Ис bestProfi


өсімдік жүктерін тасымалдау



бет18/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79

өсімдік жүктерін тасымалдау

493. Карантиндік бақылаудағы өсімдік жүктерін (тасымалдауға өсімдіктер карантині жөніндегі құзыретті мемлекеттік орган берген фитосанитариялық немесе карантиндік сертификат болған кезде ғана рұқсат етіледі. Жүк жөнелтуші карантиндегі жүктерді экспортқа тасымалдау кезінде ХЖҚК теміржолдық жүк қағазына, «Жөнелтушінің қосып берген құжаттары» бағанында оның нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, фитосанитариялық сертификатты қоса береді.
494. Карантиндегі жүктерді Қазақстан Республикасына әкелу, сондай-ақ оның транзиті өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік органның рұқсаты болған жағдайда Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде жүзеге асырылады.
495. Карантиндік өнім Қазақстан Республикасының аумағы бойынша жабық немесе изотермиялық, ақаусыз және пломбыланған контейнерлерде, герметикалық қаптамаларда, вагондарда тасымалданады.
496. Карантиндегі жүктерді ауыстырып тиеуге өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспекторлардың рұқсатымен ғана рұқсат етіледі.
Карантиндік фитосанитариялық бақылау бойынша операцияларды жүзеге асыру кезінде станция жұмысының технологиялық процесінде көзделген поезды өңдеуге кететін уақыт нормасынан асып кетуге жол берілмейді.
497. Өсімдіктер карантині жөніндегі шекаралық пункттердің мемлекеттік инспекторлары тексеру және зертханалық талдау немесе сараптама жүргізу үшін карантиндегі жүктердің үлгілерін іріктеп алған жағдайда, олар «Өсімдіктер карантині туралы» 1999 жылғы 11 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 13-бабымен белгіленген тәртіпте акт ресімдейді, ол шекаралық беру станциясы мен кедендік орган, тасымалдаушы өкілдерінің қатысуымен жасалады. Акт даналарының біреуі тасымалдау құжаттарына қоса беріледі, екіншісі - үлгілерді алу жүргізілген станцияның істерінде сақталады.
Егер карантиндік өнімдерді сырттай тексеру барысында және (немесе) карантин объектілерімен морфологиялық сипаттағы ұқсастығы бар ағзалар табылмаса карантиндік өнім уәкілетті органның лауазымды тұлғасымен экспертиза қорытындыларын алғанға дейін тоқтатылмайды. Бұл жағдайда, экспертиза қорытындасы карантиндік өнімнің карантиндік объектілермен жұқтырылған (ластанған) жағдайда үлгілерді теру жеріндегі уәкілетті орган кедендік рәсімдеуді аяқтау жеріндегі уәкілетті органды хабарландырады.
Егер, карантиндік өнімдерді сырттай тексеру барысында және (немесе) карантин объектілерімен морфологиялық сипаттағы ұқсастығы бар ағзалар табылса карантинді өнімді бұдан әрі тасымалдау шешімін экспертиза қорытындысын алғаннан сон уәкілетті органның лауазымды тұлғасымен қабылданады, бірақ карантинді өнімнен үлгілер (сынау) алған кезінен бастап 72-сағаттан артық кешіктірілмейді.
498. Міндетті карантиндік іс-шараларды орындау кезінде вагонның, контейнердің кідіртілуі тасымалдаушы өкілінің және өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен станция өкілі іс-шаралардың басталуы мен аяқталуын көрсетумен жалпы нысандағы ГУ-23 актісін жасай отырып, ресімдейді. Жалпы нысандағы актінің бір данасы жүк алушыға көрсету үшін тасымалдау құжаттарына қоса беріледі.
499. Жүк алушы карантиндегі жүктерді түсіргеннен кейін вагондар мен контейнерлердегі қалдықтарды жоя отырып мұқият тазалайды, ал осы Қағидалардың 34-тарауында көзделген жағдайларда өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың жазбаша өкіміне сәйкес жуады.
500. Карантиндік объектілерден табылған карантиндік өнім қайтарылуы, зарарсыздануы, карантиндік арам шөптерден тазартылуы немесе техникалық өңделуі тиіс. Карантиндік өнімді қайтарумен, зарарсызданумен, тазартумен немесе техникалық өңдеумен байланысты шығыстарды жүк иелері өтейді.
Егер карантиндік объектілер жұққан карантиндік өнімнің зарарсыздануы, тазалануы немесе қайта өңделуі мүмкін болмаса, онда мұндай өнім Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 3 маусымдағы № 15-4/513 бұйрығымен бекітілген Карантинді объектілермен залалданған, зарарсыздандыруға немесе қайта өңдеуге келмейтін карантинге жатқызылған өнімді алып қою және жою жөніндегі қағидаларымен орнатылған тәртіпте алынып жойылуға жатады.
501. Карантиндегі жүктері бар вагондар мен контейнерлердің зақымданғаны, бұл жүктердің жоғалған іздері анықталған барлық жағдайларда тасымалдаушы немесе станция әкімшілігі бұл туралы өсімдіктер карантині жөніндегі меминспекцияның жергілікті органдарына дереу хабарлайды.
29. Актілер жасау тәртібі
1-параграф. Коммерциялық актіні жасау
502. Тасымалдаушы, төмендегі жағдайларды куәландыру үшін жүкті беру кезінде коммерциялық актіні келесі:
1) нақты атауының, сондай-ақ массасының және орындары санының тасымалдау құжатында көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі;
2) жүк зақымданған (бұзылған);
3) жүктің тасымалдау құжаттарынсыз, сондай-ақ тасымалдау құжаттарының жүксіз екендігі анықталған;
4) ұрланған жүк тасымалдаушыға қайтарылған;
5) тасымалдаушы жүкті беру туралы құжатты ресімдегеннен кейін жиырма төрт сағат ішінде түсіру (босату) орнына жүкті бермеген. Осы жағдайда, коммерциялық акт тек қана жүк алушының талабы бойынша жасалады;
6) жүкті өткізуге тапсырған жағдайларда жасауға міндетті.
Тасымалдаушы тасымалдау құжаттарында коммерциялық актіні жасау туралы белгі жасауға міндетті.
503. Жүк алушының жазбаша өтініші бойынша ақаусыз тасымалдау кезінде, кірме жолға немесе тиеу-түсіру орындарына бергенге дейін, тасымалдаушы шарттық негізде жүктің жай-күйін, оның массасын, орындар санын тексеруге қатысады және, қажет жағдайларда, коммерциялық акт жасайды.
504. Тасымалдаушы коммерциялық актіні мынадай жағдайларда:
жүктерді жалпыға ортақ пайдаланылатын орындарға түсірген кезде - түсірілген күні;
жүктерді клиенттің кірме жолдарына түсіргенде - жүктер түсірілген күні, бұл ретте жүктерді тексеру оларды түсіру процесінде немесе тікелей жүктерді түсіргеннен кейін жүргізіледі;
жүктердің жүру жолында - коммерциялық актімен ресімделуге тиіс жағдайлар анықталған күні жасайды
Осы тармақта көрсетілген мерзімдерде коммерциялық актіні жасау мүмкін болмаған кезде, ол келесі 24 сағаттан кешіктірілмей жасалады.
505. Коммерциялық актідегі деректер тасымалдау құжаттарын, нысандарын тасымалдаушы белгілейтін есептік құжаттардың негізінде көрсетіледі.
506. Тез бұзылатын жүктерді, жануарларды, карантиндегі жүктерді ветеринария саласындағы бақылаушы орган жүктерді тасымалдау кезінде коммерциялық акт жасаған жағдайда, коммерциялық актінің бірінші данасына ветеринарлық қадағалау және өсімдіктер карантині саласындағы тиісті уәкілетті орган берген ілеспе құжаттаманың тиісті түрде расталған көшірмесі беріледі.
507. Тасымалдаушының өкілінің қатысуымен ақтара немесе үйіле тасымалданған және бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының мекенжайына ақаусыз вагондарда жоғалған белгілерсіз келген бір текті вагондарды беру, осындай жүктердің табиғи кему және нетто массасы өлшемдерінің қателіктері нормасынан асып түсетін жетіспеушілік жағдайлары, сондай-ақ осы күнтізбелік тәуліктердегі тексеру кезінде жекелеген, бірақ бос жөнелтілімнен көп емес жөнелтулермен тасымалданған, осындай жүктерге қатысты табылған нетто массасы өлшемдерінің қателіктерін ескере отырып, жөнелту станциясына белгіленген жүктер массасы мен межелі станцияға анықталған жүктер массасы арасындағы айырмашылықты құрайтын ысырапшылдық жағдайлары кезінде бір коммерциялық актімен ресімделеді.
508. Шығынға ұшырау белгілері жоқ, ақаусыз вагондарда бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының мекенжайына келген, жүру жолында тиеумен немесе қайта тиеумен аударып немесе ауыстырып тиеп ақтарып, үйіп немесе құйып тасымалданатын жүктерді тасымалдаушы өкілінің қатысуымен беру кезінде бір коммерциялық актімен бір мезгілде берілген жүктердің бүкіл топтамасын тексеру нәтижелері бойынша анықталған жетіспеушілік немесе артық болу жағдайлары ресімделеді.
509. Осы Қағидаларға 42-қосымшаға сәйкес ГУ-22 нысанды коммерциялық актіде, халықаралық қатынастардағы тасымалдар бойынша ХЖҚК белгілеген нысан бойынша коммерциялық актіде әрбір жөнелтілім бойынша вагон нөмірі, вагон түрі, бекіту-пломбалау құрылғылары саны және бекіту-пломбалау құрылғыларына жазылған ақпарат, тасымалдау құжаттарында көрсетілген және қолда бар орындар саны және жүк массасы көрсетіледі.
Вагон таразыларымен жүк массасы анықталған жағдайда, коммерциялық актіге тіркелетін тізбеде вагонның брутто массасы, вагон ыдысының массасы (трафареттен немесе таразыдан тексерілген) және нетто масса көрсетіледі. Тізбеге коммерциялық актіге қол қойған тұлғалар қол қояды.
510. Коммерциялық актілерді тасымалдаушы осы Қағидада қарастырылған типографиялық нөмірі бар бланкіде үш данада жасайды және түзетусіз, тазартусыз немесе қандай да бір түзетулерсіз компьютерде немесе баспа машинкасында толтырады. Әр коммерциялық актіге тасымалдаушыны ң жолдық мөрқалыбы қойылады.
Коммерциялық актінің бірінші данасын тасымалдаушы, оны жасауға негіз болған жағдайларды тексеру үшін пайдаланады.
Коммерциялық актінің екінші данасы:
1) егер коммерциялық акт тағайындау станциясында жасалса, жүк алушыға оның талабы бойынша беріледі;
2) егер коммерциялық акт жөнелту станциясында немесе жол бойындағы станцияда жасалса, жүк құжатына қоса беріледі және тағайындау станциясына дейін барады.
Коммерциялық актінің жасалғаны туралы жүк құжатының сыртқы бетінде «Тасымалдаушының белгілері» бағанында коммерциялық актінің нөмірі, күні және оның жасалу себептері көрсетілген белгі қойылады. Бұл жазба тасымалдаушының өкілінің қолымен және коммерциялық акт жасаған станцияның мөртабанымен расталады.
Коммерциялық актінің үшінші данасы тасымалдаушыда, оны жасаған станцияда сақталады.
511. Тасымалдаушыда МАЖ болған жағдайда, коммерциялық акт электрондық түрде жасалады.
Жүктің тасымалдардың электрондық досьесін сүйемелдеуімен қағазсыз технология бойынша жол жүруі кезінде жөнелту станциясында немесе жолай станцияда жасалған коммерциялық акт жүкке электрондық түрде тағайындалған станциясына дейін еріп барады. Электрондық тасымалдау құжаттарының қағаз көшірмелерімен бірге тасымалдардың электрондық досьесі бойынша жүктің жол жүруі кезінде оларға оны басып шығарған тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыбымен куәландырылған электрондық коммерциялық актінің қағаз көшірмесі қоса беріледі.
512. Коммерциялық актінің жол бойындағы станцияда жасалғаны туралы жүк құжатына белгі болған жағдайларда, ал жүкпен бірге келген тасымалдау құжаттарында ол болмаған жағдайда, коммерциялық акт жүкті беру нәтижелері бойынша тағайындау станциясында жасалады. Жүкті беру сәтінде жол бойындағы станцияда жасалған коммерциялық актінің болмауы (жүк қағазда тиісті белгінің болуы немесе болмауына қарамастан), оны танымаудың себеп болып табылмайды.


Жол бойындағы станцияда жасалған коммерциялық актіде бар мәліметтер мен жүкті тексеру мәліметтері сәйкес келген жағдайда, тағайындау станциясында тасымалдаушы жаңа коммерциялық акт жасамайды. Жол бойындағы станцияда жасалған коммерциялық актінің «Ж» бөлімінде мынадай мазмұндағы белгі жасалады: «____________» берген жүкті тексеру кезінде осы коммерциялық актімен айырмашылық болған жоқ». Мұндай белгі тасымалдаушының жолдық мөртабанымен және жүк алушы мен тасымалдаушының қолдарымен расталады. Коммерциялық акт сақталмайтын жүк тасымалдарына жасалған коммерциялық актілерді есепке алу кітабында тіркеледі. Коммерциялық актілерді есепке алу кітабындағы реттік тіркеу нөмірі коммерциялық актіге көшіріледі және осы актінің баспаханалық нөмірінің астына қойылады, жүк алушыға оның талап етуі бойынша беріледі.

Жол бойындағы станцияда жасалған коммерциялық акт жүк алушыға берілген жағдайда, оның көшірмесі тағайындау тасымалдаушының істерінде сақталады.
Жол бойындағы станцияда жасалған коммерциялық актіде бар мәліметтер мен тағайындау станциясындағы жүкті тексеру мәліметтері сәйкес келмеген кезде, коммерциялық акт жасалады. Бұл ретте осы Қағидада белгіленген ережелерді жүк жөнелтушінің сақтамауы фактілері тіркелген коммерциялық актілерден басқа, тағайындау станциясында жүк алушыға жол бойындағы станцияларда жасалған коммерциялық актілер берілмейді.
Жүру барысындағы немесе тағайындау станциясында коммерциялық акт жасалған жағдайда және, бұл ретте, жүк жүк жөнелтушінің ақаусыз бекіту-пломбалау құрылғылары бар вагонында немесе ашық жылжымалы құрамға дұрыс тиелген күйінде келсе, бұл жүк жөнелтушінің жауапкершілігін көрсетеді, онда тағайындау станциясы жүкті беру кезінде өздері жасалған коммерциялық актіге қарамастан, жүк алушыға жол бойындағы станцияның түпнұсқалық коммерциялық актісін береді.
513. Зақымданған орындарға, ыдысқа және жүктердің сапасына сараптама жасау осы Қағидаларға сәйкес жүргізіледі. Жүргізілген сараптама туралы коммерциялық актінің «Е» бөлімінде белгі қойылады.
Сараптау актісімен жүк толық немесе ішінара жарамсыз деп танылғанда, яғни, есептен шығарылуға немесе жойылуға жатады деп белгіленген жағдайда, коммерциялық актіге есептен шығару немесе жою актісі қоса берілуі тиіс.
Жиһаздың, жабдықтың, қосалқы бөлшектердің, аспаптың немесе жинақтаушы бөлшектердің жекелеген бөліктері кем болған, бүлінген немесе зақымданған жағдайда, зақымданған жүкті қалпына келтіріп жөндеу құнын немесе жетіспейтін бөлшектердің, қосалқы бөлшектердің, аспаптың, жинақтаушы бөлшектердің (калькуляция, квитанция, шот және т.б.) жекелеген құнын растайтын құжаттар қоса берілуі тиіс.
Аталған құжаттар ұсынылмаған жағдайда, қолда бар жүк коммерциялық актіде толық тізімделгеннен кейін немесе тиісті жағдайларда сараптау актісі жасалғаннан кейін барып, жүк жүк алушыға беріледі.
514. Осы Қағидада көзделген мерзімдерде коммерциялық акт жасалып, оған тағайындау станциясында жүк алушы (коммерциялық актіге қол қою құқығына берілген сенімхат бойынша) мен тасымалдаушының өкілі қол қояды. Жүк түсірілген күні жүкті өлшеуге қатыспаған қабылдап-тапсырушы вагон ыдысын тексерген жағдайда, коммерциялық актінің «Д» бөлімінде жүкті өлшеуге және вагон ыдысын тексеруге қатысқан қабылдап-тапсырушылардың тектері көрсетіледі. Коммерциялық актіге вагон ыдысын тексерген қабылдап-тапсырушы қол қояды.
Коммерциялық актіге қол қоюшы тұлғалар оның мазмұнымен келіспеген кезде өз пікірін білдіруі мүмкін.
515. Тасымалдаушы жүк алушының талап етуі бойынша үш күн ішінде коммерциялық актіні береді. Жүк алушы талап ете алады, егер:
1) заңды тұлға-жүкті алуға сенімхатты көрсетсе;
2) жеке тұлға-төлқұжатты немесе тұлғаны куәландыратын өзге құжатты көрсетсе.
Коммерциялық актіні беру тасымалдаушыда қалған коммерциялық актінің данасына қол қою арқылы жүргізіледі.
516. Жүктің кем болуына, бұзылуына кінәрат қойылған жағдайда, кінәратқа тасымалдаушының коммерциялық акт жасаудан бас тартқаны үшін шағымдану туралы актіні, сондай-ақ кінәрат иесінің зиян көргенін растайтын құжатты, атап айтқанда жүк алушы жүк құнының төлемін (төлем талабы, банктік шоттан үзінді көшірме немесе тиелген жүк үшін төлемді растайтын басқа құжаттар) қоса беру керек.
517. Негізгі жөнелтілім бойынша жүктің жетіспей келгеніне жүк алушыға коммерциялық акт берілген болса, онда бұл жүк қосымша құжатпен келген жағдайда, тасымалдаушы жүк алушы негізгі жөнелтілім бойынша жүк құжатын және оған берілген коммерциялық актіні көрсеткен жағдайда, жүк құжатын және коммерциялық актінің барлық даналарында «Ж» бөлімінде осы жөнелтілім бойынша жетіспейтін жүктің қосымша құжатпен (оның нөмірі көрсетілген) келгені туралы белгі соғылады. Одан басқа, белгіде вагонның нөмірі (вагондардың нөмірлері), қосымшаны ресімдеген станцияның атауы, қосымшаның ресімделу күні және жетіспейтін жүктің берілген күні көрсетіледі.
Белгі станцияның мөртабанымен және тасымалдаушы өкілінің және жүк алушының қолдарымен расталады.
Коммерциялық актіде келмеген ретінде көрсетілген жүктің қалған бөлігі келген жағдайда, жүк алушы тасымалдаушыға сақтау үшін коммерциялық актіні қайтарып береді.
518. Вагонның, контейнердің техникалық жарамсыздығы себебі бойынша жүктің ағуы, бүлінуі немесе сулануы анықталған жағдайларда, коммерциялық актіден басқа вагонның, контейнердің техникалық жай-күйі туралы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес ГУ-106 нысанды акті жасалады.
Вагонның, контейнердің техникалық жай-күйі туралы осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес ГУ-106 нысанды акті екі данада жасалады. Актінің бірінші данасы коммерциялық актінің бірінші данасына қоса беріледі, екіншісі тасымалдаушыда қалады.
Вагонның, контейнердің техникалық жай-күйі туралы акт вагонның, контейнердің жарамсыздығы анықталған күні және коммерциялық акті жасалған күннен кешіктірілмей жасалады. Вагонның, контейнердің техникалық жай-күйі туралы актіде жарамсыздықтың сипаты мен оның қайдан шыққаны міндетті түрде көрсетіледі.
519. Вагонның, контейнердің техникалық жай-күйі туралы актіге пайдалану вагон депосының шебері немесе вагондарды, контейнерлерді қарап тексеруші және тасымалдаушының өкілі қол қояды.
520. Тасымалдаушының МАЖ-ын пайдалана отырып, тасымалдауды жүзеге асыру кезінде вагонның немесе контейнердің техникалық жағдайы туралы акт электронды түрінде жасалады.
2-параграф. Жалпы нысандағы актіні жасау
521. Осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ГУ-23 жалпы нысандағы актілерді келесі жағдайларды растауға қатысатын тұлғалардың қатысуымен станцияларда тасымалдаушы жасайды:
Жүк жөнелтуші жүк құжатына қоса берген осы Қағидада көзделген құжаттардың жоғалуы;
вагондардың тағайындау станциясында түсірілуге беруді күтіп кідіртілуі;
сапар барысында вагондардың, контейнерлердің рұқсат етілген жүк көтергіштігінен асырып тиелгені анықталған жағдайларда;
жүк алушыға, тармақ иесіне байланысты себептер бойынша және тағайындау немесе жанасу станциясында вагондарды жинаудың техникалық мүмкіндіктері болмауына байланысты тағайындау станциясының оларды қабылдамауы салдарынан аралық станцияларда жүк тиелген вагондардың кідіртілуі;
жүк алушының құралдарымен жүк түсірілгеннен кейін вагондарды, контейнерлерді жүктің қалдықтарынан және қоқыстан тазартпау;
құйғаннан және ағызғаннан кейін цистерналар мен бункерлік үсті ашық вагондардың сыртқы беттерін тазартпау;
вагонда, контейнерде бекіту-пломбалау құрылғыларының болмауы (егер жүкқұжатта немесе вагон парағында олардың вагонда, контейнерде болуы туралы белгі болса);
бекіту-пломбалау құрылғыларының зақымданғаны немесе ауыстырылғаны (егер бұл ретте оларды куәландыру үшін коммерциялық актілер жасалатын жағдайлар болмаған жағдайда);
сапар барысында немесе тағайындау станциясында вагондарда, контейнерлерде әдейі зақымдау белгілері жоқ анық емес ақпарат жазылған бекіту-пломбалау құрылғылары байқалған жағдайда (егер оқылатын ақпарат жүкқұжаттағы және вагон парағындағы деректерге сәйкес келсе);
сапар барысында вагондардың, контейнерлердің бекіту-пломбалау құрылғыларында әдейі зақымдану белгілері жоқ және олардағы ақпарат жүкқұжаттағы және вагон парағындағы деректерге сәйкес келмейтіні анықталған жағдайда;
сапар барысында қозғалыс қауіпсіздігіне және тасымалданатын жүктердің сақталуына қауіп төндіретін коммерциялық жарамсыздықтары бар вагондар, контейнерлер анықталған жағдайда;
вагон, контейнер зақымданғанда;
жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, өзге ұйым операторына тиесілі немесе олар жалға алған вагондар мен контейнерлерге тасымалдаушының өздігінен жүк тиеуі;
жүк жөнелтушінің, жүк алушының, өзге ұйымдардың тасымалдаушыға тиесілі вагондар мен контейнерлерді өздігінен пайдалануы;
жүк алушы жүктердің тасымалы үшін төлем енгізуден немесе тасымалдаушыға тиесілі өзге төлемдерді төлеуден жалтарған жағдайда жүктерді беруді кідірту;
тағайындау станциясында әскерилендірілген күзетпен күзетілетін жүктердің жүк алушының кінәсі бойынша кідіртілуі;
комиссиялық түрде беруге келген вагонды немесе контейнерді тасымалдаушының өкілдерінсіз жүк алушының ашуы;
жүк жөнелтушінің, жүк алушының, өзге ұйымдардың вагонның бұзылғаны туралы актіге, контейнердің зақымданғаны туралы актіге, қабылдап тапсырушының жаднамасына, вагондарды беру және әкету тізімдемесіне, тасымалдау өтінімінің (жоспарының) орындалуын есепке алу карточкасына және теміржол көлігінің жұмыс технологиясында көзделген басқа құжаттарға қол қоюдан бас тарту немесе жалтаруы. Бұл жағдайларда қол қою көзделген орында нөмірі және жасалу күні көрсетіле отырып, жалпы нысандағы актінің жасалғаны туралы белгі қойылады, оған станциядағы тасымалдаушының өкілі қол қояды және станцияның жолдық мөртабанымен расталады.
Жалпы нысандағы актілер тараптардың материалдық жауапкершілігі үшін негіз болып табыла алатын жағдайларды куәландыру үшін және басқа жағдайларда жасалады, егер бұл ретте коммерциялық актіні немесе басқа арнайы нысандағы актіні жасау талап етілмесе.
522. Жалпы нысандағы актіні осы Қағидада белгіленген санда тасымалдаушы жасайды. Жалпы нысандағы актінің әрбір данасында «Станция» бағанында жолдық мөрқалыбы қойылады.
523. Жалпы нысандағы акт вагонды, контейнерді жөнелту және (немесе) тағайындау станцияларында 3 данада жасалады:
жалпы нысандағы актінің бірінші данасы жүк жөнелтушіден, жүк алушыдан немесе басқа ұйымдардан айыппұлдарды, алымдарды және (немесе) басқа төлемдерді өндіріп алу үшін тасымалдау құжатына қоса беріледі;
екінші данасы - жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, экспедиторға беріледі (талап ету бойынша);
үшінші данасы - тасымалдаушыда қалады.
жүк жөнелтушінің, жүк алушының, өзге ұйымдардың вагонның бұзылғаны туралы актіге, контейнердің зақымданғаны туралы актіге, қабылдап тапсырушының жаднамасына, вагондарды беру және әкету ведомосына, тасымалдау жоспарының орындалуын есепке алу карточкасына қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, жалпы нысандағы акт қол қойылмаған, көрсетілген, екі жақты құжаттардың екінші данасымен бірге жүк жөнелтушінің, жүк алушының, басқа да ұйымның мекенжайына тапсырыстық хатпен жіберіледі.
Хатты жөнелтуге арналған почта түбіртегі хаттың көшірмесімен және қол қойылмаған құжаттың бірінші данасымен және жалпы нысандағы актімен бірге тасымалдаушыда сақталады.
524. Жалпы нысандағы акт вагонның, контейнердің сапары барысында станцияларда үш данада:
1) қозғалыс қауіпсіздігіне немесе жүктердің сақталуына қатер төндіретін коммерциялық ақаулары бар жүк тиелген вагондар, контейнерлер байқалған жағдайда;
2) автотракторлық техниканың тоналу, жетіспеу және зақымдалу белгілері байқалған жағдайда;
3) вагонның зақымдануына себеп болған жүк бекітілуінің бұзушылықтары байқалған жағдайда, бұл ретте жүктің зақымдануына (бұзылуына) алып келсе;
4) тоналу белгілері бар жүк тиелген вагондар, контейнерлер байқалған жағдайда;
5) осы Қағидалардың 15-тарауында көрсетілген жеткізу мерзімдері мен жеткізу мерзімдерін есептеу ережелері бұзылған жағдайларда жасалады.
Бұл ретте, екі дана тасымалдау құжаттарына қоса беріледі, үшінші дана оны жасаған станциядағы тасымалдаушыда қалады.
Сапар барысында шектес жанасу станцияларында тасымалдаушының кінәсінен туындамаған өзге себептер бойынша вагондар кідірген жағдайларда жалпы нысандағы акт үш данада жасалады.
525. Тасымалдардың электрондық досьесін пайдалана отырып, тасымалдауды жүзеге асыру кезінде жалпы нысандағы акт жүріп өту станцияларында екі данада жасалады:
вагонды (вагондар тобын) маршруттық немесе топтық жөнелтілімнен ағыту жағдайларында, ағыту себептері көрсетіліп, актінің бір данасы вагон (вагондар тобы) ағытып алынған негізгі жөнелтіліммен жіберіледі, екінші данасы ГУ-27-У-ВЦ нысанындағы электрондық жүк құжатының қағаз көшірмесімен бірге тігіліп тасымалдаушыда станцияда қалады.
526. Жалпы нысандағы актіде оны жасауға негіз болған жағдайлар айтылады.
Егер жүк жөнелтушімен жасалған шарт бойынша тасымалдаушының люктері, есіктері ашық, жүктерді бекітуге арналған тетіктері алынбаған тазартылмаған бос вагондарды, контейнерлерді жүк жөнелтушінің құралдарымен жүк тиеуге беру көзделсе, онда мұндай вагондар, контейнерлер жүк тиеуге берілген жағдайда жалпы нысандағы акт жасалады. Жалпы нысандағы актіде вагондар, контейнерлер жүк тиеуге жүк жөнелтушінің келісімімен берілгені, сондай-ақ вагондардың, контейнерлердің нөмірлері, сондай-ақ шарттың нөмірі мен оған қол қойылған күн көрсетіледі.
Егер жалпы нысандағы акт жүкті жеткізу мерзімін ұлғайтуды қажет ететін жағдайларда жүк жүру жолында кідірген жағдайда жасалса, актіде вагондардың, контейнерлердің кідіртілу себебі мен уақыты көрсетіледі.
Жалпы нысандағы акт жүру жолындағы станцияларда қозғалыс қауіпсіздігіне және тасымалданып отырған жүктің сақталуына қауіп төндіретін коммерциялық тұрғыдан жарамсыздығы бар вагондар, контейнерлер анықталған жағдайларда жасау кезінде актіде, солардың салдарынан вагон, контейнер комиссиялық тексеруге жөнелтіліп отырған анықталған ақаулықтар, жүкті тексеру нәтижелері, вагон, контейнер шанағының, бекіту-пломбалау құрылғыларының, бұраулардың, есіктердегі және люктердегі бекітпелердің жай-күйі, сондай-ақ вагонның толық тиелуін, жүктің бет жағының біркелкілігін көрсете отырып, жүкті тиеу жағдайы, есік аралық кеңістіктегі қабаттар саны және басқа жағдайлар көрсетіледі. Егер жүк атқара тиелсе және қатарлар мен қабаттарды санау мүмкін болмаса, жүктің есік аралық кеңістікте орналастырылуы тиеудің біркелкілігі, жүк орындарының саны, ыдысының ерекше белгілері бойынша сипатталады.
Автотракторлық техниканы тасымалдау кезінде жалпы нысандағы актіде техниканың зақымдануы, бөлшектер мен тораптарының жетіспеуі, ал қосалқы бөлшектер мен құрал-сайманы бар жекелеген жерлері бұзылған кезде, егер олардың тізімдемесі болмаса, олардың нақты қолда бары көрсетіледі. Талан-таражға салу белгілері болған кезде олар дәл тұрған орны, жүк ойықтарының көлемдері, жүк орындарын буып-түюдің бұзылуы мен басқа жағдайлар көрсетіле отырып егжей-тегжейлі сипатталады. Жалпы нысандағы актіде сондай-ақ жүкке қол жеткізу мүмкіндігін жою тәсілі, вагонға, контейнерге, автотракторлық техникаға салынған бекіту-пломбалау құрылғылары туралы мәліметтер көрсетіледі.
Егер вагон станцияға жалпы нысандағы актімен ресімделген коммерциялық ақаулығымен келіп түссе және вагонның (жүктің) жай-күйі актідегі сипатталуымен салыстырғанда өзгермеген болса, жолай жалпы нысандағы акт Коммерциялық жарамсыздықтарды тіркеу кітабына (ГУ-98 нысанындағы) жазылады және жалпы нысандағы акті қайтадан жасалмайды.
527. Жалпы нысандағы актіге оны жасауға негіз болып табылған жағдайларды куәландыруға қатысатын кем дегенде екі тұлға қолдарын қояды.
Ілесіп жүрумен жүкті тасымалдау кезінде жалпы нысандағы актіге жүкке ілесіп жүрген тұлға да (жүк жөнелтушінің, жүк алушының жолсерігі, әскерилендірілген күзет қызметкері) қолын қояды.
Жүру жолындағы станцияда жалпы нысандағы актіні арнайы бөлінген қызметкер оған телефон немесе радиобайланыс арқылы берілген деректердің негізінде ресімдеген жағдайларда, тасымалдау құжатына қоса берілген жалпы нысандағы актінің бірінші данасына оны жасаған тұлға қарап тексеруді жүргізген қызметкерлердің тектерін, аты-жөндері мен лауазымдарын көрсете отырып, қолын қояды. Жалпы нысандағы актінің екінші данасына белгіленген тәртіппен онда көрсетілген барлық тұлғалар қолдарын қояды. Жалпы нысандағы актіде көрсетілген тұлғалар актіге қолдарын қояды және оның мазмұнымен келіспеген жағдайда, өзінің пікірін айтуға құқылы.
Жүк жөнелтушінің, жүк алушының, басқа ұйымдардың өкілі жалпы нысандағы актіге қолдарын қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, жалпы нысандағы актіде оның осы актіге қол қоюдан бас тартқаны немесе жалтарғаны туралы белгі қойылады. Бұл белгі екінші рет жалпы нысандағы актіні жасауға қатысқан тұлғалардың қолдарымен куәландырылады.
3-параграф. Әкімшілік бақылау жүргізу үшін ашу актісін жасау
528. Әкімшілік бақылау жүргізу үшін станцияда ашық жылжымалы құрамда тасымалданатын вагонды, контейнерді, сондай-ақ автомобильді, тракторды және басқа өздігінен жүретін машинаны ашу кезінде вагонды, контейнерді ашу актісі жасалады.
529. Вагонды, контейнерді ашу актісі үш данада жасалады:
бірінші данасы тасымалдау құжатына қоса беріледі және жүкпен бірге жүк алушыға беру үшін тағайындау станциясына дейін жүкпен бірге ілесіп барады;
екінші данасы оның талабы бойынша вагонды, контейнерді ашу жүргізілген мемлекеттік органның өкіліне оның вагонға, контейнерге, автомобильге, тракторға және басқа өздігінен жүретін машинаға қайта орнатылған бекіту-пломбалау құрылғыларының құнын өтеуі үшін (бекіту-пломбалау құрылғыларын тасымалдаушы орнатқан жағдайда) беріледі;
үшінші данасы вагоннан, контейнерден алынған бекіту-пломбалау құрылғыларымен бірге тасымалдаушыда акт жасалған станцияда қалады.
Вагонды, контейнерді ашу актісін жасаған станцияда жүк құжатының сырт жағындағы «Тасымалдаушының белгілері» бағанына немесе қосымша жеткізу жол ведомосында жүк атауының астында тасымалдаушының өкілі вагонды, контейнерді ашу актісі жасалғаны туралы белгі қояды. Белгі актіні жасаған қызметкердің қолымен және станцияның күнтізбелік мөртабанымен куәландырылады.
530. Вагонды, контейнерді ашу актісінде бақылаудан кейін вагоннан, контейнерден алынған және салынған бекіту-пломбалау құрылғылары туралы мәліметтер, соның ішінде: бекіту-пломбалау құрылғыларын кім орнатқаны (кедендік не болмаса басқа мемлекеттік бақылау органы), сондай-ақ бақылау белгілері мен бекіту-пломбалау құрылғыларының үлгісі көрсетіледі. Актіге вагонды, контейнерді ашуды жүргізген тасымалдаушының өкілі, мемлекеттік бақылау органдарының өкілдері қолдарын қояды және тасымалдаушының күнтізбелік мөртабанымен куәландырылады.
531. Тасымалдардың электрондық досьесін пайдалана отырып, тасымалдауды жүзеге асыру кезінде вагонды немесе контейнерді ашу туралы акт электронды түрінде жасалады.
4-параграф. Вагонның зақымдалғаны туралы акт жасау
532. Вагонның зақымдалғаны туралы осы Қағидаларға 34-қосымшаға сәйкес ВУ-25 нысанындағы актіні тасымалдаушы вагонның зақымдалған барлық жағдайларында жасайды. Соның ішінде вагонның бекіту құрылғыларының немесе күрделі, деполық, ағымдық (ағытып, ағытусыз) жөндеуге немесе вагонды мүкәммалдан шығаруға жататын бекіту-пломбалау құрылғыларын орнатуға арналған құрылғылардың зақымдалуы, сондай-ақ соқтығысу және вагонның доңғалақ жұбының рельстен шығуы кезінде. Вагонның доңғалақ жұбының рельстен шығуы кезінде вагонның зақымдалғаны туралы акті барлық жағдайларда, соның ішінде вагонның зақымдалуы болмаған кезде де жасалады.
533. Вагонның зақымдалғаны туралы акт вагонға зақым келтірген тасымалдаушыдан, жүк жөнелтушіден, жүк алушыдан, басқа ұйымнан оның зақымдалғаны үшін айыппұл өндіріп алуға және тасымалдаушының, жүк жөнелтушінің, жүк алушының, басқа ұйымның вагонның зақымдалуы салдарынан шеккен шығындарының орнын толтыруға негіз болып табылады.
534. Вагонның зақымдалғаны туралы акт вагонға зақым келтірген жүк жөнелтушінің, жүк алушының, басқа ұйымның өкілінің қатысуымен жасалады.
Егер вагонның зақымдалуы соқтығысу немесе рельстен шығу салдарынан болса, вагонның зақымдалғаны туралы актіні тасымалдаушының тасымалдау бөлімшесінің қауіпсіздік жөніндегі бас ревизорының немесе тасымалдау бөлімшесінің вагон шаруашылығы жөніндегі ревизорының қатысуымен жасалады. Рефрижераторлық секция, АРВ-Э вагондарының немесе олардың арнайы жабдығының зақымдалуы кезінде вагонның зақымдалғаны туралы актіні учаскесінде зақымдалу болған пайдалану вагон депосының бастығы (бастығының орынбасары) тасымалдау бөлімшесінің қауіпсіздік жөніндегі бас ревизорымен (тасымалдаушының тасымалдау бөлімшесі болмаған кезде - пайдалану вагон депосының бастығы және рефрижераторлық секцияға, АРВ-Э-ге қызмет көрсететін бригаданың басшысы тағайындаған қызметкермен) бірлесіп жасайды.
535. Вагонның зақымдалғаны туралы актіге оны жасауға қатысқан тұлғалар қолдарын қояды және вагонға зақым келтірген пайдалану вагон депосының және жүк жөнелтушінің, жүк алушының немесе басқа ұйымның қаржы операциялары үшін пайдаланылатын мөрімен расталады. Жүк жөнелтуші, жүк алушы, басқа ұйым вагонның зақымдалғаны туралы актіге қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, осы Қағидаларға сәйкес жалпы нысандағы акт жасалады.
Вагонның зақымдалғаны туралы акт әрбір вагонға жеке оның ағымдық жөндеу көлемінде зақымдалуы кезінде - үш данада, соқтығысу және рельстен шығуы кезінде - төрт, жөндеудің жоспарлық түрлері көлемінде зақымдалу кезінде, сондай-ақ вагонды мүкәммалдан шығарған жағдайда - бес данада жасалады.
Рефрижераторлық секция, АРВ-Э зақымдалған кезде вагонның зақымдалғаны туралы акт алты данада жасалады. Вагонның зақымдалғаны туралы актінің бірінші данасы вагонға зақым келтірген жүк жөнелтушіге, жүк алушыға немесе басқа ұйымға беріледі, екіншісі вагонға зақым келтіргені үшін ұсынылатын шотқа қосып беріледі, үшіншісі вагонның зақымдалғаны туралы актіге өкілі қол қойған пайдалану вагон депосында сақтауға қалдырылады, төртіншісі бөлімшенің вагон шаруашылығы жөніндегі ревизорына беріледі, бесіншісі вагон ілеспе құжаттарымен жөндеуге жіберілетін зауытқа немесе вагон депосына жіберіледі, алтыншысы тіркелген депосына беру үшін рефрижераторлық секцияға, АРВ-Э-ге қызмет көрсететін бригада басшысына беріледі.
Жүру жолында вагонның зақымдалғаны туралы акт жүк жөнелтушінің, жүк алушының, басқа ұйым өкілінің қатысуынсыз, осы Қағидада көзделгенге қарағанда бір данаға кем мөлшерде жасалады. Жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, басқа ұйымдарға тиесілі вагондардың зақымдалуы кезінде вагонның зақымдалғаны туралы актінің қосымша данасы жасалып, ол олардың талап етуі бойынша оларға беріледі. Жүк жөнелтушілер немесе жүк алушылар өкілдерінің ілесіп жүруімен жүк тасымалдау кезінде вагонның зақымдалғаны туралы актіге жүк жөнелтушінің функциясы жүктелген және жүк құжатына оның өкілеттіктерінің сипаттамасы бар жүкке ілесіп жүрген жолсеріктің қол қоюына жол беріледі.
536. Вагонның зақымдалғаны туралы актіде вагонның зақымдалу себептері мен тізбесі, жұмыс көлемі және қажетті жөндеу түрі, сондай-ақ зақымдалған бөлшектердің және вагонды қалпына келтіру құны көрсетіледі. Сондай-ақ рефрижераторлық секция, АРВ-Э зақымдалған кезде вагонның зақымдалғаны туралы актіде тасымалдаушы мен тіркелген депосы көрсетіледі. Егер вагон соқтығысу, рельстен шығу немесе апат кезінде зақымдалса, онда вагонның зақымдалғаны туралы актіде «Қосымша деректер» жолында: жота арқалықтарының, бойлық бүйірлік швеллерлер мен буферлік білеулердің тік және көлденең жазықтықтағы барынша иілу шамасы, сондай-ақ жөндеуді талап ететін вагон рамасы элементтерінің атауы көрсетіледі.
537. Вагон соқтығысу, рельстен шығу немесе апат кезінде зақымдалған жағдайларда, вагон қалпына келтіру жұмыстары кезінде қосымша зақым алғанда, пайдалану вагон депосының қызметкері вагонның зақымдалғаны туралы актіге қосымша жасайды. Қосымшада зақымдықтар тізбесі мен оларды тудырған жағдайлар көрсетіледі. Вагонның зақымдалғаны туралы актіге қосымша оны жасау кезінде вагон рамасы коррозиясының болуы, вагонды мүкәммалдан шығаратындай көлем мен мөлшерде тозуы бойынша конструктивтік және басқа да кемшіліктерінің болуы анықталғанда да жасалады. Вагонның зақымдалғаны туралы актінің қосымшасына пайдалану вагон депосының бастығы (бастығының орынбасары), тасымалдау бөлімшесінің қозғалыс қауіпсіздігі жөніндегі бас ревизоры, тасымалдау бөлімшесінің вагон шаруашылығы жөніндегі ревизоры және қалпына келтіру поезының бастығы қолдарын қояды. Вагонның зақымдалғаны туралы актідегі және оған қосымшадағы қойылған қолдар пайдалану вагон депосының қаржы операциялары үшін пайдаланылатын мөрімен расталады. Вагонды жөндеу үшін зауытқа (депоға) жөнелткен кезде вагонның зақымдалғаны туралы актіде зауыттың (депоның) атауы мен жарамсыз вагонды жөндеуге жіберуге ВУ-26М нысанындағы ілеспе парақты жасау күні көрсетіледі.
538. Егер зақымдалған вагонды жүк жөнелтуші, жүк алушы, басқа ұйым жөндеген болса, онда вагонның зақымдалғаны туралы актінің барлық даналарында вагонды жөндеуден кейін қабылдаған вагон депосының өкілі: тасымалдаушының кәсіпорындар зақымдаған және жөндеген вагондарды есепке алу кітабында (ВУ-16-нысан) датасын, уақытын, жазылған реттік нөмірін көрсете отырып, оны қабылдау туралы белгі қояды және өзінің қолымен куәландырады.
Тасымалдардың электрондық досьесін пайдалана отырып, тасымалдауды жүзеге асыру кезінде вагонның зақымдалу актісі электронды түрінде жасалады.
5-параграф. Контейнердің зақымдалғаны туралы акт жасау
539. Контейнердің зақымдалғаны туралы осы Қағидаларға 43-қосымшаға сәйкес ВУ-25к нысанындағы акт контейнердің зақымдалуының барлық жағдайларында, соның ішінде контейнердің бекіту құрылғыларының немесе күрделі, жоспарлы, ағымды жөндеуге немесе контейнерді мүкәммалдан шығаруға жататын бекіту-пломбалау құрылғыларын орнатуға арналған құрылғылардың зақымдалуы кезінде жасалады. Контейнердің зақымдалғаны туралы акт контейнерге зақым келтірген тасымалдаушыдан, жүк жөнелтушіден, жүк алушыдан, басқа ұйымнан оның зақымдалғаны үшін контейнер иесінің пайдасына айыппұл өндіріп алуға және тасымалдаушының контейнердің зақымдалуы салдарынан шеккен шығындарының орнын толтыруға негіз болып табылады.
540. Контейнердің зақымдалғаны туралы актіні контейнердің зақымдалуына кінәлі жүк жөнелтуші, жүк алушы, басқа ұйым өкілінің қатысуымен тасымалдау құжатында көрсетілген контейнерлер операторы жасайды.
Контейнердің зақымдалғаны туралы актіге контейнерлер операторы және контейнерге зақым келтірген ұйымның өкілі, өзінің лауазымын, тегін, аты-жөнін көрсете отырып, қолдарын қояды және контейнерлер операторының жолақтық мөртабанымен және контейнерге зақым келтірген ұйымның мөрімен расталады.
Жүк жөнелтуші, жүк алушы, басқа ұйымдар контейнердің зақымдалғаны туралы актіге қол қоюдан бас тартқан немесе жалтарған жағдайда, осы Қағидаларға сәйкес жалпы нысандағы акт жасалады.
Контейнердің зақымдалғаны туралы акт әрбір контейнерге жеке жасалады.
541. Мүкәммалдық контейнер зақымдалған жағдайда, контейнердің зақымдалғаны туралы акт үш данада жасалады. Контейнердің зақымдалғаны туралы актінің бірінші данасы контейнердің зақымдалуына кінәлі ұйымға жіберілетін шотқа қоса беріледі. Екінші данасы контейнерлер операторының істерінде акт жасау орны бойынша сақталады. Үшінші данасы жарамсыз контейнерді жөндеу хабарламасымен бірге (ВУ-23М нысаны) контейнерді жөндеуді жүзеге асыратын жөндеу ұйымының атына жіберіледі.
Меншікті контейнер зақымдалған жағдайда, контейнердің зақымдалғаны туралы актінің қосымша төртінші данасы жасалып, ол жүк жөнелтушіге, жүк алушыға, басқа ұйымға олардың талап етуі бойынша беріледі.
Контейнердің зақымдалғаны туралы актіде контейнердің зақымдалу себептері мен тізбесі, жұмыс көлемі мен қажетті жөндеу түрі, сондай-ақ контейнердің зақымдалған бөліктерінің және қалпына келтірудің құны көрсетіледі.
542. Тасымалдардың электрондық досьесін пайдалана отырып, тасымалдауды жүзеге асыру кезінде контейнердің зақымдалу актісі электронды түрінде жасалады.
6-параграф. Құю пунктінде немесе жуу-булау станциясында

Каталог: bitrix


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет