Iqyz аслан Oрақбаев айқызым 145 мазмұНЫ



Pdf көрінісі
бет5/6
Дата25.04.2023
өлшемі1,05 Mb.
#175385
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
IQYZ x ASLAN Orakbayev 2023

Ұстадан сұрапты:
- «Барлығын жоғалттық, енді не істейміз?»
- «Шәй қой, жаңадан бастаймыз...», -
деп жауап беріпті.


14
Ұяттан өртену
Ұяттан өртеніп те, күлге айналып та кетуге болады. 
Күлге айналып, сіңіп, жоқ болып кетуге болады. Бір 
сәтсіздік орын алып, қолыңыздан келмей қалып, жеңіліске 
ұшырадыңыз. Қарызыңызды төлей алмадыңыз, емтиханнан 
өте алмадыңыз яки сізге тапсырылып берілген жұмысты 
орындай алмадыңыз. Істей алмадыңыз.
Енді алдыңызда өз жеңілісіңізді мойындап, ұялатын сәт 
тұр, енді барлығы сіздің сәтсіздігіңіз туралы білетін болды. 
Кейбір елдерде адамдар кейде «күлге айналып» кетеді; 
үйлерін мәңгілікке тәрк етіп, адам аяғы баспайтын жерге 
барып орналасады. Ол жерде ондай адамдар адам аярлық 
шарттарда өмір сүреді, осы өмірден тезірек қайту үшін 
ішіп-шегеді. Олар өздерінің сәтсіздіктеріне ұялғаны сонша, 
өздерін кінәлі сезінеді. 
Ал туыстары да ол адамды іздеп жатқаны шамалы, 
себебі олар да осындай масқара сәтсіздік пен жақынының 
қашқаны үшін қатты ұялады. Жоғалып кетсе жоғалып 
кетсін! Оның қолынан келмеді! Міне, ұят, кінә және күштің 
сарқылуы осындайға әкеледі. Аурушаң анасын қамтамасыз 
етіп отырған, кейін ақшасы таусылған соң, басы ауған 
жаққа қашып, байқұс қуғындалушы болып кетті. Немесе 
жұмыстан шығарып жіберді, отбасын асырай алмай қалды 
да, күлге айналып қашып кетіп, жоқ боп кетті. Осындай 


15
қашу салдарынан жақындарының жағдайлары жақсарды 
ма? Адам өзін де, туыстарын да жеңіс пен жағдайды түзеуге 
деген мүмкіндіктен айырған жоқ па? 
Бірақ адам өзін тығырыққа тыққаны сонша, басқа жолдарды 
көрмей тұр. Тек қана жоқ боп кетіп, қуылған адамның өмірін 
сүру деген жолды ғана көріп тұр. Бұл жағдайдан шығар 
жол жоқ! Бұл әлеуметтік және психологиялық өлім. Бірақ, 
шындап келгенде не үшін?
Сондай жағдайға түсетін ешнәрсе болған жоқ қой. Иә, бір 
сәтсіздік болды. Бірақ ондай ондай боп тұрады ғой. Адамды 
өлтіретін олар емес, «менің қолымнан келмеді» деген ұят 
пен масқара сезімі. Мен өз міндеттерімді орындай алмадым 
деген ой! Қазір орындай алмасаңыз кейін орындайсыз. 
Тырысып бағуды жалғастырсаңыз бәрі болады. 
Менің бір танысым жүргізуші куәлігін алу үшін емтиханды 
он екі рет тапсырған, иә иә! Ол шалғай ауылдан шыққан 
және көп нәрсені онша түсінбейтін. Ал қазір әдемі фурада 
алыс сапарларға барады және Астанада склад сатып 
алды. Ал Уолт Дисней қанша рет банкрот болды? Ал алаш 
қайраткерлері мен ойшылдар лагерьлерде күндерін қалай 
кешкен? Ал бизнесмендер бәрінен бір сәтте айрылып, кейін 
қайтадан қол жеткізген? 
Егер алғашқы сәтсіздіктен соң күлге айналып кететін 
болсаң, онда өмір де сүре алмайсың ғой! Бірақ кейбір адамдар 
жапондықтардың мысалына еріп, дәл солай жасайды. 
Кішкене сәтсіздікке тап болды ма, бірден қашып, ішімдікке 
салынып, «мен масқара болдым!» деген жаман ойдың 
жетегіне еріп кете барады. Барлығы мені жек көреді! Біле 
білсеңіз, басқа адамдардың бізде шаруасы жоқ! Бірнеше күн 
өсектеп, сосын ұмыт болып қаласыз! Барлық адамның өзінің 
басын қатыратын мәселелері бар және өзіңнің жеңілістерің 
мен қателіктерің үшін басқа адамдардың алдында ұялудың 


16
қажеті жоқ! Бірақ біз айдалаға қашып кетіп, жиһаз қорабының 
ішінде тұратын болсақ, біздің жақындарымыз уайымдап 
жылайтын болады. Сосын өзімізді ішімдік пен ұят арқылы 
өлтіреміз. 
Сәтсіздіктермен күресудің ең мықты жолы - өзіңнің ет 
жақындарыңмен бөлісу. Оларға барлық шындықты айтып 
беру керек. Ақыл-кеңес сұрау керек. Сосын қайтадан 
іске кірісу керек. Бұл әдіс қоқыс тастайтын жерге қашып, 
күресуден бас тартқаннан әлдеқайда жақсы. Нағыз ұят 
нәрсе - өз туғандарыңды тастау. Ал өзіңнің жеңілісіңді 
мойындау барлық мәселені басқаларға ысыра салып қашып 
кеткен сияқты ұят емес, иә, қиын әрі жағымсыз, бірақ ұят 
емес. Барлық нәрсені түзетуге болады. Ал қоқыстан шығу 
өте қиын! Сондықтан, жеңілісті шынайы қабылдап, сабақ 
алып, қайтадан күресу ең абзал жол.. солай ма?


17


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет