Ісінулік формасы ауыр түрі болып табылады. Нәрестелер уақытынан ерте, өлі немесе туғаннан кейін бірнеше сағаттарда өлуі мүмкін.
Клиникасы: терісі бозарған, кейде сарғайған немесе цианозданған, беті ай тәрізді, теріасы май қабатының ісінуі, қуыстарда сұйықтық (плевральді, перикардиальді, құрсақтық), петехиялар болады. Гепатоспленомегалия. Қанында гемоглобинмен эритроциттің, лейкоциттердің, ретикулоциттердің төмендеуі болады.
Сарғаюлық формасы ауыр, орташа және жеңіл дәрежеде болады. ауыр түрінде нәресте туыла салысымен немесе бірнеше сағаттардың ішінде сарғаюының күшеюі тән. Ұрықмаңы су мен ұрықтың денесіндегі смазка жасыл түсті болады.
Сарғаю тез көтеріліп сары-жасыл немесе сары-қоңыр түске боялады. Гепатоспленомегалия. Қан ағулар болуы мүмкін, нәрестелер әлсіз, нашар емеді, физиологиялық рефлекстері төмен болады. Сарғыштық 3 аптадан ұзақ сақталуы мүмкін. Тура билирубин деңгейі көтеріледі. Нәресте өмірінің 3-5 күндері, билирубин деңгейі өзінің шыңына жетеді.
Уақытылы дұрыс ем жүргізілмесе ядролы сарғаю дамуы мүмкін. Басішілік қысым жоғарылайды (шүйке бұлшықетінің ригидтілігі, тоникалық тырысулар, аяқ-қолдардың треморы). Гипотония. Рнәрестелердің ауыздары ашық, беті маска тәрізді болады. Даусы әлсіз, қарашықтары «батып бара жатқан күн» сияқты болады.
Достарыңызбен бөлісу: |