Қыркүйек Серуен №1 Жыл мезгілдерінің өзгеруін бақылау Мақсаты



бет12/25
Дата24.04.2023
өлшемі63,61 Kb.
#175306
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25
Байланысты:
Серуен - күз
зиянды заттар , Студенттермен кездесу., ата-аналар жиналысы майга
Бақылау барысы


Көркем сөз
- Кешкілік пе, күндіз бе,
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастай алмай жүрміз бе?
Жайнап өсіп далада,
Көздің жауын ала ма?
Бірде бірін жұлғызба,
Қасыңдағы балаға.
Тәрбиеші сұрақтары:.
♦ Қазір жылдың қай мезгілі?

  • Күзде өсімдіктер қандай қзгерістерге ұшырайды?

  • Мына гүлзардан не көріп тұрсыңдар?

  • Гүлзарда өсетін гүлдер қалай аталады?

  • Гүлдер көктемде қайта өсуі үшін не істеу керек?

  • Гүлдің өсуіне нелер көмектеседі?

  • Гүлдерді жұлуға бола ма?

Зерттеу жұмысы:
Гүлдерді салыстыру (гүлдер дің бір-бірінен айырмашылығы және ұқсастығы қандай).
Еңбек Әр қалтаға гүлдер дәнін жинап салу
Мақсаты: піскен, піспеген дәндерді ажырата білуге үйрету.
Қ/О: «Құстар қалай ұшады?».
Мақсаты: белгілі бағытқа жүкіруге жаттықтыру
Жаттығу ойындары Доппен жаттығу
Мақсаты: допты лақтыруға, қағып алуға жаттықтыру
Тыйым сөздер: Гүлді үзбе, көк шөпті баспа.

Қазан
Серуен №4
Жапырақтардың түсуін бақылау

Мақсаты:
— табиғаттың мезгілге байланысты құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту;
— бақылағандарын сөйлеу тілінде қолдану қабылеттерін қалыптастыру.
Бақылау барысы
Көркем сөз
Күзгі жапырақтар. Қ. Шаңғытбаев
Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күн шуақта маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Үшты кенет жапырақ.
Тәрбиеші сұрақтары.

  • Барлық ағаштардың жапырақтарының түсі өзгерді ме?

  • Ағаштар мен бұталардың түстері жазда қандай еді?

  • Күздің келуімен олар қалай өзгерді?

  • Қайың жапырақтарының түсі қандай? (алтын-сары) шетеннің ше? (қызыл)

  • Бәрінен бұрын қай ағаштың жапырағы түсін өзгертеді? (қайың)

  • Жапырақтардың түсуі кезінде қай ағаштың жапырағы ұзақ уақыт сақталады? (қайыңда )

Тәрбиеші балаларға ағаш жапырақтарының жерге түсуін бақылауды ұсынады, сұрақтар қояды, өлеңді қайталайды

♦ Жапырақтардың түсуінің қандай маңызы бар? (қысқы суыққа бейімделеді, аязда ағаштардың ауыр салмақтан сынуынан сақтайды, жапырақтармен бірге ағаш бойындағы керексіз заттар сыртқа шығады)


♦ Барлық жапырақтар бірдей түсе ме? (жоқ)
Түскен жапырақтармен бірге ағаштар да өле ме? (жоқ)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет