Ис bestProfi


шарттардың міндетті талаптары



бет10/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   79

шарттардың міндетті талаптары

242. Теміржол кірме жолдары тікелей немесе басқа кірме жолдар арқылы магистральдық және (немесе) станциялық жолдарға жанасады.
243. Кірме жолдың және кірме жолға қызмет көрсетуші локомотивтің тиесілігіне карай шарттардың мынадай түрлері:
1) вагондарды беру-әкету шарты – тасымалдаушы мен тармақ иеленуші, меншік иелігінде немесе басқа да заңды негіздерде кірме жол мен локомотиві бар жүк жөнелтуші (жүк қабылдаушы арасында);
2) вагондарды беру-әкету шарты – тасымалдаушы мен тармақ иеленуші немесе олардың локомотивтерімен ұлттық инфрақұрылым операторына немесе тасымалдаушыға қызмет көрсету кезінде контрагент арасында.
244. Кірме жолдарды пайдалану және вагондарды беру-әкету шарттарын түйісу станциясының жұмыс технологиясын және кірме жолдың жұмыс технологиясын, ал тиісті жағдайларда кірме жол мен түйісу станциясы жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін ескере отырып, тасымалдаушы әзірлейді.
245. Кірме жол мен жанасу станциясы жұмысының бірыңғай технологиялық процесі (бұдан әрі - БТП) меншікті локомотивтерімен қызмет көрсететін және 50 вагон және одан артық орташа тәуліктік жүк айналымы бар ұйымдардың кірме жолдары үшін әзірленеді.
Кірме жолдың жүк айналымы бір жыл ішінде жүк тиелген және түсірілген вагондардың бір жылдағы күндер санына бөлінген санымен анықталады.
Кірме жол мен жанасу станциясы жұмысының БТП-сын бірлескен комиссия әзірлейді, оның құрамына тасымалдаушының, Инфрақұрылымның ұлттық операторының және тармақ иеленушінің уәкілетті өкілдері кіреді. Кірме жолдың негізгі өндірісінің технологиясы өзгерген немесе вагондарды беру-әкету шартының қолданыс мерзімі аяқталған жағдайда БТП жаңадан жасалады немесе түзетіледі. БТП-ны әзірлеу қажеттілігін Тасымалдаушы, Инфрақұрылымның ұлттық операторы және тармақ иеленуші анықтайды. БТП-ны әзірлеу кезінде Кірме жол мен жанасу станциясы жұмысының бірыңғай технологиялық процестерін әзірлеу қағидасы пайдаланылады.
246. Әзірленген БТП-ның жобасын Тасымалдаушы тармақ иеленушіге жібереді. Тармақ иеленуші бір ай мерзімде оны қарайды және қол қояйлған БТП-ны тасымалдаушыға қайтарады. Егер жоба бойынша лер болса тармақ иеленуші оған қарамастан БТП жобасына қол қояды және келіспеушілік хаттамасымен (негіздемесімен) бір айлық мерзімде тасымалдаушыға қайтарады.
Келіспеушіліктің бар екені туралы тармақ иеленуші БТП жобасында көрсетеді.
247. Егер тармақ иеленуші белгіленген бір айлық мерзімде қол қойылған БТП-ны қайтармаса немесе оны қол қоймай және келіспеушілік хаттамасынсыз қайтарса, онда ол Тасымалдаушының редакциясында күшіне енеді.
248. Келіспеушілік хаттамасымен қол қойылған БТП-ның жобасын алғаннан кейін тасымалдаушының өкілі бір айлық мерзімде келіспеушілік хаттамасын қарайды. Келіспеушіліктерді қарау күні туралы тасымалдаушының өкілі тармақ иеленушіге қарау күні тағайындалғанға дейін күнтізбелік 10 күннен кешіктірмей хабарлайды.
Егер келіспеушіліктерді қарау кезінде шешу мүмкін болмаған келісілмеген мәселелер қалса тасымалдаушының өкілі БТП-ның жобасын келіспеушілік хаттамасымен бірге келіспеушілік хаттамасы ресімделгеннен кейін күнтізбелік 15 күн ішінде тасымалдаушыға жібереді.
БТП-ның қол қойылған жобасын алғанда тасымалдаушы келісілмей қалған мәселелерді бір айлық мерзімде қарайды. Келіспеушіліктерді қараудың күні туралы тармақ иеленушіге қарау күні тағайындалғанға дейін кем дегенде күнтізбелік 25 күн бұрын хабарланады.
Келіспеушіліктер хаттамасын қарағаннан кейін БТП-ға тасымалдаушы немесе магистральдық темір жол желісінің операторы қол қояды.
Тармақ иеленуші келіспеушіліктер хаттамасын қарауға дәлелді себептерсіз келмесе, БТП тасымалдаушының редакциясында күшіне енеді. Егер тасымалдаушы белгіленген мерзімде келіспеушіліктер хаттамасын қараудың күнін тағайындамаса, БТП тармақ иеленушінің редакциясында күшіне енеді.
249. БТП бойынша қаралған келіспеушіліктер тасымалдаушының және тармақ иеленушінің қолдары қойылған хаттамамен ресімделеді. Қалған реттелмеген келіспеушіліктерді тасымалдаушы сот органдарына қарауға тапсырады.
250. Вагондарды беру-әкету және кірме жолдарды пайдалану шарттарымен вагондарды беру-әкету тәртібі, сондай-ақ тиеудің және түсірудің (жүктен босатудың) технологиялық уақыты немесе вагондар айналымының технологиялық мерзімдері белгіленеді. Вагондар айналымының технологиялық мерзімін есептегенде осы Қағидалардың 14-тарауында, осы Қағидаларға 24-қосымшаның 1-28 кестелерінде келтірілген жүк вагондарымен тиеу-түсіру операцияларын орындауға арналған мерзімдер және жүк вагондарымен тиеу-түсіру операцияларын орындауға арналған мерзімдерді анықтау жөніндегі әдістемелік ұсыныстар қолданылады.
251. Контрагенттің кірме жолына тармақ иеленушінің локомотивімен қызмет көрсетілгенде, олардың арасындағы қатынастар тасымалдаушының қатысуынсыз шартпен реттеледі.
Басқа тармақ иеленушінің кірме жолына жанасатын контрагенттің кірме жолына тасымалдаушының локомотивімен қызмет көрсетілгенде, контрагент пен тасымалдаушы арасындағы вагондарды беруге және алып кетуге шарт жасалады. Мұндай шарт тармақ иеленушінің өз жолдары бойынша контрагенттің вагондарын өткізуге келісімінің негізінде жасалады.
Негізгі тармақ иеленушінің кірме жолының тозуымен, күтіп ұстаумен және жөндеумен байланысты есептер, сондай-ақ контрагент пен тармақ иеленуші арасында пайда болған келіспеушіліктерді реттеу контрагент пен тармақ иеленуші арасында Инфрақұрылымның ұлттық операторының немесе тасымалдаушының қатысуынсыз жүргізіледі.
Егер контрагенттердің тармақ иеленушінің кірме жолы шектерінде тек жүктерді сақтау үшін қоймалары және тиеу-түсіру механизмдері ғана болса, онда олармен Инфрақұрылымның ұлттық операторының немесе тасымалдаушының локомотивімен вагондарды беруге және әкетуге шарт жасасылмайды. Бұл кәсіпорындарға қызмет көрсету тәртібі тасымалдаушы мен тармақ иеленуші арасында жасасылатын шартпен белгіленеді.
252. Кірме жолдарды жалға алу және вагондарды беру-әкету шарты бес жылға жасалады.
Станцияның немесе кірме жолдың технологиялық жарақтануы, жұмыс технологиясы өзгерген жағдайда шарттарға өзгертулер, толықтырулар енгізіледі, олар қосымша келісімдермен ресімделеді немесе жаңа шарттар жасасылады.
253. Ұлттық темір жол компаниясы филиалдарының кәсіпорындарымен және өкілдіктерімен вагондарды беруге және әкетуге шарттар жасалмайды. Вагондарды беру және алып кету тәртібі, олардың кірме жолда болуының технологиялық мерзімі және басқа барлық шарттар Инфра құрылымның ұлттық операторының бұйрығымен белгіленеді. Бұйрық бес жыл мерзімге шығарылады.
Станцияның немесе кәсіпорынның технологиялық жарақтануы, жұмыс технологиясы өзгерген жағдайда, бұйрыққа өзгертулер немесе толықтырулар енгізіледі.
254. Жүк тиеу және түсіруді орындауға арналған станция жолдарына вагондарды беру және әкету тәртібі, вагондардың бұл жолдарда технологиялық болу уақыты және басқа барлық шарттар Инфра құрылымның ұлттық операторының бұйрығымен белгіленеді.
255. Онымен вагондарды беру-әкету шарты жасалған тармақ иеленуші өзгерген жағдайда, жаңа тармақ иеленуші мен тасымалдаушы арасында вагондарды беруге-алып кетуге жаңа шарт жасасылады.
256. Тасымалдаушы тармақ иеленушімен бірлесіп, вагондарды беру-әкету шартынтың қолданыс мерзімі аяқталғанға дейін кем дегенде үш айдан кешіктірмей, жаңа шарт жобасын әзірлеуге кіріседі.
257. Вагондарды беру-әкету шарты жасалғанға дейін тармақ иеленуші Тасымалдаушыға кірме жолға құқығын растайтын құжаттарды тапсырады.
258. Кірме жолды пайдалануға және вагондарды беру-әкету шартын әзірлеу кезінде Кірме жолға қызмет көрсету және онда қозғалысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықтың, кірме жолдың техникалық паспортының, жоспарының деректері, бойлық бейіні, жасанды құрылыстардың сызбасы және осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес кірме жолды тексеру актісінің деректері ескеріледі.
259. Вагондарды беру-әкету шартын жасар алдында Инфра құрылымның ұлттық операторы тасымалдаушымен және тармақ иеленушімен бірге кірме жолға және оның техникалық жарақталуына тексеру жүргізеді. Тексерудің нәтижелері осы Қағидаларға 25-қосымшаға сәйкес кірме жолды тексеру актісімен ресімделеді, онда шарт жобасын әзірлеу үшін қажетті барлық мәліметтер көрсетіледі.
260. Кірме жолды тексеру актісіне құрамына Инфра құрылымның ұлттық операторының, тармақ иеленушінің және тасымалдаушының уәкілетті өкілдері кіретін комиссия қол қояды. Кірме жолды тексеруді станция бастығы және тармақ иеленушінің уәкілетті өкілі басқарады. Тексеруге қатысушы тармақ иеленуші кірме жолды тексеру актісіне қол қояды, ал актіге енгізілген деректермен келіспеген жағдайда оған қол қояды және өзінің лерін жазбаша баяндайды.
Кірме жолды тексеру актісі үш данада жасалады, оның біреуі - тармақ иеленушіде, екіншісі станцияның істерінде қалады, үшіншісі тасымалдаушыға тапсырылады. Тасымалдаушының талабы бойынша оған тағайындалған актінің даналарына тармақ иеленуші тиеу және түсіру орындары жазылған және теміржол жолдарының мамандануы мен қойма жайлары көрсетілген кірме жолдың масштабтық сызбасын және жоспарын қоса береді
261. Кірме жолды пайдалануға және вагондарды беру-әкету шартын әзірлеуді тасымалдаушы осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асырады.
Шарт жобасының қол қойылған екі данасын тасымалдаушы тармақ иеленушіге қол қоюға жібереді. Тармақ иеленуші алынған шарттың жобасына қол қояды және оны тасымалдаушыға бір айлық мерзімде қайтарады.
Аталған мерзім:
шарт жобасы қолға берілгенде - адресаттың шартты алғандығы туралы қабылдаған тұлғаның лауазымы және тегі көрсетілген қолхаттың күнінен бастап;
пошта арқылы жазбаша хабарламамен жібергенде - адресаттың жазбаша хабарламада көрсетілген шарт жобасын алған күнінен бастап есептеледі.
Егер шарт жобасына қол қою барысында тармақ иеленушіде оның ережелері бойынша қарсылықтар туындаса, ол келіспеушіліктер хаттамасын жасайды және оның екі данасын қол қойылған шартпен бірге тасымалдаушыға жібереді. Келіспеушіліктердің бар екендігі туралы шарттың жобасында айтылады.
Тармақ иеленуші тасымалдаушыға қол қойылған шарт жобасын бір айлық мерзімде қайтармаған жағдайда, шарт тасымалдаушының редакциясында күшіне енеді.
Тасымалдаушы келіспеушіліктер хаттамасын алған күннен бастап бір айлық мерзім ішінде оны қарайды. Тасымалдаушы келіспеушіліктерді қарау күні туралы тармақ иеленушіге келіспеушіліктерді қараудың тағайындалған күнінен 10 күннен кешіктірмей хабарлайды. Егер тасымалдаушы бір айлық мерзімде келіспеушіліктерді қарау күнін тағайындамаса, шарт тармақ иеленушінің редакциясында күшіне енеді.
Вагондарды беру-әкету шарты бойынша келіспеушіліктерді тасымалдаушының және тармақ иеленушінің уәкілетті өкілдері қарайды және шешеді.
Қозғалыс қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі шешімдерді магистральдық теміржол желісі операторының уәкілетті өкілі қабылдайды.
Тармақ иеленушінің өкілі келіспеушіліктерді қарау үшін келмеген жағдайда кірме жолға вагонды беру-әкету шарты тасымалдаушының немесе Инфрақұрылымның ұлттық операторының редакциясында күшіне енеді.
Тараптар шарттың ережелері бойынша келісімге келмеген жағдайда, тасымалдаушы дауды келіспеушіліктер хаттамасына қол қойғаннан кейін он бес күндік мерзімде сот органдарының қарауына тапсырады.
Қозғалыс қауіпсіздігін және жылжымалы құрамның сақталуын қамтамасыз ету мәселесі бойынша шешімді Инфрақұрылымның ұлттық операторының уәкілетті өкілі қабылдайды.
Даулы мәселелер шешілгенге дейін тараптардың барлық қатынастары бұрын жасалған вагондарды беру-әкету шартымен реттеледі.
262. Контрагентке өзінің локомотивімен көлік қызметін көрсететін негізгі тармақ иеленушімен жасалған шартқа сәйкес контрагент мұндай тармақ иеленушіге жүк алуға не болмаса жүк пен вагонды қабылдауды дербес жүзеге асыруға тапсырма беруі мүмкін
263. Жүктерді тасымалдау кезінде тасымалдаушының теңіз және өзен порттарымен өзара қарым-қатынастары вагондарды беру-әкету шарттарымен реттеледі.
264. Кірме жолдарды салу кезеңінде оларға вагондарды беру тасымалдаушы мен құрылыс салуды жүзеге асырушы ұйым немесе кірме жол арналып салынып жатқан ұйым арасында бір жылдан аспайтын мерзімге жасасылатын қысқа мерзімді шарттың ережелерімен жол беріледі.
Шартқа локомотивтер мен вагондардың құрылысы салынып жатқан кірме жолда қозғалу тәртібі мен шарттарын регламенттейтін кірме жолда қызмет көрсету және қозғалысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулық белгіленген тәртіппен бекітілгеннен кейін қол қойылуы мүмкін.
265. Кірме жолда тармақ иеленушіге тиесілі вагондардан басқа вагондардың зақымдану оқиғалары вагонның зақымдануы туралы ВУ-25 нысанды актімен ресімделеді, оған тасымалдаушы мен тармақ иеленушінің уәкілетті өкілдері қол қояды.
266. Кірме жолды салу және пайдалануға қабылдау аяқталғаннан кейін Ұлттық инфрақұрылым операторының уәкілетті өкілінің қатысуымен әрбір кірме жолға Кірме жолда қызмет көрсету және қозғалысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықты (бұдан әрі – Нұсқаулық) әзірлейді. Нұсқаулық кірме жол иесімен әзірленеді және Ұлттық инфрақұрылым операторымен бекітіледі. Кірме жолдардағы жұмысты жүзеге асыратын тармақ иеленушілер, контрагенттер, Ұлттық инфрақұрылым операторы мен тасымалдаушылар Нұсқаулық талаптарын сақтауы тиіс.
Нұсқаулықты бекіткенге дейін вагондарды кірме жолға беруге жол берілмейді. Аталған Нұсқаулық кірме жолдың техникалық жарақтандырылуы немесе оның жұмысының технологиясы өзгергенде қайта қаралады. Кірме жолдың иесі өзгерген жағдайда жаңа Нұсқаулық бекітіледі.
267. Нұсқаулық келесі негізгі бөлімдерден тұрады:
1) кірме жолдың сипаттамасы;
2) қабылдау-тапсыру операцияларының тәртібі
3) вагондарды кірме жолға беру және алып кету тәртібі;
4) кірме жолда маневрлік жұмысты жүргізу тәртібі;
5) қауіпті жүктермен жұмыс істеу кезінде қозғалыс қауіпсіздігінің шаралары;
6) тараптардың жауапкершілігі.
268. Вагондарды кірме жолда ғы тиеу және түсіру пункттеріне немесе кірме жолдың аумағындағы қабылдау-тапсыру жолдарына (шығарып қоятын) тасымалдаушының локомотивімен бергені және вагондарды әкеткені үшін вагондарды бергені және әкеткені үшін алымдар алынады.
Вагондарды бергені және әкеткені үшін алымдар алынатын қашықтық вагондарды беру-әкету шартында көрсетіледі.
Вагондарды беру және әкету қашықтығы темір жол вокзалының осінен кірме жолдың схемасы немесе паспорттық деректері, станцияның техникалық-басқару актісі (ТБА) немесе станцияның схемасы бойынша, ал олар болмағанда нақты өлшеу арқылы анықталады.
Кірме жолға тасымалдаушының, Ұлттық инфрақұрылым операторының локомотивімен қызмет көрсеткен кезде вагондарды беру және әкету қашықтығы темір жол вокзалының осінен бастап кірме жолдардағы екі жақ шеттегі жүктерді тиеу, түсіру (босату) пункттеріне дейін анықталады.
Кірме жолда вагондарды беру және әкетудің бірнеше пункттері болған жағдайда, вагондарды беру және әкету қашықтығы әрбір пункт бойынша қашықтыққа және вагондар санына байланысты орташа өлшенген қашықтық ретінде анықталады.
Кірме жолға тармақ иесінің локомотивімен қызмет көрсеткен жағдайда, осы жолдардың ұзындығын қоса алғанда, вагондарды қабылдау-тапсыру (шығарып қоятын) жолдарға беру және әкету қашықтығы жолаушылар ғимаратының (теміржол вокзалының) осінен екі шетке дейін арқылы анықталады.
Жолаушылар ғимараты (теміржол вокзалы) болмаған жағдайда, вагондарды беру және әкету қашықтығы станция бойынша кезекші ғимаратының осінен бастап анықталады.
269. Ұлттық инфрақұрылым операторының, тасымалдаушының локомотивімен қызмет көрсеткен жағдайда, вагондардың, контейнерлердің жүк жөнелтуші де, жүк алушыда, тармақ иеленушіде тұру уақыты вагондарды жүкті тиеу немесе түсіру орнына нақты беру сәтінен бастап станцияның жүк жөнелтуші ден, жүк алушыдан, тармақ иеленушіден вагондарды әкетуге дайындығы туралы хабарламаны алған сәтіне дейін есептеледі, кейіннен ол жазбаша расталуы керек.
Вагондардың осы жолдар иесінің локомотивімен қызмет көрсетілетін кірме жолдарда болу уақыты вагондарды тармақ иеленушіге шығарып қоятын жолдарда беру сәтінен бастап оларды қайтарған сәтке дейін есептеледі.
270. Вагондарды кірме жолдарға беру хабарламалар бойынша, кесте бойынша, кірме жолда тұру уақыты интервалдары кезінде есептеледі:
1) хабарламалар бойынша - хабарламада көрсетілген мерзімнен ерте емес;
2) кесте бойынша - кестеде көзделген мерзімнен ерте емес;
3) интервалдар бойынша - алдыңғы беруден кейінгі уақыт өткеннен ерте емес.
Тасымалдаушы вагондарды хабарламасыз бергенде, берілген вагондар жүк алушыға, жүк жөнелтушіге, тармақ иеленушіге есептеледі және олардың кірме жолда болған уақыты оларды нақты берген сәттен бастап екі сағат өткеннен кейін есептеледі.
Вагондар хабарламада көрсетілген уақыт бұзылып берілгенде, вагондардың кірме жолда болуы уақыты нақты берілген сәттен бастап есептеледі. Егер кешіктірілуі екі сағаттан асатын болса, онда тасымалдаушы жүк алушыға, жүк жөнелтушіге, тармақ иеленушіге беру туралы тағы хабарлайды.
271. Кірме жолы жоқ жүк жөнелтушіге (жүк алушыға) вагондарды тармақ иесінің кірме жолына беру оның келісімімен жүргізіледі. Мұндай келісім тармақ иесінің жүк жөнелтушімен (жүк алушымен) жазабаша келісімімен ресімделуі тиіс. Келісімде жүк операциялары үшін қолданылатын нормалар және кірме жолда вагондардың бос тұрғаны үшін кім - тармақ иесі немесе жүк жөнелтуші (жүк алушы) жауапты болатыны көрсетіледі және вагондарды бергені және әкеткені үшін алымды төлейді. Тасымалдаушы келісімнің шарттарымен келіскен жағдайда оған қол қояды және вагондарды кірме жолға беруге рұқсат береді. Келісім станция істерінде қалады. Жүк жөнелтушіге (жүк алушыға) ресімделген вагондарды беру және әкету тізімдемелерінде келісімге сілтеме жасалады.
Келісімнің нысаны осы Қағидаларға 23-қосымшада көрсетілген.
272. Вагондардың кірме жолда болған уақытын есепке алу тасымалдаушы белгілеген нысан бойынша вагондарды беру-әкету тізімдемелері бойынша нөмірлік тәсілмен жүзеге асырылады.
Тармақ иеленушіде тасымалдаушының МАЖ қол жеткізуі мүмкін болғанда қабылдау-тапсыру құжаттарын ресімдеу және тапсыру электрондық түрде жүзеге асырылады.
273. Вагондарды, контейнерлерді жүктен босатуға, қайта тиеуге кірме жолға беруде оларды станцияда жүк алушыға, тармақ иеленушіге тәуелді себептер бойынша кідірту, сондай-ақ бос вагондарды жүк түсіруге қабылданған өтінімге сәйкес тиеуге беруде жүк алушыға, тармақ иеленушіге тәуелді себептер бойынша кідірту станциялық жолдарды ұстап тұрғаны үшін одан әрі алым алу, ал тасымалдаушының вагондары, контейнерлері үшін, кідіртілген вагондардың, контейнерлердің нөмірлері енгізіліп, жүк операцияларына беруді күтіп тұрған вагондарды, контейнерлерді пайдаланғанына төлем жасау үшін жалпы нысандағы ГУ-23 актісімен ресімделеді. Тасымалдаушының шартпен белгіленген мерзімде вагондарды бере алмауы кідірту фактісі болып табылады.
Толық тасымалдау құжаттары бойынша келген меншікті немесе жалданған бос вагондарды беруді кідірту жалпы нысандағы ГУ-23 актісімен станциялық жолдарда тұрғаны үшін алымды алу үшін жүктерді тасымалдау үшін қабылданған өтінімге (жоспарға) тәуелсіз ресімделеді.
274. Жүк тиелген вагондардың және меншікті және жалданған бос вагондардың жүк алушыға, тармақ иесіне тәуелді себептер бойынша тағайындау станциясына қабылданбауынан және тағайындау станциясында вагондардың жинақтаудың техникалық мүмкіндігінің болмауынан аралық станцияларда кідіруі кезінде тасымалдаушының өкілі аралық станцияа вагондардың кідіруі туралы бұйрық шығарады және бұл жайында тасымалдаушыға хабарлайды. Осы бұйрықтың негізінде тасымалдаушының өкілі тағайындау станциясында жүк алушыға, тармақ иесіне вагондардың кідіруі туралы хабарлайды, ал тасымалдаушының өкілі станциялық жолда тұрғаны үшін және тасымалдаушының вагондары мен контейнерлеріне алым алу үшін және вагондар мен контейнерлерді пайдаланғаны үшін аралық станцияда жалпы нысандағы ГУ-23 актісін жасайды.
275. Кірме жолдағы қозғалыста үзілістің пайда болуына және жүктерді тиеу, түсіру (жүктен босату) жөніндегі операцияларды жүргізуге тыйым салынатын өзге де жағдайларды тудырған тойтарылмас күш жағдайларының, сондай-ақ табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлардың, әскери іс-қимылдардың, төтенше жағдай енгізудің, блокаданың, эпидемияның, сондай-ақ нәтижесінде жүк жөнелтушінің, жүк алушының, тармақ иеленушінің негізгі өндірістік қызметін жүзеге асыру тоқтатылған, оларда болған авариялардың салдарынан вагондарды кірме жолдарда кідірту жалпы нысандағы ГУ-23 актісімен ресімделеді. Жалпы нысандағы ГУ-23 актісіне нәтижесінде кірме жолда тиеу, түсіру (жүктен босату) жөніндегі операцияларды жүргізуге болмайтын жағдайлардың себебі мен жіктелуі туралы құзырлы органның қорытындысы қоса берілуі тиіс.
14. Тиеу және түсіру (жүктен босату) мерзімдері
276. Технологиялық тиеу, түсіру уақыты (мерзімі):
1) жүк станциясы жұмысының технологиялық үдерісін әзірлегенде;
2) кірме жол мен түйісу станциясы жұмысының бірыңғай технологиялық үдерісін әзірлегенде;
3) кірме жолдағы вагон айналымының технологиялық уақытын (мерзімін) есептегенде;
4) кірме жолға/дан вагондарды беру-әкету жүзеге асырылатын уақыт интервалын есептегенде;
5) жүк жөнелтуші жүк тасымалдауға арналған өтінімді тиеу мөлшерінің жүк алушының жүктен босату мүмкіндігіне сәйкес келуі бөлігінде ресімдеген кезде ескеретін, кірме жолдың артық жұмыс жасау қабілетін анықтағанда пайдаланылады.
277. Тиеу-түсіру операцияларын орындауға арналған технологиялық уақыт вагондарды беру-әкету шарттарында немесе кірме жолдарды пайдалану шарттарында ескеріледі.
278. Механикаландырылған және механикаландырылмаған тәсілмен тиеу мен түсірудің (босату) технологиялық уақыты (мерзімі) осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес белгіленеді. Егер кірме жолда тиеу-түсіру механизмдері қолданылса немесе жүктерді тиеу және түсіру (босату) 24-қосымшада көрсетілмеген механикаландырылған тәсілмен жүргізілген болса, жүктерді тиеу және түсіру (босату) технологиялық уақыты (мерзімі) Жүк вагондарымен тиеу-түсіру операцияларын орындауға арналған мерзімді анықтау жөніндегі әдістемелік ұсынымдарға сәйкес есептеледі (осы Қағидаларға 26-қосымша ). Қажетті есептеулер уақытында тасымалдаушы осы Қағидаларға 24-қосымшаға сәйкес қатысты қолданылатын, бірақ жарты жылдан аспайтын, жүктерді тиеу және түсіру (босату) технологиялық уақытын белгілейді.
279. Жүктерді сегіз осьті вагондармен тасымалдағанда тиеу-түсіру операцияларын орындауға арналған технологиялық уақыт (мерзім) төрт осьті вагондарға белгіленген технологиялық уақытпен салыстырғанда 100%-ға арттырылады.
280. Габаритті емес жүктерді және транспортерлермен және арнайы жабдықталған платформалармен тасымалданатын жүктерді тиеуге, түсіруге (жүктен босатуға) арналған технологиялық уақытты (мерзімді) тасымалдаушы станциялар жұмысының жергілікті жағдайына қарай жүктерді жөнелтушімен, жүктерді алушымен, тармақ иеленушімен бірлесіп және жөнелтуші белгілейді.
281. Бір уақытта берілген цистерналар мен үсті ашық бункерлік вагондар партиясының барлығы үшін құю мен ағызып алуға арналған технологиялық уақыт (мерзім):
Құю үшін:
1) цистерналар мен үсті ашық бункерлік вагондардың үлгісіне және жүк көтергіштігіне тәуелсіз механикаландырылған құю пункттерінде -2 сағаттан;
2) төрт және одан артық осьтері бар цистерналар мен үсті ашық бункерлік вагондардың үлгісіне және жүк көтергіштігіне тәуелсіз механикаландырылған құю пункттерінде – 3 сағаттан аспағанда;
Ағызып алу үшін:
3) төрт және одан артық осьтері бар цистерналар мен үсті ашық бункерлік вагондардың үлгісіне және жүк көтергіштігіне тәуелсіз механикаландырылған құю пункттерінде – 2 сағаттан;
4) төрт және одан артық осьтері бар цистерналар мен үсті ашық бункерлік вагондардың үлгісіне және жүк көтергіштігіне тәуелсіз механикаландырылмаған құю пункттерінде – 4 сағаттан аспағанда.
Цистерналарға құю қоймалардан өздігінен ағу немесе механикалық жетегі бар сорғыштардың көмегімен жүргізілетін, ал ағызып алу осындай сорғыштардың көмегімен немесе цистерналардың төменгі ағызып алу тесіктері арқылы өздігінен ағызып алынатын пункттер механикаландырылған құю және ағызып алу пункттері болып саналады.
Цистерналарға құю қол сорғыштармен жүргізілетін пункттер механикаландырылмаған құю және ағызып алу пункттері болып саналады.
282. Ағызып алу пунктіне Т-1, Т-2, ТС-1 отыны және авиациялық бензин келгенде, қажет болғанда, талдау жүргізу үшін келген жүктің бүкіл партиясына қосымша уақыт – 35 минут белгіленеді.
283. Тұтқыр және қатып қалатын жүктерді ағызып алу қиын болған және жылдың суық кезінде оларды қыздыру қажет болған жағдайда технологиялық уақыт мұндай жүктерді қыздыруға және ағызып алуға қосымша уақыт ескеріліп белгіленеді.
Тұтқыр және қатып қалатын жүктерді қыздыруға және ағызып алуға арналған жалпы технологиялық уақыт:
I-топ жүктері үшін – 4 сағ.;
IІ-топ жүктері үшін – 6 сағ.;
IІІ-топ жүктері үшін – 8 сағ.;
IV-топ жүктері үшін – 10 сағ. қолданылады.
I-топ жүктерін механикаландырылмай ағызып алған жағдайда технологиялық уақыт төрт және одан артық осьтері бар цистерна үшін 2 сағатқа ұлғайтылады.
Бу қаптамасы бар цистернадан ағызып алғанда I және II-топ жүктер үшін - 3 сағаттан; III және IV-топтар үшін - 4 сағаттан аспайтын технологиялық уақыт белгіленеді.
Жылдың жылы кезінде тұтқыр және қатып қалатын жүктерді қыздыру қажет болғанда ағызып алудың технологиялық уақыты І және ІІ-топ жүктері үшін, сондай-ақ бу қаптамасы бар цистерналардан ағызып алғанда – 1 сағатқа; III және IV-топтар үшін 2 сағатқа ұлғайтылады.
284. Тұтқыр және қатып қалатан жүктерді ағызып алуға арналған технологиялық уақытты ұлғайту қажеттілігін тасымалдаушы станцияда әрбір жеке жағдай бойынша жүк алушының жүктің физика-химиялық қасиеттері, олардың жүру жолында болған уақыты, температуралық жағдайы, ағызып алудың қолданылатын тәсілі және өнімділігі туралы деректердің негізінде беретін өтінімі бойынша белгілейді.
285. Вагондарды қосарланған операцияларға беру, шарт бойынша вагондарды беру-алуға қосарланған операциялар үшін (түсіру және тиеу) жеке мерзім, яғни уақыты өткеннен кейін жүгі түсірілетін вагондар жүк тиеуге алынатын уақыт белгіленген кезде, осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ГУ-46 нысанындағы вагондарды беру және алу тізімдемесінде «» бағанында жүгі түсірілген және жүк тиелген вагондардың қарсысына «Қосарланған операция» белгісі қойылады. Егер қосарланған операцияға мерзім белгіленбесе, онда екі дербес операция кезіндегідей жазу жазылады. Бұл ретте «» бағанында тиісінше «Жүк тиеуге қалдырылды» немесе «Жүгі түсіріліп болған» белгілері қойылады.
Жүктерді тиеуге техникалық дайындығы ВУ-14 кітабында вагондарды қарап тексерушінің қолымен расталады.
286. Вагондарды механикаландырылған тәсілмен тиеуге, түсіруге (босатуға) технологиялық уақыт (мерзім) механизмдерді барынша ұтымды пайдаланғанда және аталған жағдайда жүктерді тиеу және түсіру операцияларын орындаудың ерекшеліктерін ескеріліп олардың жұмыс өнімділігі алға тартылған есеппен белгіленеді. Вагондарды тиеу, түсіру (жүктен босату) мерзімін белгілегенде операциялардың мейлінше қатар орындалуы ескеріледі.
287. Ұйымдардың кірме жолдарында олардың локомотивтері қызмет көрсететін вагондар айналымының технологиялық мерзіміне мыналар қосылады:
1) әр вагонға 1 минут есебінен, бірақ бір мезгілде берілетін барлық вагондар партиясына 30 минуттан артық емес, берілетін вагондар санына тәуелді белгіленетін қабылдау-тапсыру операцияларына арналған уақыт;
2) қозғалыс жылдамдығына және қашықтығына қарай есептеу жолымен анықталатын вагондардың кірме жолдағы қозғалысына және маневрлік операцияларды орындауға арналған уақыт.
Қозғалыс жылдамдығы кірме жолда қызмет көрсету және қозғалысты ұйымдастыру тәртібі туралы нұсқаулықта белгіленген мөлшерде қабылданады.
3) осы Қағидаларға 23, 25-қосымшаларға сәйкес вагондарға жүк тиеуге және түсіруге арналған уақыт;
4) кірме жолдарда құрамдарды таратуға және құрастыруға арналған уақыт есептеу жолымен немесе хронометраждық бақылау негізінде анықталады және құрамды таратуға арналған 25 минуттан және құрастыруға арналған 30 минуттан аспауы тиіс.
Кірме жолда контрагенттер болған кезде вагондар айналымының мерзімі контрагенттердің жұмысын есепке ала отырып анықталады.
15. Жеткізу мерзімдері және жеткізу мерзімдерін есептеу

Каталог: bitrix


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет