тәртібі 583. Кейбір жүктерді тасымалдауды осы Қағидаларға сәйкес жүзеге асыру мүмкін болмаған жағдайда, жүктерді тасымалдау жүк жөнелтушінің, жүк алушының және тасымалдаушының арасында жасалған шарт негізінде ерекше жағдайларда, жекелеген, бір реттік жағдайларда кепілдік хат негізінде жүргізілуі мүмкін. Бұл ерекше жағдайлар осы Қағидада айтылған шарттарға қатысты басымдыққа ие. Ерекше жағдайларда жүктерді тасымалдау келесі жағдайларда қолданылады: 1) тасымалдануы осы Қағидада қарастырылмаған жүктерді тасымалдау кезінде; 2) жүк тасымалдау ыдысы, орамасы және жүктің жағдайы стандарттық талаптар мен техникалық жағдайларға сәйкес келмегенде немесе ыдыс пен ораманың жаңа түрлері қолданылған кезде; 3) тез бұзылатын жүктердің тасымалдану мерзімі осы Қағидада белгіленген тасымалдау мерзімнен асатын шектерде тасымалданған кезде; 4) жүктің жекелеген түрлерін тасымалдау осы Қағидада қарастырылмаған жылжымалы құрамды, контейнерлерді пайдалана отырып тасымалдау кезінде; 5) осы Қағидада қарастырылмаған басқа жағдайларда. 584. Ерекше жағдайларда жүктер тасымалданғанда мыналар: жүкті тасымалдауға қабылдау шарттары; жүктің массасын анықтау және тасымалдау құжаттарын толтыру тәртібі; жүкті жүк алушыға беру тәртібі; тасымалданатын жүктердің сақталуын қамтамасыз ету бөлігінде тараптардың жауапкершілігі; тасымалдаушы шарт бойынша өзінің міндетін орындаған жағдайда, оны жауапкершіліктен босату; жүктерді ерекше жағдайларда тасымалдауға байланысты тасымалдаушының шығыстарын өтеу; өзге жағдайлар, соның ішінде ерекше жағдайларда тасымалдауды алып жүру және сапар барысында қызмет көрсету ерекшелігі және тәсілі, тасымалдылық мерзімі көзделуі тиіс. 585. Егер жүктерді ерекше жа ғдайларда тасымалдау қажет болса, жүк жөнелтуші тасымалдаушыға осы Қағидада белгіленген жүктерді тасымалдауға өтінім беру мерзімінен 5 күнтізбелік күн бұрын хат түрінде өтінім береді. 586. Ерекше жағдайларда жүк тасымалдау кепілдік хат немесе шарт негізінде жүзеге асырылуы мүмкін, онда жүк жөнелтуші (жүк алушы) тасымалданатын жүктің сапасы мен санына кінәрат тақпауға кепілдік береді. 587. Тасымалдаушы өтінім алғаннан кейін 10 күнтізбелік күн ішінде ерекше жағдайларда жүк тасымалдау мүмкіншілігі туралы шешім шығарады. 588. Ерекше жа ғдайларда жүк тасымалдау бойынша тасымалдаушы оң шешім қабылдаған жағдайда өзінің тиісті құрылымдық бөлімшелеріне жеделхат түрінде хабарлайды, онда осы тасымалдаудың негізгі шарттары туралы (жөнелту және тағайындау станциясы, жүк түрі, жылжымалы құрамның түрі және кімге тиесілілігі, тараптардың жауапкершілігі, ерекше жағдайдың қолданылу кезеңі) хабарланады. Ерекше жағдайларда жүк тасымалдауды жүзеге асыру мүмкін болмаса, тасымалдаушымен жүк жөнелтушіге дәлелді бас тарту білдіріледі. 589. Жүк құжатының «Жүк атауы» бағанында жүк жөнелтуші жүк атауының астына «Ерекше жағдайларда тасымалдау, жеделхат нөмірі, датасы көрсетілуі тиіс, жеделхатта ерекше жағдайларда жүк тасымалдау шартының нөмірі көрсетіле отырып, бұл жүкті тасымалдау тәртібі жариялануы тиіс» белгісін қоюы тиіс. 34. Жүктері түсірілгеннен кейін вагондар мен контейнерлерді