Ис bestProfi



бет17/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79

өнімдерін тасымалдау

487. Карантиндік зиянкестерді және өсімдіктер мен арамшөптердің ауруларын қоздырғыштарын (бұдан әрі – карантин объектілері) жұқтырушы болуы мүмкін фитосанитариялық бақылауға жататын жүктерді, соның ішінде өсімдік өнімдері мен басқа да карантиндегі материалдарды (бұдан әрі – карантиндегі жүктер) карантин салынған аумақтардан тасымалдауға қабылдауға тек қана жүк жөнелтуші карантиндегі жүктерді тиеп жөнелту орындарында өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органдар берген жүктерде карантиндік организмдердің жоқтығын растайтын сертификатты ұсынған жағдайда ғана рұқсат етіледі.
488. Өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органнан карантинге жатқызылған аумақтарды, сондай-ақ тасып әкетуге шектеулер енгізілген карантиндегі жүктер нақты тізбесін жариялау туралы ресми хабарлама алғаннан кейін тасымалдаушы бұл туралы темір жол станцияларына дереу хабарлайды.
489. Карантиндік немесе фитосанитарлық сертификаттың белгіленген нысаны бір вагонда, контейнерде жүктің бірнеше жөнелтілімдері (топтамалары) болған кезде әрбір вагонға, контейнерге немесе карантиндегі жүктің әрбір жөнелтіліміне (топтамасына) ұсынылады. Сертификаттың бір данасы тасымалдау құжаттарына қоса беріледі, екінші данасы жөнелту станциясында қалады және қатаң есептілік құжаты ретінде сақталады. Жүк жөнелтушінің жүк қағазына сертификаттың нөмірі мен берілген күнін көрсете отырып, оның қоса берілгені туралы белгі енгізіледі.
490. Карантинді аумақтан шығарылған карантиндік жүктерді жүру жолында жаңа мекенжайға жіберуге тыйым салынады.
Жүк жөнелтушінің карантинде деп жарияланған аймақтардан келіп түскен карантиндегі жүктерді түсіруі өсімдіктер карантині жөніндегі уәкілетті органың рұқсатымен ғана жүргізіледі.
491. Карантиндегі жүктерді түсіргеннен кейін жүк алушы вагондарды, контейнерлерді тазалауды жүргізеді, ал жүк қалдықтары мен қоқыстарды өсімдіктер карантині жөніндегі мемлекеттік инспектордың нұсқауы бойынша осы үшін арнайы бөлінген орындарда жояды.
492. Карантиндік зиянкестер мен аурулар жұққан өсімдік жүктерін жоюға, карантиндегі жүктері бар вагондар мен қоймаларға карантиндік зарарсыздандыру жүргізілуіне байланысты барлық шығыстарды жүк алушы төлейді, тиісті жағдайларда оның жүк жөнелтушімен қайта есеп айырысуға құқығы бар.
3-параграф. Карантиндік фитосанитарлық бақылауға жататын


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет