Іріңді-септикалық аурулар. Жаңа туған баланың орталық жүйке жүйесінің зақымдануы. Тамақтанудың созылмалы бұзылуы. Жоспар



бет10/20
Дата18.12.2021
өлшемі48,72 Kb.
#103092
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
Лекция. Іріңді- сепсистік аурулар.Жаңа туған баланың ОНЖ зақымдануы. (4)

Клиникалық көрінісі

Бас миының перинатальді зақымдануының клиникалық көрінісі аурудың ағымы мен ауырлығына байланысты болады. Жедел кезеңде ОЖЖ зақымданулары болады (әлсіздік, гиподинамия, гипорефлексия, диффузды бұлшықет гипотониясы және т.б.), сирек ОЖЖ-нің қозу синдромы болады (спонтантты бұлшықет белсенділігі, беткей ұйқы, иектің және аяқ-қолдардың треморы).

Ерте қалпына келу кезеңінде жалпы милық белгілер төмендеп, бас миының ошақты зақымдану белгілері көріне бастайды. Қозғалыс бұзылыстары дамиды, бұлшықеттің гипо-, гипер-, немесе дистониясы, парездер мен параличтер, гиперкинезер. Бас шеңберінің ұлғаюы гидроцефалия синдромы, бас жіктерінің ажырауы, үлкен еңбектің ісінуі, маңдайдағы, самайдағы вена тамырларының ұлғаюы, бас көлемінің үлкеюі болады. микроциркуляция бұзылыстары тән: терінің бозаруы мен мрамор түсті өзерісі, акроцианоз, аяқ-қолдарының суық болуы. Терморегуляция бұзылыстары, асқазан-ішек жолдарының дискенезиясы, тыныс жолдары мен қан тамыр жүйесінің бұзылыстары.

Кеш қалпына келу кезеңінде бұлшықет тонусы, статикалық функциялар қалпына келе бастайды. Толық қалпына келу перинатальді кезеңде ОЖЖ/нің зақымдану деңгейіне байланысты болады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет