Қыркүйек Серуен №1 Жыл мезгілдерінің өзгеруін бақылау Мақсаты



бет9/25
Дата24.04.2023
өлшемі63,61 Kb.
#175306
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25
Байланысты:
Серуен - күз

Ағашты кеспе

  • Ағаш бұтағын сындырма

  • Ағаш жапыраған жұлма

  • Қазан
    Серуен №1
    Емдік шөптерді бақылау
    Мақсаты:
    - Балабақша ауласында өсетін емдік шөптер туралы білімдерін бекіту;

    • Табиғатты қорғау және сақтауға деген ынталары мен іскерліктерін қалыптастыру

    Бақылау барысы:
    Тәрбиеші балаларға алаңдағы емдік шөпке назар аударуларын сұрайды және сұрақтар қояды:
    -- Қандай емдік өсімдіктерді білесіңдер?
    ♦ Қалақайды неге емдік шөп дейміз? Ол арамшөп емес пе? Қалақайдың жапырақтарының пайдасы қандай? (онда К,С витаминдері бар, қан кетуді тоқтатады, шашты қатайтады.)
    ♦ Қалақай жапырақтарын қай уақытта дайындайды? (шикізатты гүлдеген мезгілінде-маусымнан тамызға дейін дайындайды)
    ♦ Итмұрын жемісі несімен бай? (А, Р, В, С Витаминдерімен. Алма және лимон қышқылдары бар;итмұрын жемісін күзге қарай жапырақтары түсін өзгерте бастаған, әбден піскен кезінде жинау керек).

    • Итмұрынды басқаша қалай атайды? (Иван-шәй)

    • Шәйқурайдың қандай пайдасы бар? (салқын тиюге қарсы және асқазан ауырғанда).

    Шәйқұрайдың жапырақтары мен гүлдерін, маусым айында гүлдеген кезде дайындайды. Олар С витаминдеріне өте бай, асқазан ауырғанда ем болады. Әсіресе өте тәтті шәй бір ғана гүлдерінен алынады..
    -- Жолжелкен (иманжапырақ). Оны кезкелген дала жолынан табуға болады. Оның салқын жапырағын аяқтың қажалған жеріне қоюға немесе жараланған саусаққа жапсыруға болады.Жолжелкен жапырақтарында А,К,С витаминдері бар және де жәндіктер шаққанда ауруды басуға, жараларды жазуға, қан тоқтатуға қолданылады. Жапырақтарды өсімдік гүлдеген мезгілде жинайды.
    Табиғат аясында өзін ұстау ережелері:

    • Емдік өсімдіктерді жинағанда тек қана өздерің білетін, Қызыл кітапқа

    енбегендерін жинау керек;

    • Өсімдікті тамырымен жұлуға болмайды;

    • Емдік өсімдіктерді көрсетілген мерзімде ғана жинау керек;;

    • Бір түп өсімдікті солайымен жұлып немесе кесіп алуға болмайды.



    Достарыңызбен бөлісу:
    1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   25




    ©engime.org 2024
    әкімшілігінің қараңыз

        Басты бет