Бақылау барысы
Көркем сөз
- Кешкілік пе, күндіз бе,
Өсіп тұрған гүлді үзбе.
Туған жерді далаға,
Тастай алмай жүрміз бе?
Жайнап өсіп далада,
Көздің жауын ала ма?
Бірде бірін жұлғызба,
Қасыңдағы балаға.
Тәрбиеші сұрақтары:.
♦ Қазір жылдың қай мезгілі?
Күзде өсімдіктер қандай қзгерістерге ұшырайды?
Мына гүлзардан не көріп тұрсыңдар?
Гүлзарда өсетін гүлдер қалай аталады?
Гүлдер көктемде қайта өсуі үшін не істеу керек?
Гүлдің өсуіне нелер көмектеседі?
Гүлдерді жұлуға бола ма?
Зерттеу жұмысы:
Гүлдерді салыстыру (гүлдер дің бір-бірінен айырмашылығы және ұқсастығы қандай).
Еңбек Әр қалтаға гүлдер дәнін жинап салу
Мақсаты: піскен, піспеген дәндерді ажырата білуге үйрету.
Қ/О: «Құстар қалай ұшады?».
Мақсаты: белгілі бағытқа жүкіруге жаттықтыру
Жаттығу ойындары Доппен жаттығу
Мақсаты: допты лақтыруға, қағып алуға жаттықтыру
Тыйым сөздер: Гүлді үзбе, көк шөпті баспа.
|
Қазан
Серуен №4
Жапырақтардың түсуін бақылау
Мақсаты:
— табиғаттың мезгілге байланысты құбылыстары туралы түсініктерін кеңейту;
— бақылағандарын сөйлеу тілінде қолдану қабылеттерін қалыптастыру.
Бақылау барысы
Көркем сөз
Күзгі жапырақтар. Қ. Шаңғытбаев
Алтын сары, қызыл, көк,
Алуан-алуан жапырақ.
Күзгі бақта күлімдеп,
Көз тартады атырап.
Күн шуақта маужырап,
Жатыр еді атырап.
Ағаштардан жамырап,
Үшты кенет жапырақ.
Тәрбиеші сұрақтары.
Барлық ағаштардың жапырақтарының түсі өзгерді ме?
Ағаштар мен бұталардың түстері жазда қандай еді?
Күздің келуімен олар қалай өзгерді?
Қайың жапырақтарының түсі қандай? (алтын-сары) шетеннің ше? (қызыл)
Бәрінен бұрын қай ағаштың жапырағы түсін өзгертеді? (қайың)
Жапырақтардың түсуі кезінде қай ағаштың жапырағы ұзақ уақыт сақталады? (қайыңда )
Тәрбиеші балаларға ағаш жапырақтарының жерге түсуін бақылауды ұсынады, сұрақтар қояды, өлеңді қайталайды
♦ Жапырақтардың түсуінің қандай маңызы бар? (қысқы суыққа бейімделеді, аязда ағаштардың ауыр салмақтан сынуынан сақтайды, жапырақтармен бірге ағаш бойындағы керексіз заттар сыртқа шығады)
♦ Барлық жапырақтар бірдей түсе ме? (жоқ)
Түскен жапырақтармен бірге ағаштар да өле ме? (жоқ)
|
Достарыңызбен бөлісу: |