындықтармен де бүгінгі
күніңді өткізе алмайсың.
Қандай жағдай болмасын, әрқашан алға қарай қадам
жаса. Сенімен бірге жүретіндер жүрсін, қаламайтындарына
есігің жабық болсын..
19
Алғашқы қадам
Барлық құбылыс пен жағдай өз уақытын күтеді.
Гүл де уақыты келмейінше гүлдемейді. Күн де
уақытынан бұрын шықпайды. Аз ғана сабыр қыл.
Бұйырған зат саған сөзсіз келеді.
Адамзат баласына құрылған ең үлкен тұзақ — сабырсыздық.
Себебі адам қалауына асыққан сайын, одан соншалықты
алшақтай беретінін өзі де байқамайды: әлдененің тезірек
жүзеге асқанын; бір жерге тезірек жете салғанды; тезірек
басталып, тезірек аяқталғанын қалаймыз. Арманымыз да
тезірек орындалуы керек сияқты. Жетістікке бірден жетіп,
бірден жасап, бірден татуласып, бірден жүздескіміз келеді.
Қалаған нәрселеріміз демде қолымызда бола қалса екен
дейміз. Алайда осы асығыстық ең үлкен қателігіміз яки
әлсіздігіміз екенін өзіміз түсінеміз бе?!
Еңбектенбей, даму, жетілу кезеңдерінен өтпей қол
жеткізген нәрсенің ғұмыры ұзаққа бармайды. Оның қадірі
де, тіпті пайдасы да болмайды әрі ол нәрсеге сенім арта да
алмаймыз.
Процесс - өте маңызды құбылыс, оның қысқа жолы жоқ.
20
Себебі кемелдену процессінің барлық қысқа жолдары не
жарға, не қараңғылыққа апарып соғады.
Әлемдегі ең биік тауға шығуға тырысып көрдің делік. Егер
де өрге үлкен жылдамдықпен көтерілуге тырыссаң, қысым
мен оттегінің әсерінен талып қалуың мүмкін. Биік шыңға
демалмай көтерілу адамның өзіне жасаған қиянаты болмай
ма?! Керісінше, демалып, әсте-әсте көтерілсең, биік шыңнан
жұмыр жерді тамашалау мүмкіндігіне қол жеткізесің.
Айтқым келгені: қандай да бір үзіліс немесе күткенің,
асықпауың сені артқа тартады деп ойлама. Керісінше,
үзілістер мен күткен кезіңді мықтырақ, бақыттырақ болуың
үшін жасалған алғышарттар деп біл. Әлденеге асығып
жатсаң, онда, ең алдымен, үйренуге асық. Одан өзгесін
кейінге қалдырма, бас тартпа. «Осы жаста маған оның керегі
не?» деме. Ендеше дәл қазір алғашқы қадамыңды жаса.
Кешіктірме...
Достарыңызбен бөлісу: |