Ис bestProfi



бет11/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79

қағидалары

288. Жүктерді, сондай-ақ меншікті (жалға алынған) бос вагондарды жеткізу мерзімдері тасымалдау төлемақысы есептелетін қашықтықты негізге ала отырып, жөнелту станциясынан межелі станцияға дейінгі жүкті жылжытуға арналған уақыт нормасы; жүктің жөнелтілуімен және келуімен, оның учаскелер бойынша ауыстырылуымен байланысты операцияларға арналған нормалардан және қосымша операцияларға арналған уақыт нормаларынан құрылады, тәулікпен есептеледі.
289. Жүктерді жеткізу мерзімдерін есептеген кезде толық емес тәуліктер толық ретінде есептеледі.
290. Жүкті жеткізу мерзімін есептеу жүк құжаты мен жүкті қабылдау туралы түбіртекте тасымалдаушының күнтізбелік мөртаңбада көрсетілген тасымалдауға жүкті қабылдаған күнінің 24 сағатынан бастап басталады.
291. Жүкті жеткізу мерзімінің өткен күнін тасымалдаушы жөнелту станциясында тасымалдау құжаттарында, оның ішінде жүк жөнелтушіге берілетін жүкті қабылдау туралы түбіртекте (жүк құжатының телнұсқасында) көрсетеді.
292. Вагондар топтамасынан жөнелтуді қоса алғанда, жеке вагондар берілген жүктерді жеткізу мерзімдері осы Қағидаларға 8- қосымшаға сәйкес вагондап жөнелтулер үшін белгіленген тәуліктік жүріс нормаларын негізге ала отырып есептеледі.
293 Жөнелтімдік маршруттармен жүктерді тасымалдау кезінде жүктерді жеткізу мерзімдері маршруттық жөнелтімдер үшін белгіленген тәуліктік жүріс нормаларын негізге ала отырып есептеледі. Бұл мерзімдер:
1) тасымалдаудың барлық қашықтығына маршруттық жөнелтімдер үшін белгіленген жүрістің тәуліктік нормасын негізге ала отырып - жүк жөнелтуші бір жөнелту станциясында бір межелі станцияға тиелген тура маршруттар үшін;
2) маршруттық жөнелтілімдер үшін белгіленген жүрістің тәуліктік нормасын негізге ала отырып - жөнелту станциясынан бөліп-бөліп жіберу (тарату) станциясына дейінгі қашықтыққа жеке және вагондар жөнелтілімдер үшін белгіленген жүрістің тәуліктік нормасын негізге ала отырып, бөліп-бөліп жіберу (тарату) станциясынан межелі станцияға дейін жеке бөліп-бөліп жіберу (тарату) станцияларына бағытталатын жөнелтілімдік маршруттар үшін, бұл ретте қашықтықтың нормативтік белдемесі болып тасымалдаудың қалған кашықтығы есептеледі;
3) маршрут құрамында ядро тек көрсетілген ядроға енгізілген вагондар үшін маршруттық жөнелтілімдер үшін тәуліктік жүріс нормасын негізге ала отырып (жүру жолында поезд салмағы өзгерген жағдайда межелі станцияға дейін қайта құрастырусыз келетін белгіленген салмақтағы жөнелтілімдік маршруттың негізгі бөлігі) бар болған кезінде есептеледі.
294. Тәуліктік жүріс нормасына сүйеніп есептелген жүктерді жеткізу мерзімдері мыналарға арттырылады:
1) 2 тәулік - жүктің жөнелтілуі мен келуіне байланысты операцияларға (1 тәулік жөнелту станциясы үшін және 1 тәулік тағайындалған станциясы үшін);
2) 2 тәулік - рефрижераторлық секцияларға тиеу жүргізілетін әрбір аралық станция үшін, егер оған тиеу бірқанша станцияларда жүргізілсе;
3) 1 тәулік - көліктің басқа түріне берген, тікелей аралас қатынаспен тасымалданатын жүктерді көліктің басқа түрінен қабылдаған кезде жүктерді аударумен байланысты;
4) 2 тәулік - вагондарды паром арқылы өткізгенде;
5) 2 тәулік - жүктерді жолтабанының ені басқа доңғалақтар жұбының вагондарына тиеген кезде;
6) 2 тәулік - вагондардың доңғалақтар жұбын жолтабанының бір енінен басқасына орнын ауыстырған кезде;
7) 1 тәулік - жүкті басқа мекенжайға жіберуге байланысты операцияларға;
8) 1 тәулік - жүктерді 1000 км-ге дейінгі қашықтыққа тасымалдаған кезде, 2 тәулік - шағын жөнелтпелермен және контейнерлерде тасымалданатын, оларды жинақтау және жүксұрыптау платформаларында сұрыптау үшін жүктерді 1000 км-ден астам қашықтыққа тасымалдаған кезде.
295. Жүктерді жеткізу мерзімдері мынадай жағдайларда кідіртудің барлық уақытына арттырылады:
1) шекаралық, кедендік, фитосанитарлық және басқа органдар станция аумағында өздерінің қызметін станция жұмысының режимінде жүзеге асыратынын есепке ала отырып, кедендік және басқа мемлекеттік бақылау органдарының жүктерді кідіртуі;
2) Жүк жөнелтушінің кінәсінен жіберілген тиеуді түзету, жүктердің асқынжүгін жою үшін жүктерді жүріс жолында кідіртуі;
3) тасымалдаушыға тәуелсіз себептер бойынша туындаған олардың техникалық немесе коммерциялық жағдайларын түзетуге байланысты жүріс жолында вагондарды, контейнерлерді кідіртуі;
4) жүктерді тасымалдауды жүзеге асыруға бөгет болатын дүлей күштің, әскери әрекеттердің, қоршаудың, індеттердің немесе өзге жағдайлардың салдарынан жүріс жолында вагондарды, контейнерлерді кідіртуі;
Жүк жөнелтушінің, жүк алушының немесе экспедитордың кінәсі бойынша тасымалдауға бөгеттер пайда болған кезде тасымалдаушы оларды бұл жөнінде тәулік ішінде хабардар етеді.


Осы тармақта көзделген жүктің кідіру себептері туралы және осы кідірудің себептері туралы тасымалдаушы екі данада жалпы нысанды ГУ-23 актісін жасайды. Актінің бірінші данасы тасымалдау құжаттарына және тағайындалған станциясында жолдық тізімдемеге қоса тіркеледі. Жүкқұжаттың «Тасымалдаушының белгілері» бағанында және жолдық тізімдемедегі жүк атауының астында мына мағынадағы белгі жасалады: «Жүк ________________станциясында ___________________________________



(кідіруінің себебі көрсетіледі)

үшін кідіртілді. Жеткізу мерзімі ____ тәулікке ұзартылады, ол жөнінде 20 ___ жылғы «__» _____________ №______ жалпы нысанды акт жасалады». Белгі тасымалдаушының немесе ол уәкілеттік берген адамның қолымен және тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыбымен куәландырылады.
Тасымалды тасымалдардың электрондық жинағын пайдаланып жүзеге асырған кезде осы тармақта көрсетілген белгілер электрондық жүкқұжат пен жолдық тізімдеменің қағаз көшірмесіне қойылады. Жүктің кідіруі және жеткізу мерзімінің ұзаруы туралы тасымалдардың электрондық жинағына ақпаратты енгізу тасымалдаушының МАЖ -ында осы функционалдық мүмкіндіктер бар болған кезінде жүргізіледі.
296. Габаритсіздіктің 6-дәрежелі және аса габаритсіз жүктерден бөлек габаритсіз жүктерді жеткізудің мерзімдері мына нормаларға сүйеніп, нақты жүріп өткен қашықтық бойынша белгіленеді:
жүрістің әр 100 км-не (қашықтық 100 км-ден кем болғанда толыққа саналады) 1 тәулік – біріншіден төртінші дәреже бойынша қоса алғандағы габаритсіз жүктер үшін;
жүрістің әр 80 км-не (қашықтық 80 км-ден кем болғанда толыққа саналады) 1 тәулік – бесінші дәрежелі габаритсіз жүктер үшін.
Барлық жүріс жолына жылдамдықты арнайы шектеуді талап ететін габаритсіздіктің алтыншы дәрежелі және аса габаритсіз жүктер үшін жеткізу мерзімдері белгіленбейді.
297. 1-шіден 5-інші дәреже бойынша (қоса алғанда) габаритсіз жүктерді жеткізу мерзімдері 1 тәулікке - жүкті өткізу үшін рұқсат алған мезеттен бастан жөнелтуге арттырылады
298. Салынып жатқан теміржол желісі станцияларына немесе осындай станциялардың желісінен магистральдық жолдарға жөнелтілетін бірыңғай тасымалдау құжаты бойынша тасымалданатын жүктерді жеткізу мерзімдері магистральдық жолдар бойынша қашықтыққа жеке және салынып жатқан теміржол желісі бойынша қашықтыққа жеке жеткізу мерзімдерінің қосындысы ретінде белгіленеді.
Салынып жатқан теміржол желісі бойынша қашықтыққа жүктерді жеткізу мерзімдері магистральдық жолдардан салынып жатқан темір жол желісіне жүктерді тапсыру бойынша және кері операцияларды жүзеге асыруға 2 тәулікке арттырып, тәуліктік жүрістің нормаларын екі есе азайтылғанды негізге алып есептеледі.
Салынып жатқан теміржол желісінің тағайындалған бір немесе әртүрлі станцияларында орналасқан бірқанша алушылардың адресіне рефрижераторлық секцияларда жүктерді тасымалдаған жағдайда, салынып жатқан теміржол желісі бойынша оларды жеткізудің мерзімін есептеген кезде тәуліктік жүріс нормасы үш есе азайтылады.
299. Егер тасымалдаушы жүкті тағайындалу станциясында жүк қабылдаушыға немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға белгіленген жеткізілу уақыты өткенге дейін берсе, жүк мерзімінде жеткізілген болып саналады.
Егер жүктер жеткізілу уақыты өткенге және жүк алушыға тәуелді себептер бойынша вагонды, контейнерді қабылдау кідіртілгенге дейін тағайындалу станциясына келген жағдайда, олар мерзімінде жеткізілген болып саналады, ол туралы жалпы нысанда акт жасалады.
Бос, меншікті, жалға алынған вагон, егер оны тасымалдаушы тағайындалу станциясында жүк қабылдаушыға немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға жеткізілу уақыты өткенге дейін берсе, мерзімінде жеткізілген болып саналады.
300. Осы Қағидамен белгіленгенге қарағанда жүктерді жеткізудің өзге мерзімдерін көздейтін шарттар жасасу кезінде, тасымалдаушы жүкқұжатының «Жөнелтушінің ерекше өтініштері мен белгілері» бағанында белгі жасайды.
301. Тасымалдаушының жүкті жеткізу мерзімін өткізіп алғаны үшін айыппұл тасымалдаушы жүктің келгені және оны жүк алушының иелігіне беру мүмкіндігі туралы хабарламаны 1 тәулік ішінде алмаса, төленбейді.
16. Жүктерді сақтау
302. Жүктерді:
1) жүктерді тиеуді және түсіруді орындауға арналған станция жолдарында тиеу және түсіру орындарында;
жүкті тиеу тағайындалған күннен ерте тасып әкелген кезде, сондай-ақ тағайындалған күннен ерте тасып әкелінген жүкті Жүк жөнелтуші нің талабы бойынша тасымалдау болмаған немесе кейінге қалдырылған жағдайда;
тиеуді жүзеге асыру кезінде және тасымалдау құжаттарын ресімдеуді күтуде вагондардың бос тұрған кезінде;
2) вагондардағы, контейнерлердегі және жүк алушының күштерімен түсіруге жататын, сондай-ақ станциялық жолдарда тұратын, өздерінің осьтеріндегі жүктерді сақтауға жол беріледі.
303. Ашық қоймаларда, платформалар мен алаңдарда – жүктерді тиеу және түсіру орындарында осы Қағидаларға 27-қосымшаға сәйкес Ашық қоймаларда, платформалар мен алаңдарда сақтауға жол берілетін жүктердің тізбесінде көрсетілген жүктерді сақтауға жол беріледі.
Жүктерді жүктерді тиеу және түсіру орындарында сақтаудың шекті мерзімі (уақыты) осы Қағидаларға 28-қосымшада көрсетілген.
Жүкті тиеу және түсіру орындарына тиеуге тағайындалған күннен ерте әкелген кезде, сондай-ақ тағайындалған күннен ерте тасып әкелінген жүкті Жүк жөнелтуші нің талабы бойынша тасымалдау болмаған немесе кейінге қалдырылған жағдайда, мұндай жүктің станцияның аумағында болған уақыты үшін Жүк жөнелтуші дег жүкті сақтағаны үшін алым алынады.
304. Жүктерді сақтау үшін сақтаудың шекті мерзімдері (уақыты) белгіленеді. Жүкті шекті сақтау мерзімі жүк тасымалдаушының құралдарымен түсірген (босатқан) сәттен немесе вагонды, контейнерді жүк алушының құралдарымен түсіру орнына берген сәттен бастап есептеледі.
Жүкті тасымалдаушының құралдарымен түсіру (босату) немесе вагонды, контейнерді жүк алушының құралдарымен түсіру орнына беру күні көліктік жүкқұжаттың сыртқы жағында тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыпты қою жолымен көрсетіледі.
305. Жүк жөнелтушіге, жүк алушыға тәуелді себептер бойынша жүктің тиеу және түсіру орындарында орындарында тұрып қалуынан туындаған оның бұзылуына мүліктік жауапкершілік жүк жөнелтушіге, жүк алушыға жүктеледі.
306. Жүкті сақтау үшін тасымалдаушының Тарифтік басшылығында (прейскурантта) көрсетілген алымдар өндіріп алынады.
307. Жүкті сақтау үшін алым:
тиеу–түсіру жерлерде түсірілетін жүктер, түсіру мезетінен;
жүктердің вагондарда, контейнерлерде, стансалық жолдарда тұрып қалған, стансалық жолдарда орналасқан тиеу–түсіру жерлерде, жүк алушының құралдарымен түсіруге арналған, сонымен қатар стансалық жолдарда тұрып қалған салмағы бар өз бел ортасындағы жүктер, келген стансада жүктің келуі бойынша жүк алушыға хабарлаған мезеттен бастап жиырма төрт сағаттан асқаннан кейін;
басқа мекен-жайға рәсімделуін күтуімен жүктердің вагондарда, контейнерлерде, стансалық жолдарда тұрып қалған, келген стансада жүктің келуі бойынша жүк алушыға хабарлаған мезеттен бастап жиырма төрт сағаттан асқаннан кейін.
308. Тасымалдаушының Тарифтік нұсқаулығына сәйкес (Прейскурант) сақтау үшін үлкейтілген алымды жүк қабылдаушыны тиісті станциясына жүк келгені жөнінде хабарландырғаннан кейін қырық сегіз сағаттан асқаннан кейін он мәрте мөлшерінде қолданылады.
17. Жүктерді ұстап қалу, сату, жүктерді мемлекеттік органдарға

Каталог: bitrix


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет