Тұрғындардың өмір сүру деңгейі
Өмір сүру деңгейінің жақсаруы демографиялық салада байқалады, туу өсімі мен қайтыс болу деңгейінің төмендеуі атап өтіледі. Халықтың өмір сүру деңгейі артуда, тұрғындардың орташа айлық жалақысы мен табысы өсуде.
Өңірлік банктiк институттар сипаттамасы. Екінші деңгейдегі банктер жоқ.
2.2. Аумақтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына талдау
2.2.1. Экономика
Өңірлік микроэкономика
2014 жылы 842,2 млн.теңге өнеркәсіп өнімі өндірілді, 2013 жылмен салыстырғанда нақты көлемі индексі 98,0% құрады. Қазақстан Республикасының 2010-2014 жылдарға арналған үдемелі индустриалды инновациялық даму бағдарламасын жүзеге асыруда Ырғыз селосында 200 тонналық сыйымдылықтағы көкөніс сақтау қоймасы құрылысын салу жобасы жүзеге асырылды.
Агроөнеркәсіптік кешен
Бүгінгі таңда ауданның агроөнеркәсіптік кешеніндегі жағдай өндірістің тиімді өсімімен, ауылдағы қаржы қызметі нарығының дамуымен, ауыл халқының өмір сапасының жақсаруымен сипатталады.
2014 жылы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі 6 млрд.965 млн. 700 мың теңгені немесе нақты көлем индексі 101,8 пайызды құрады.
Жыл сайын ауыл шаруашылығының негізгі капиталына инвестициялар артуда. 2013 жылы 34 млн. 259 мың теңге, 2011 жылы 57 млн. 441 мың теңге, 2012 жылы 263 млн. 324 мың теңге, 2013 жылы 142 млн. 223 мың теңге, 2014 жылы 144 млн. 437 мың теңге инвестиция тартылды.
Ауданның ауыл шаруашылық жер көлемі 4151,2 мың гектар, оның ішінде 2014 жылы пайдаланғаны 1105,4 мың гектар, немесе 26,6 пайызы ғана.
Аудан бойынша 2014 жылы ауыл шаруашылығы құрылымдарының саны 227, оның ішінде 23 жауапкершілігі серіктестігі, 10 өндірістік кооперативі, 194 шаруа қожалықтары жұмыс жасады. Өткен 2011 жылмен салыстырғанда 13 бірлікке шаруашылық саны өсті.
Өсімдік шаруашылығы. Аудан бойынша 2014 жылы 35 га картоп, 22 га көкөніс, 10,0 га жерге бақша, барлығы 67 га алқапқа суармалы бау- бақша егілді. Егілген картоптан 498,3 тонна өнім жиналды, бұл көрсеткіш 2013 жылмен салыстырғанда 100,6 % құрады, ал көкөніс 328,0 тонна, бақша 159,7 тонна жиналды немесе 100,7% құрады. Екпелі шөппен айналыспай отыр. Аудан тұрғындарына ішкі қажеттілігіне 980 тонна картоп қажет болса, қамтамасыз етілуі 50,8%, 1260 тонна көкөніс қажет болса қамтамасыз етілуі 26,0% құрады. Қажетті картоп көкөністер дүкен складтарында, бала бақша, аурухана қоймаларында сақталады.
«Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық – материалдық құндылықтардың құнын арзандату» бюджеттік бағдарламасына берілетін субсидиясынан аудан бойынша 3 ауыл шаруашылық құрылымы 325,0 млн теңге субсидия алды.
Достарыңызбен бөлісу: |