12
сізден бас тартады!
Саған осындай ескертуім бар, АйҚызым! Бұл шындық,
сондықтан кез келген «жанашыр»
болып көрінген адамды
тыңдама. Есіңде болсын, бақыттың кілті ерлерде емес, сенің
қолыңда. Қаласаң, сен өзіңді түзетесің, ал сенің адалдығың,
тәрбиең, инабатталығың бүкіл қоғамның жақсаруына
әкеледі. Саған амандық пен Алланың мейірімі болсын!
Бұл әлем біздің қыздарымызды «заманауи қоғамға» сай
болу үшін дене-бітімі белгілі бір формада, ал еріндері әдемі
болып көріну үшін «бірдей, бір қалыпта болу керек» деп
үйретеді. Оларды әдемі деп айту үшін олардың кожасының,
яғни терісінің реңі бірдей және де көздері де бірдей түс болуы
керек. Толық, сонымен қатар қатты арық та болмауыңыз
керек – «идеальный» болыңыз дейді. Арық болу үшін тамақ
жемеңіз дейді. Ірі әрі деніңіз сау болғанын қаласаңыз
тамақ көп жеңіз дейді.
Ұзын бойлылар кішкене аласа, ал
бойы кішкентайлары кішкене ұзын болсам дейді. Шаштары
мен кірпіктері жоғары деңгейде болуы тиіс, ал, сөмкелері
киімдеріне үйлесімді болу керек. Инъекция салып, операция
жасау деген нәрсе – «ауырса да жасай бер, қалыпты жағдай
ғой» дегенді үндейді. Сағаттап мейкап жасауға уақыт құрту
– ол да қалыпты жағдай, әр
апта сайын сізге ұнамайтын
100 селфи жасап, Инстаға сурет қойып, әр айда мыңдаған
ақшаны әшекей-бұйымдарға құрту да қалыпты жағдай болу
керек деп үгіттейді. Бұны «өзіңді жақсы көр» деген лозунгпен
әдемілеп ұсынады.
Менің көкейімдегі сұрақ – осы нәрсеге осыншама уақыт
пен күш жұмсасақ та, неге айнадағы түріміз
өзімізге
әлі ұнамайды? Неге адамдар бізді қандай болсақ, сол
қалпымызда қабылдамайды? Сонымен қатар неге адамдар
ешнәрсеге қарамастан, өздерін бақытсыз сезінеді?
Әпке-қарындастар! Алла мен Оның Елшісі сіздерден тек
13
бір ғана нәрсені әсемдеуді талап етеді. Ол – жүректеріңіз. Сіз
жүрегіңізді әсемдеген кезде өзіңізді
ешнәрсеге қарамастан
жақсы көре бастайсыз, адамдардың сіз жайында не айтып
жатқаны қызықсыз болады. Алла разы болу үшін сізге
сыртыңызды сылап, бет-әлпетіңізге ота жасатып өзгертудің
керегі жоқ. Ол сізден тек, шынайы болғаныңызды қалайды.
Ардақты пайғамбарымыздың қызы Фатима анамызды бір
де бір көз көрмеді, соған қарамастан ол ең құрметті, сыйлы
да сүйікті әйел болған.
Достарыңызбен бөлісу: