Іріңді-септикалық аурулар. Жаңа туған баланың орталық жүйке жүйесінің зақымдануы. Тамақтанудың созылмалы бұзылуы. Жоспар



бет13/20
Дата18.12.2021
өлшемі48,72 Kb.
#103092
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Байланысты:
Лекция. Іріңді- сепсистік аурулар.Жаңа туған баланың ОНЖ зақымдануы. (4)
№1,прак.сабақ Әбілдаева Ажар, Тыныс алу тесттері, Тыныс алу тесттері
Нәрестелердің туыт жарақаттары — туыт кезінде нәресте ағзасының жарақаты және қызметінің бұзылысымен жүретін патологиялық жағдай. Себебі: ұрықтың дұрыс келмеуі, үлкен ұрық немесе анасының тар жамбасы, созылмалы жатырішілік ұрықтың гипоксиясы, шала туылу, туу кезеңінің ұзаруы, акушерлік қысқыштар.

Туыт жарақаттары бөлінеді: жұмсақ тіндердің (тері, теріасты шелмай қабаты, бұлшықеттер), сүйектің, ішкі ағзалардың, орталық және перифериялық жүйке жүйесінің жарақаттары.

Жұмсақ тіндердің туыт жарақаттары

  Туыт кезінде тері мен теріасты шелмай қабатының зақымданулары, әдетте жақсы күтім болып, асептика ережелерін сақтаса (0,5% спиртті йод ерітіндісі мен, асептикалық таңғыш қою) 5-7 күндері жазылып кетеді.

Бұлшықеттің зақымдануы ауыр патология болып табылады. Жиі ақн құюлымен немесе жыртылуымен жүретін төс – бұғана – емізікті бұлшықеттің зақымдануы жатады. Бұндай жарақаттан ұрықтың жамбаспен немесе қолмен келуінде, акушердік қысқыштарды қолданғанда болады. зақымданған бұлшықет айналасында пальпация кезінде ауру сезімімен жүретін тығыз гематома анықталады. Кейде дигностика нәресте өмірінің 1 аптасының соңында қисық мойын анықталғанда қойылады. Нәрестенің басын зақымданған жаққа қарай қисайып, иегі қарама – қарсы жаққа қараған болады.

Емі: валик қойып түзейді, құрғақ жылу, электрофорез, массаж. Әдетте 2-3 аптаға таман бұлшықеттер ақлпына келеді. Консервативті ем нәтижесіз болғанда хирургиялық ем қолданады.



Кефалогематома - бала туу кезінде суйекүсті қабаты мен бас сүйегінің арасына қанның жиналуы.

Кефалогематоманың емі:



  • Гематома көлемі үлкен болмаса нәрестеге кальций препараттарымен К витаминін 3-5 күн тағайындайды..

  • Егер кефалогематоманың көлемі 8 см және одан жоғары болса пункциялап сұйықтықты сорып алады. Таңғышпен таңып қояды.

  • Аналарға баланы қатты тербетуге болмайтынын ескерту керек.

  • Егер гематома іріңдей бастаса, онда оны ашып іріңді шығарып, антисептиктермен тазалап антибиотикотерапия өткізу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет