Ырғыз ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы



бет2/31
Дата12.10.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65912
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31

2. АҒЫМДАҒЫ АХУАЛДЫ ТАЛДАУ


    1. 2.1. Өңірдің оң және теріс жақтарын, сондай-ақ олардың еліміздің әлеуметтік-экономикалық және қоғамдық саяси дамуына ықпал етуін бағалау

Ырғыз ауданының әлеуметтiк-экономикалық жағдайын бағалау нақты сектордың дамуымен, денсаулық сақтау, бiлiм және халықты әлеуметтiк қорғау салаларында оң серпінмен сипатталады.

Халқы мен аумағы. Ауданның әкімшілік-аумақтық бөлінісі 19 елді мекенді қамтитын 7 селолық округтен тұрады. Ақтөбе облысы әкімдігінің 2015 жылғы 2 қарашадағы № 400 қаулысымен Құрылыс, Құтикөл елді мекендері тірек ауылдық елді мекендер тізбесіне енгізілді. 2016 жылдың 1 қаңтардағы жағдай бойынша аудан халқының саны Ақтөбе облысы статистика Департаментінің мәліметі бойынша 15,240 мың адам, халқының саны жөнінен Ақтөбе облысында ең төменгі орында.

Ақтөбе облысының дамуындағы Ырғыз ауданының жағдайы. Ырғыз ауданының экономикасы –ауыл шаруашылығына негізделген. Ауылшаруашылығында өндірілген өнімнің жалпы көлемі 6,3 млрд.теңгені құрады, немесе 2014 жылмен салыстырғанда өсім 1,1 % көрсетті. Бұл салада өндірілген өнім көлемі облыстың көрсеткішінің 5,2% құрайды.

Өндірілген өнеркәсіп өнімінің көлемі 2015 жылдың 10 айында 854,7 млн.теңгені құрады, бұл облыстың көрсеткішінің 0,11 % құрайды. Өнеркәсіп өндірісінің негізгі бөлігін ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу өнімдері құрайды.

Ауданның әлеуметтік –экономикалық жағдайы бірқалыпты. Тұрғындардың механикалық қозғалысы атап айтқанда төмендетілген. Адамдардың өмір сүру көрсеткіші жоғарылап, айлық жалақысы өскен. Көлiк инфрақұрылымы жеткiлiксiз дамыған болып табылады, себебі жолаушы және жүк тасымалы тек автокөлік жолдары арқылы жүзеге асырылып келеді.

Инвестициялық қызмет. Ырғыз ауданының 2015 жылдың 10 айында негізгі капиталына инвестиция көлемі 4584,5 млн. тенге құрады, бұл 2014 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 228,3 пайыз.


Каталог: sites -> default -> files
files -> Жамбыл атындағы республикалық жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Ермұхан Бекмахановқа Сыздайды жаным, мұздайды қаным, жан аға!
files -> Жамбыл атындағы Мемлекеттік жасөспірімдер кітапханасы Қазақстан ақын – жазушылары ХХ ғасырда
files -> Қызылорда облысының жер – су атаулары қызылорда, 2013 жыл сыр елі қызылорда облысы
files -> ОҚу курсының каталогы 050117 қазақ тілі мен әдебиеті
files -> Өмірбаяндық деректеме
files -> Жиырма үш жыл бір ғұмыр
files -> Пәнінің мұғалімі Ищанова Эльмира Абайқызы Қазақ әдебиеті ( 6 «б» сынып ) Сабақтың тақырыбы


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет