Этиологиясы: Бала ана сүтін қабылдаған кезде қандай да бір мөлшерде аминқышқылдарды қабылдайды,ол баланың өсіп өнуі үшін қажет. Баланы ана сүтінен шығарған жағдайда ана сүтін алмастыратын тамақтар беріле бастайды. Егер ана сүтін алмастыратын тамақта крахмал,қант көп болып ақуыз аз болса балада Квашиоркор ауруы дамиды.Квашиоркор ауруы көбінесе Африка елдерінде көптеп кездеседі.Себебі халықтың көбісі өте аш және олардың бидай құрамында ақуыз мөлшері басқа мемлекеттердегі бидайға қарағанда аз мөлшерде болады.Сондықтан да Квашиоркор ауруымен ауыратындар өте көп кездеседі.
Патогенезі
Ақуыздың жетіспеуі энергияның жетіспеуі және ферменттер микорэлементтердің жетіспеушілігі мен тіңдер және мүшелердің дистрофиясына әкеліп соғады(яғни ақуыздың жетіспеуі қоректенудің күрделі бұзылыстарына әкеледі)Квашиоркор патогенезінің басты себепкері ол бала организмінде пластикалық заттар мен ферменттердің жетіспеущілігі. Квашиоркор көбіне жаңа туған балаларда көп кездеседі,сондықтан балаларды ақуызы көп тамақтармен тамақтандыру керек.
Клиникасы
1)Апатия
2)Ашушаңдық
3)Әлсіздік
4)Бала өсуінің тежелуі
5)Бұлшық еттердің гипотониясы мен дистрофиясы, нәтижесінде іштің көлемінің үлкеюі болады.
6)Ісіктер пайда болады, сондықтан баланың салмағының өзгерісен байқау қиын болады
7)Шаштар сирек, жіңіщке және өзінің эластикалық күшін жоғалтады. Қара түсті шаштар депигментация әсерінен өзінің түсінен айырылуы мүмкін.Мысалы:сұр,қызылға айналуы мүмкін
8)Бауырың үлкеюі байқалады
9)А және В тобының витаминдерінің жетіспеушілігі пайда болады
10)Тез уақыт ішінде иммунитеттің төмендеуі байқалады
11)Құсу,тәбеттің қашуы,іш өтулер болуы мүмкін.
Диагностикасы
Диагноз анамнез жинаудың, клиникалық көріністерінің және лабораториялық зерттеулердің көмегімен қойылады.
Жиі кездесетін белгілердің бірі-гипоальбуминемия. Сонымен қатар қан құрамында қант төмен болады.Өсудің тежелуі болғанымен, соматотропты гормон гиопфиздың секрециясы жоғары. Аурудың бастапқы кезінде кетонурия кездесуі мүмкін.
Емі: Емдеу жұмыстары ауруханада өтеді,яғни науқасты жатқызу керек. Баланың жасына қарай тамақтың мөлшерін реттеу қажет. Жетіспейтін ақуыздар мөлшерін сүт,ірімшік,аминқышқылды препараттардың көмегімен толықтыруға болады. Ақуызы көп және энергетикалық құндылығы көп тағамдардың көлемін бара бара көбейте береді. Жануарлар майына қарағанда өсімдік майын пайдаланған жөн.
Емдеудің алғаш күндерінен бастап витаминдер беріледі(әсіресе А және В тобы). Сонымен қатар магний,калий,темір және ферментті дәрілер қолданылады.
Ем басталғаннан кейін бірнеше апта бойы бала салмағы төмендеуі мүмкін. Себебі бала денесіндегі ісіктер қайтады.
Профилактикасы: 1.Балаларды сүттен шығарғаннан кейін баланың тамақтану рационында ақуыздардың жеткілікті мөлшерде екенін қадағалау
2.Тамақтану режимін сақтау
3.Тамақтану пирамидасын қолдану
4.Уақытылы тамақтану
Паратрофия
Паратрофия-ерте жастағы балалардағы артық салмақпен және тіндердің гидрофильдігінің артуымен сипатталатын қоректенудің бұзылуының бір түрі.
Себептері және бейімделу түрлері: негізгі себептері құрамында май және көмірсулар көп тағамдардан шамадан тыс артық беру бұл ерте жастағы балаларға құрғақ сүт қоспалары қолдан дайындап бергенде өтк қою етіп, ботқаларды жиі бергенде болады.
Клиникасы: сәбидің денесі жұмсақ, дөңгеленіп томпайған, беті толық, кең сопақша тәрізді болады. көздердің арасы кең, мойны қысқа, кең иықты, көптеген дизэмбриогенездік белгілгілер байқалады және тіндер тургоры төмендеп, терісінің бозарғаны байқалады. Эмоционалдық тонустың тұрақсыздығы, тез шаршағыштық, бұлшықет гипотониясы, қимылдар дамуының тежелуі. Иммундық жүйенің төмендеуі. Ақуыз, су-тұз алмасуы нашарлаған, гиповитаминоз болады.
Достарыңызбен бөлісу: |