Иран мен Орталық Азия елдерінің көліктік-логистикалық



Pdf көрінісі
бет1/12
Дата18.05.2023
өлшемі491,86 Kb.
#177109
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
organized (51)-198-208



198
№ 1(142)/2023
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ХАБАРШЫСЫ. 
Саяси ғылымдар. Аймақтану. Шығыстану. Түркітану сериясы
 
ISSN: 2616-6887, eISSN:2617-605Х
А.И. Молдалиева
П.К. Килыбаева
Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Астана, Қазақстан
(E-mail: miakdidar@mail.ru, banu-kk@mail.ru)
МРНТИ 11.25.67
Иран мен Орталық Азия елдерінің көліктік-логистикалық
 
саладағы ынтымақтастығы (1990 – 2022 ж.ж.)
Аңдатпа.
 Иран Орталық Азияда тәуелсіз мемлекеттер құрылғаннан бері, геосаяси ай-
мақты қалыптастыруда маңызды рөл атқара бастады. Мақалада Иранның Орталық 
Азиядағы негізгі мүдделерінің шеңбері талданады. Халықаралық қатынастардың қазіргі 
жағдайы тұрғысынан Иранның Орталық Азиядағы саясатының геосаяси және эконо-
микалық аспектілеріне назар аударылады. Тегеран мен Орталық Азия елдерінің ын-
тымақтастығына қатысты энергетикалық және көлік-логистикалық фактордың ай-
мақтағы Иран стратегиясына ықпалы бағаланады. Орталық Азияның бес мемлекеті өз 
мүдделерін Иранмен серіктестікте толық көлемде жүзеге асыруға ұмтылды. Авторлар
көлік-коммуникация, энергетика салалардағы бірлескен жобаларға баса назар аударады. 
Екі ел ынтымақтастығының негізгі салалары «Солтүстік- Оңтүстік» халықаралық 
көлік дәлізін құру шеңберінде трансшекаралық көлік инфрақұрылымын қалыптасты-
ру, сондай-ақ энергетика, газ және мұнай өндіру және экспорттау болды. Иран тарапы-
ның бірқатар ауқымды көліктік-логистикалық жобаларды іске асырумен байланысты 
болжаулары оның саясатына түзетулер енгізу қажеттілігі туралы мәселені туғызады. 
Орталық Азиядағы ИИР-ның саясаты туралы аз жазылады және айтылады, және оның 
бұл аймақта белсенділігі төмен деңгейде болғаны көрінеді. Американдық санкциялық 
қысымның қайтадан басталуы мен қатаюы Иран экономикасын қиын жағдайда қалды-
рды. Мұндай жағдайларда ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда қаржыландыру-
дың қажетті көлемінің болмауына байланысты да, түрлі геосаяси жағдайларға байланы-
сты да айтарлықтай қиындықтар туындады. Соңғы жылдары Иранның стратегиясы 
өте сақ және қайшылықты болып қала берді. Бір жағынан, Тегеран АҚШ-тың мүдделері 
мен қысымынан тәуелсіз аймақтық энергетикалық серіктестікті күшейтуге тыры-
сады. Осыған байланысты Иран ОАА елдерімен энергетика саласындағы екіжақты ын-
тымақтастықты нығайтуда. 2016 жылдың қаңтарында Иран Ислам Республикасынан 
санкцияларды алып тастау дамудың жаңа кезеңін ашты.
Түйін сөздер:
 Иран Ислам Республикасы, Орталық Азия, Түркіменстан, Тәжікстан, 
Қазақстан, Қырғызстан, көлік логистикасы, халықаралық көлік дәлізі, транзиттік әле-
ует, санкция.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет