Іріңді-септикалық аурулар. Жаңа туған баланың орталық жүйке жүйесінің зақымдануы. Тамақтанудың созылмалы бұзылуы. Жоспар



бет18/20
Дата18.12.2021
өлшемі48,72 Kb.
#103092
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
Байланысты:
Лекция. Іріңді- сепсистік аурулар.Жаңа туған баланың ОНЖ зақымдануы. (4)
№1,прак.сабақ Әбілдаева Ажар, Тыныс алу тесттері, Тыныс алу тесттері
Kлиникасы: дене салмағының кемуіне байланысты гипотрафияның 3 дәрежесі бар:

1 дәреже – дене салмағы 10-20%кем болады тәбеті орташа, терісі бозғылт. Терінің тургоры төмендеп, тері асты май қабаты баланың аяқ-қолдарында, денесінде, әсіресе ішінде азаяды. Психикалық дамуы жасына сәйкес.

2 дәреже –дене салмағы 20-30% кем болады, тері асты майы денесінде, ішінде болмайды, ал аяқ-қолдарында, бетінде азаяды, тәбеті төмендеген, баланың қорғаныс күштері төмен, психикалық дамуы қала бастайды.

3 дәреже – дене салмағының кемдігі 30% артық болады, баланың бойы да мөлшерден 4-5 см-ге кем, тері асты май қабаты денесінің барлық жерінде жоқ, бет терісі әжімденген, іші үлкейген болады, терісі бозғылт, құрғақ, қабыршаққтанған, терісінің созылғыштығы төмендеп, психикалық даму өте артта қалады.



Емі:

І дєрежелі гипотрофиялы балаларды емхана жағдайында емдейді. 

ІІ жєне ІІІ дәрежедегі гипотрофияны ауруханада емдейді де тағамды бар дене салмағына есептейді.  3 фазалы тамақтандыруды ұйымдастырады:


  •  1-ші фазада (алғaшқы 7-8 күн) Баланы ақырындап, біртіндеп сұйық тағамдармен қоректендіреді, оған тамақтың 1/3 немесе 1/2 бөлігі беріледі.

  •   2-ші фазада (келесі 7-8 күн) баланың жағдайы жақсарса, оған жасына сай тамақ беріледі.

  •  3-ші фазада баланың тамағының құндылығы оған тиісті нормадан 15-30%-ке көбейтіледі.

Аурудың алдын алуы:

1.  Баланы дұрыс тамақтандыру: мүмкіншілік болса табиғи тамақтандыру, --шырын, қосымша тамақтарды уақтылы енгізу

2. Күнтәртібін дұрыс сақтау.

3.  Жұқпалы аурулардан сақтау.

4.  Ата-аналар мен санитарлық-ағарту жұмысын өткізу.

 Квашиоркор – тропикалық және субтрофикалық елдерде 2-4 жас аралығында балаларда кездесетін дистрофияның түрі. Тамақтану рационында ақуыздардың аз болуынан және ақуыз дистрофиясының салдарынан дамитын ауру, яғни ағзаға жеткілікті мөлшерде ақуыздың жетіспеуі. Бұл ауру көбінесе 1-4 жас аралығындағы балаларда дамиды,бірақ кейде жасөспірімдер мен ересек адамдар да кездесіп жатады.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет