Ырғыз ауданының 2016-2020 жылдарға арналған аумақты дамыту бағдарламасы


БАҒЫТ: ХАЛЫҚТЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ШЕШУ



бет27/31
Дата12.10.2020
өлшемі0,54 Mb.
#65912
түріБағдарламасы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31
2.2.6. БАҒЫТ: ХАЛЫҚТЫҢ БІРІНШІ КЕЗЕКТЕГІ ҚАЖЕТТІЛІКТЕРІН ШЕШУ

Халықтың бірінші кезектегі проблемалық мәселелері ауыл тұрғындарының жиналыстарында (сходта) ұсыныстар арқылы енгізілді.

*Ауылдық елді мекендерді сапалы ауыз сумен қамту;

*Аудандық әкімшілік ғимараты құрылысын салу;

*Ауылдық округ әкімшілігі ғимараты ескі, жаңадан құрылысын салу немесе қайта жарақтандыру.

*Кейбір мектептер күрделі жөндеуді қажет етеді;

*Мал өнімдерін өңдейтін цех жоқ;

*Ауыл тазалығын сақтау мақсатында ауылдық округ әкімдігін арнаулы техникамен жабдықтау;

*Ырғыз ауылының ауылішілік газ тарату желісінің құрылысын жүргізу;

*Ырғыз ауылының орталығынан 150 орындық балабақша құрылысын салу;

*Қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын салу.
2.3 Орта мерзімдік келешекте аумақтың негізгі мәселелерінің, тәуекелдерінің, кедергі туғызатын факторларының, бәсекелестік артықшылықтары мен бірқалыпты әлеуметтік-экономикалық дамудың кешендік сипаттамасы

Ырғыз ауданының 2013-2014 жылдар аралығындағы әлеуметтік-экономикалық жағдайын талдау нәтижелері аймақтың даму диамикасының өсуін көрсетеді.



Артықшылықтары:

  • Ауданның географиялық тұрғыдан тиімді орналасуы, Батыс Еуропа-Батыс Қытай бағыты бойынша транспорттық-логистикалық және транзиттік потенциалының болуы;

  • Жағымды инвестициялық климат, инвестициялық белсенділіктің жоғары деңгейі, негізгі капиталға салынатын инвестициялардың өсуі;

  • Жоғары демографиялық потенциалы;

  • Еңбек нарығының дамуы: еңбек ете алатын халықтың басым болуы, жұмыссыздықтың деңгейін азайтады, экономикалық белсенді халықтың санын өсіреді.

Кемшіліктері:

  • Жер құнарлығының деңгейінің төмен болуының себебі: агроөндірістік кешенінің дамымай қалғандығы, көп аймақтардағы су тапшылығы, ауыл-шаруашылық тауарларын өндірудің табиғи-климаттық жағдайларға тікелей байланысты болуы және ауыл-шаруашылық тауарларын өндірушілердің сату нүктелерінен қашық болуы;

  • Жоғарыдағы себепке байланысты ауыл-шаруашылығын қолдаудағы жеке қызығушылығының бар болуы;

  • Азаматтардың тұрғын үйге тапшы болуы;

  • Аймақ аралық жолдарының сапасы төмен болуы;

  • Еңбек қорларындағы кәсіптік-дәрежелік құрылымының экономика талаптарына сай болмауы, кәсіптік білім беру саласындағы мамандарды дайындаудағы көлем мен бағытының арасындағы байланысының жоқ болуы;

  • Әлеуметтік инфрақұрылым объектілер жүйесінің аз дамуы, алыстағы ауылдық жерлеріндегі әлеуметтік инфрақұрылым объектілеріне қол жетуінің қиындығы;

  • Кірістің бір жанға деген бөлінуінің бірқалыпсыздығы;

  • Ауылдық жерлердегі білім беру деңгейінің төмен болуы;

  • Аталмыш саладағы әлеуметтік инфрақұрылым қызмет көрсету саласының төмен болуы;

  • Мемлекеттік органдар мен халық арасындағы жедел байланысының жоқ болуы.

Мүмкіндіктері:

  • Кластерлер негізіндегі ауыл өндірушілердің кооперация процесін белсендіру арқасында өндіріс көлемін және ауыл-шаруашылық шикізат өңдеу дәрежесін арттыру;

  • Бюджеттік қаражаттарды пайдалану тиімділігін арттыру;

  • Жергілікті атқарушы органдардың қызметінің тиімділігін жылдық бағалау жүйесін ендіру арқасында жергілікті мемлекеттік басқару құрылымын жетілдіру, барлық деңгейдегі әкімдердің жауапкершілігін арттыру;



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   31




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет