толтыруы 175. Жол жүру барысында осы Қағидада көзделген барлық белгілерді тасымалдаушының станциядағы өкілі жүк құжатының сырт жағындағы «Тасымалдаушының белгілері» 5-бағанында жасайды.
Аталған жөнелтілімге жататын актілер жасалғанда, актінің нөмірі, оның жасалу датасы, акт не туралы жасалғандығы көрсетіледі (мысалы, «____ орынның кем болуы туралы», «____ кг массаның кем болуы туралы»). Жеткізу мерзімін ұзартуға құқық беретін жүктің кідіртілу себептері туралы. Жүк тасымалы тасымалдардың электрондық дерегі қолданылып ресімделгенде, белгілер тасымалдаушының МАЖ-ының қызмет ету технологиясына сәйкес енгізіледі және электрондық жүк қағазының қағаз көшірмесіне (егер жүк электрондық тасымалдау құжаттарының қағаз көшірмелерімен келе жатса) қойылады. 176. Жүкті жаңа тасымалдау құжаттарын ресімдеумен барар жері өзгертілгенде мына мазмұндағы белгілер қойылады:
жаңа тасымалдау құжаттарында «Жүктің атауы» бағанында - «Жүктің барар жері _____________ (рұқсат берген тұлғаның тегі, лауазымы) «___» ________» № ___ өкімі бойынша өзгертілген, бастапқы жүк қағазының № _____, жөнелту станциясы ___________, тағайындалу станциясы __________». Белгілер тасымалдаушының станциядағы өкілінің қолымен және мекенжайды ауыстыруды ресімдеген тасымалдаушының мөрқалыбымен куәландырылады. Жүкті тасымалдардың электрондық дерегін қолданып тасымалдағанда, осы тармақта аталған деректер мен оларды тасымалдау құжаттарына енгізген тасымалдаушының станциядағы өкілінің тегі тиісінше жаңа және бастапқы электрондық тасымалдау құжаттарында толтырылады. Барар жерін ауыстыруды ресімдеуде басылған ГУ-27-У-ВЦ нысаны бойынша жаңа және бастапқы электрондық жүк қағазының қағаз көшірмелері тасымалдаушының тауар кассирінің қолымен және тасымалдаушының мөрқалыбымен «Тасымалдаушының белгілері» бағанында куәландырылады. 177. Жүктің барар жерін бастапқы тасымалдау құжаттары бойынша өзгерткенде тасымалдау құжатындағы тағайындалу станциясының атауы және оның коды, жүк алушы және оның коды (сызылып тасталады қажет болғанда, сызылғанды оқуға болатындай) және барар жерін өзгерту туралы өкімге сәйкес жаңа деректер мен олардың коды көрсетіледі. Түзетулер тасымалдаушының станциядағы өкілінің қолымен және тасымалдаушыны ң мөрқалыбымен куәландырылады. Жүкті тасымалдардың электрондық дерегін қолданып тасымалдағанда осы тармақта аталған деректер ГУ-27-У-ВЦ нысанды бастапқы электрондық жүк құжатының және ГУ-29-У-ВЦ нысанды жол тізімдемесінің қағаз көшірмелерінде толтырылады, олар тауар кассирінің қолымен және станцияның мөрқалыбымен «Тасымалдаушының белгілері» бағанында куәландырылады. Тасымалдардың электрондық дерегінде тағайындалу станциясын және алушыны өзгерту тасымалдаушының автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің қызмет ету технологиясына сәйкес жүргізіледі. 178. Тағайындалу станциясын өзгертусіз жүк алушыны өзгерткенде жүк алушының атауы және оның коды сызылып тасталады (қажет болғанда, сызылғанды оқуға болатындай) және жүк жөнелтушінің арызы негізінде жаңа жүк алушының атауы және оның коды көрсетіледі. Жасалған түзетулер тасымалдаушының станциядағы өкілінің қолымен және тасымалдаушыны ң мөрқалыбымен куәландырылады. Жүкті тасымалдардың электрондық дерегін қолданып тасымалдағанда жаңа жүк алушының атауы және оның коды ГУ-27-У-ВЦ нысанды бастапқы электрондық жүк құжатының және ГУ-29-У-ВЦ нысанды жол тізімдемесінің қағаз көшірмелерінде толтырылады, олар тауар кассирінің қолымен және тасымалдаушының мөрқалыбымен «Тасымалдаушының белгілері» бағанында куәландырылады. Тасымалдардың электрондық дерегінде алушыны өзгерту тасымалдаушының МАЖ қызмет ету технологиясына сәйкес жүргізіледі. 179. Сапар барысында жүк басқа вагонға қайта тиелген жағдайда, тасымалдау құжатында вагонның нөмірі және ол жайындағы басқа мәліметтер сызылып тасталады (қажет болғанда, сызылғанды оқуға болатындай), содан кейін оған жүк қайта тиелген вагон туралы жаңа деректер қойылады. Бұл түзету қайта тиеуді басқарған тасымалдаушы өкілінің қолымен және басқа вагонға жүк қайта тиелген станцияның мөрқалыбымен расталады. Электрондық жүк құжаты пайдаланыла отырып, жүкті тасымалдау кезінде оған осы тармақта көрсетілген деректерден басқа тасымалдаушының қайта тиеуді басқарған станциядағы өкілінің тегі және лауазымы енгізіледі. Тасымалдаушының электрондық дерегін қолдана отырып, жүкті тасымалдау кезінде осы тармақта көрсетілген деректерге, сондай-ақ тасымалдаушының қайта тиеуді басқарған станциядағы өкілінің тегі және лауазымы ГУ-27-У-ВЦ нысанды бастапқы электрондық жүк қағазының және ГУ-29-У-ВЦ нысанды жол тізімдемесінің қағаз көшірмелеріне енгізіледі. Тасымалдардың электрондық дерегінде вагон нөмірін өзгерту тасымалдаушының МАЖ қызмет ету технологиясына сәйкес жүргізіледі. 4-параграф. Жүк құжатын тағайындалу станциясында толтыру 180. «Келуі бойынша» бағанында - ақтық есеп айырысу бойынша тасымалдау ақысының сомасы, тасымалдау құжаттары бойынша тағайындалу станциясында өндіріліп алынған қосымша алымдар, тасымал ақысының және тасымалдаушыға тиісті барлық төлемдердің жалпы сомасы көрсетіледі. 181. «Төлемдер тағайындалу станциясында өндіріп алынған» бағанында - әртүрлі алымдар квитанцияларының нөмірі немесе төлем картасының нөмірі көрсетіледі. Төлемдерді өндіріп алу тасымалдаушының станциядағы өкілінің қолымен, лауазымын, тегі мен аты-жөнін көрсетумен куәландырылады, ад жүк қаұжатының және жол тізімдемесінің сырт жағында жүкті беру уақыты туралы станцияның күнтізбелік мөрқалыбы қойылады. Жүк құжатының сырт жағында «Жүкті шығару» 3-бағаны тиеу және түсіру орындарында жүкті түсіру және тағайындалу станциясынан жүкті әкету кезінде тасымалдаушының станциядағы өкілімен толтырылады. 182. «Жүкті тасымалдаушының түсіруі немесе жүк алушының құралдарымен түсіруге беру» бағанында - жүк қағазының және жол тізімдемесінің сырт жағында жүкті тасымалдаушының құралдарымен түсіруге беру уақыты немесе алушының құралдарымен түсіруге беру уақыты туралы тасымалдаушыны ң күнтізбелік мөрқалыбы қойылады. 183. Жүк құжатының сырт жағындағы «Жүкті әкету» 3-бағаны жүктерді тиеу және түсіру орындарына түсіргенде және тағайындалу станциясынан әкеткенде тасымалдаушының станциядағы өкілімен толтырылады. Егер жүк кезең-кезеңмен әкетілсе, оның әр бөлігінің әкетілуі туралы аталған бағанда тиісті белгі қойылады.
Жүктерді станциядан рұқсатнама бойынша әкету тәртібі белгіленген станцияларда, аталған бағанның атауында «Жүкті әкету» сөздерінен кейін «Рұқсатнама №________» деп көрсетіледі.
184. Келген жүктің мекенжайын өзгерткен жағдайда тасымалдаушының «Жүк т.ж. __________________________станциясына _____________________ (өкімге қол қойған тұлғаның лауазымы) «___» ________» № ____ өкімімен мекенжайы өзгертілді» белгісі жасалады. Белгі тасымалдаушының станциядағы өкілінің қолымен және тасымалдаушының мөрқалыбымен расталады. 185. Жүк қағазының сыртқы жағындағы «Жүкті беру туралы белгілер» 6-бағанында жүкті жүк алушыға беру туралы осы Қағидада көзделген белгілер жасалады. 186. Жүкті тасымалдардың электрондық дерегін қолданып тасымалдағанда осы Қағидада көзделген деректер тасымалдардың электрондық дерегіне электрондық жүк құжатының қағаз көшірмесі беріліп енгізіледі. 5-параграф. Жүк құжатын тағайындалу станциясында толтыру 187. Жүкті және тасымалдар үшін есеп айырысуларды алғанын растап жүк алушы мен тасымалдаушы жол тізімдемесінің келесі бағандарын толтырады.
«Жүкті ______________ «___» ___________ алдым.» бағанын - жүк алушы толтырады.
«___» ___________№ ____ сенімхат бойынша» бағанын - тағайындалу станциясының уәкілетті тұлғасы жүкті алуға берген сенімхаттың нөмірі мен оны беру датасын көрсетіп толтырады.
«____ сериялы № ____ жеке басының куәлігі (төлқұжаты), __________қаласында __________көшесі № ____ үй № ___ пәтерінде тіркелген» бағанын - тасымалдаушының станциядағы өкілі толтырады, жүкті алуға уәкілеттендірілгеннің төлқұжатының сериясы мен нөмірі көрсетіледі және төлқұжаттың иесі тіркелген мекенжайы көрсетіледі. 188. Жол тізімдемесіне енгізілген мәліметтер жүк алушының және тасымалдаушының станциядағы өкілінің қолдарымен куәландырылады. 6-параграф. Қосымша жіберу жол тізімдемесін толтыру 189. Тағайындалу станциясына жүкті жіберу кезінде жүк пен тасымалдау құжаттарын айыру, сондай-ақ негізгі жөнелтілімнен жүктің бөлігін бөліп алу жағдайларында қосымша жіберу жол тізімдемесі сапар барысында тасымалдаушымен осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес ГУ-29-О нысаны бойынша толтырылады. 190. Жүкті электрондық жүк құжатпен тасымалдағанда тасымалдаушы ГУ-29У-ВЦ нысаны бойынша электрондық қосымша жіберу жол тізімдемесін толтырады. 191. Қосымша жол ведомосы келесі ретпен толтырылады: жол тізімдемесі мен жүк құжат түбіртегінде «Қосымша жөнелту» көрсетіледі; «Жеткізу мерзімі аяқталады» бағаны толтырылмайды; «Вагон түрі» бағанында вагон түрі көрсетіледі; «Вагон №», «Вагонның жүк көтергіштігі», «Осьтерінің саны», «Габаритсіздік индексі», «Цистернаның түрі/көлемі», «Тасымалдаушы», «Беру станциясы» бағандары осы Қағидамен белгіленген тәртіппен толтырылады; «Жол тізімдемесінің №» және «Жол тізімдемесі түбіртегінің №» бағандарында тасымалдаушымен берілген жөнелтілім нөмірі көрсетіледі; «Жылдамдық» бағанында «Жүктік» көрсетіледі; «Жөнелту станциясы» бағанында тасымалдаушы пайдаланатын станциялардың жіктегішіне сәйкес қосымша жіберу жол тізімдемесін ресімдейтін станцияның дәл атауы және коды көрсетіледі; «Жөнелтуші» бағанында қосымша жол тізімдемесін ресімдеген тасымалдаушы өкілінің атауы көрсетіледі; «Пошталық мекенжай», «Төлеуші», «Құралдармен тиеу», «Жарияланған бағалылық» және «Тарифтік белгілеулер» бағандары толтырылмайды; «Тағайындалу станциясы» бағанында тасымалдаушы пайдаланатын станциялардың жіктегішіне сәйкес қосымша жіберу жол тізімдемесін ресімдейтін станцияның дәл атауы және коды көрсетіледі; «Алушы» бағанында тағайындалу станциясындағы тасымалдаушы өкілінің атауы көрсетіледі;
жүк және оның массасы туралы мәліметтері бар бағандарды толтыру жүк құжаттың түпнұсқасындағы мәліметтер негізінде жүргізіледі. Бұдан басқа, жүк атауының астында «____________________________________ беру үшін (жүк алушының атауы, оның пошталық мекенжайы) № _________ жөнелтілімге қосымша жіберіледі» белгісі жасалынады, БПҚ, сондай-ақ жасалынған жалпы нысандағы акті немесе коммерциялық акт туралы мәліметтер көрсетіледі; «Жөнелту станциясында төлемдер енгізілген» бағаны толтырылмайды. Қосымша жол тізімдемесін ресімдеген тасымалдаушының өкілі онда өзінің тегін, атын, әкесінің атын көрсетеді және қолын қояды; Жол тізімдемесінің «Күнтізбелік мөрқалыптар» бағанында және жол тізімдемесінің түбіртегінде қосымша жөнелту жол тізімдемесін ресімдеген тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыбы қойылады. 7-параграф. Тасымалдау құжаттарының жинағын толтыру 192. Жүктерді вагондап және шағындап жөнелткенде, тасымалдау құжаттарын ресімдеуді тездету мақсатында жүк құжатынан, жол тізімдемесінен, жол тізімдемесінің түбіртегінен және жүкті қабылдау туралы квитанциядан тұратын осы Қағидаларға 16-қосымшаға сәйкес ГУ-29-0 нысанды тасымалдау құжаттарының жинағы не болмаса осы Қағидаларға 17-қосымшаға сәйкес ГУ-27 нысанды жұкқағазы қолданылады. 193. Тасымалдау құжаттарының жинағына кіретін бланктердің нысаны аталған құжаттарда сәйкес орналастырылған бағандарды көшіргі қағаздың көмегімен бір уақытта толтыруға мүмкіндік береді. 194. Жүк жөнелтушінің және тасымалдаушының тасымалдау құжаттарының жинағын толтыруы осы Қағидаданың 7-тарауында белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады. 195. Тасымалдау құжаттарының жинағын толтырғаннан кейін оған станцияларға бөлінетін нөмірлерге орай, тиісті нөмір беріледі. 196. Теміржол көлігімен тасымалдауға ұсынылатын әрбір жүк тиелген немесе бос контейнерге ГУ-27-У-ВЦ нысанды жүк құжат ресімделеді. 197. Мүкәммалдық парктің бос контейнерлерін ресімдеу контейнерлер тізімдемелерін қоса тіркеумен бір жүк құжат бойынша ресімделуі мүмкін. Жүк құжатының «Жүк атауы» бағанында «Жөндеуге, контейнерлер жинағы, тізімдеме қоса тіркелген» немесе «Реттеуге, контейнерлер жинағы, тізімдеме қоса тіркелген» көрсетіледі; «Орындар саны» бағанында тізімдемеде көрсетілген контейнерлер саны көрсетіледі; «Конт. ыдысы, кг.» бағанында тізімдемеде көрсетілген контейнерлер ыдысының жиынтық массасы көрсетіледі; «Брутто, кг.» бағанында тізімдемеде көрсетілген контейнерлер бруттосының жиынтық массасы көрсетіледі. Меншікті бос контейнерлер жинағын бір жүк жөнелтушіден бір жүк алушының мекенжайына жөнелту кезінде бір жүк құжатты ресімдеу оған контейнерлер тізімдемесін қоса тіркеумен контейнерлер жинағына ресімделеді. Жүк құжатта «Жүктің атауы» бағанында «Меншікті бос контейнерлер жинағы, тізімдеме қоса тіркелген» көрсетіледі; «Конт. ыдысы, кг» бағанында тізімдемеде көрсетілген контейнерлер ыдысының жиынтық массасы көрсетіледі; «Брутто, кг» бағанында тізімдеме бойынша контейнерлер бруттосының жиынтық массасы көрсетіледі. Жүктер номенклатурасының бір позициясының жүгі тиелген контейнерлер жинағын (бірнешеуін) бір жөнелту станциясындағы бір жүк жөнелтушіден бір тағайындалу станциясындағы бір жүк алушының мекенжайына жөнелткен кезде контейнерлер жинағына бір жүк құжатын, оған контейнерлер тізімдемесін қоса тіркеумен, ресімдеуге рұқсат етіледі. Жүк құжатында «Жүк атауы» бағанында жүк атауының астында «Контейнерлер жинағы, тізімдеме қоса тіркелген» қоса тіркелген; «Брутто, кг.» бағанында тізімдеме бойынша контейнерлер бруттосының жиынтық массасы көрсетіледі; «Нетто, кг.» бағанында тізімдемеде көрсетілген контейнерлердегі жүктің жиынтық нетто массасы көрсетіледі. 198. Теміржол платформасына немесе үсті ашық вагонға тиелген әрбір жүк тиелген мамандандырылған контейнерге ГУ-29к нысанды теміржол клігінің жүк құжатын ресімдейді (осы Қағидаларға 18-қосымша ). Жүк құжатының әрбір бланкісінде оның бет жағында «Жөнелтілім үлгісі» бағанында үлкен әріптермен «СКХ» қойылады, ол барлық үлгідегі мамандандырылған конитейнерлердің белгіленуіне сәйкес келеді.
Жүктерді вагондарға және контейнерлерге орналастыру мен бекітудің техникалық шарттарымен осы үлгі мен брутто массасының мамандандырылған контейнерлерін орналатыру мен бекіту тәсілі қарастырылмаған жағдайларда жүк құжатының 3-бағанында жүк жөнелтуші «Контейнер _____ _______ бекітілген сызбаға сәйкес орналастырылған және бекітілген» белгісін жасайды. 199. Бос мамандандырылған контейнерлерді вагондап немесе шағын жөнелтілімдермен тасымалдау кезінде «Жүк атауы» бағанында: «бос СКХ», ал «Жүк жөнелтуші анықтаған жүк массасы, кг» бағанында – осы жүк құжат бойынша бара жатқан барлық бос контейнерлер ыдысының массасы (трафаретке сәйкес контейнерлер ыдысының массасы) көрсетіледі. 200. Тасымалдауға көлік пакеттерінде ұсынылатын жүктерге тасымалдау құжаттарын толтыру кезінде жүк жөнелтуші мен тасымалдаушы жүк құжатының, жол тізімдемесінің, жол тізімдемесі түбіртегінің және жүкті қабылдау туралы квитанцияның тиісті бағандарында: «Орындар саны» бағанында: алымында – пакеттер саны, бөлімінде – пакеттердегі жүк орындарының жалпы саны (тек тасымалдауға орындар есебімен қабылданатын жүктер бойынша); жүк атауының астында – «пакет»; «Жүк массасы» бағанында – жүк бруттосының массасы (пакеттеуші құралдармен бірге), ал жүктердің бірнеше атауынан тұратын құрама жөнелтілімдерді тасымалдау кезінде – сондай-ақ әрбір атаудағы жүк массасы көрсетіледі; жүктерді табандықтар қолданумен қалыптастырылған көлік пакеттеріндегі шағын жөнелтілімдермен тасымалдау кезінде жүк құжатта «Жүк массасы» бағанында: алымында – пакет бруттосының массасы, бөлімінде – пакет неттосының массасы (табандық массасының есебінсіз пакет массасы) көрсетіледі. 201. Толық тасымалдау құжаттары бойынша меншікті немесе жалға алынған цистерналар мен бункерлі үсті ашық вагондар тасымалданады.
Бұл ретте жүк құжатының «Жүк атауы» бағанында бос цистернаны жөнелтуші көрсетеді (оны тазалағаннан кейін): (________станциясынан №___ жүк құжат бойынша келген (жүк құжаттың нөмірі, станцияның атауы көрсетіледі тасымалдаудан (жүктің толық атауы көрсетіледі) келген бос цистерна толық ағызып алынды, тазартылды, жуылды және залалсыздандырылды». Бұл ретте жүк жөнелтуші жүк құжатқа онда тасымалданған жүкке сәйкес қауіптілік туралы мөрқалып және апаттық карточканың нөмірін қояды. 202. Жүк жөнелтушінің МАЖ-ға қол жеткізуі болғанда жүк жөнелтуші тасымалдардың электрондық дерегінде осы Тараудың «Жүк жөнелтушінің жүк құжатын толтыруы» 1-параграфында белгіленген тәртіппен деректер толтырады. Жөнелту станциясы тасымалдардың электрондық дерегін осы Тараудың «Жүк қағазын жөнелту станциясының толтыруы» 2-параграфында белгіленген тәртіппен толтырады. Деректерді электрондық алмасудың тәртібі тасымалдаушының автоматты ақпараттық жүйесінің қызмет ету және жүк жөнелтуші (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында өзара ақпараттық әрекеттесу технологияларымен белгіленеді. 203. Тасымалдардың электрондық дерегі қолданылып ресімделген құжаттарды кредиттен шығарғанда тағайындалу станциясы тасымалдардың электрондық дерегіне мәліметтерді осы тараудың «Жүк қағазын тағайындалу станциясында толтыру» 4-параграфында және «Жол тізімдемесін тағайындалу станциясында толтыру» 5-параграфында белгіленген тәртіппен енгізеді. 204. Электрондық тасымалдау және ілеспе құжаттар қажет болған жағдайда тағайындалу станцияларында электрондық және қағаз түрінде беріледі. ГУ-27-У-ВЦ, ГУ-29-У-ВЦ нысандардың және электрондық ілеспе құжаттардың қағаз көшірмелерін басып шығарғанда, қағаз тасымалдау құжаттарында жөнелту станциялары мен жол жүру барысында қойылуы осы Қағидада көзделген барлық мөрқалыптар, жазбалар мен қолдар машинамен басу түрінде қойылады. Қағаз көшірмелер: тасымалдардың электрондық дерегінің ГУ-27-У-ВЦ нысан бойынша басылған қағаз көшірмесі - «Жүкті беруді ресімдеу» бағанында тауар кассирінің, тасымалдаушының станциядағы өкілінің қолымен және тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыбымен; тасымалдардың электрондық дерегінің ГУ-29-У-ВЦ нысан бойынша басылған қағаз көшірмесі - кредиттен шығару туралы деректерден кейін электрондық жүк құжатын кредиттен шығарған жүк алушы өкілінің және тауар кассирінің қолымен, сондай-ақ «Жүкті беруді ресімдеу» бағанында тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыбымен; электрондық түрде ресімделген өзге де ілеспе құжаттардың қағаз көшірмелері - тағайындалу тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыбымен куәландырылады. Жүк жөнелтушінің МАЖ-ы болғанда оның атына келген жүкке жүк қағазын электрондық түрде беруге жол беріледі. 205. Контейнерлерді тасымалдауды тасымалдаудың электрондық дерегін қолданумен ресімдеуге жол беріледі, бұл ретте электрондық тасымалдау құжатының көшірмесі болып жүктерді әмбебап контейнерде тасымалдауға арналған ГУ-29к жүк құжаты табылады. ГУ-29к жүк құжаты басып шығаруға телетайптық форматтағы орама қағазда (жіңішке) да, сондай-ақ 11-форматты жекелеген парақтарда да беріледі. Жүк құжатқа Әмбебап контейнерлердің мүкәммалдық паркі деректерінің автоматтандырылған банкінде тіркелген нөмірлер ғана қойылады. Тасымалдардың электрондық дерегін қолданумен тасымалдарды ресімдеу кезінде контейнер теміржол көлігінде қабылданған тасымалдарды ұйымдастыру технологиясына сәйкес қағаз тасымалдау құжаттарының (электрондық құжаттардың көшірмелері) ілесіп жүруімен немесе ілесіп жүруінсіз (қағазсыз технология кезінде) жүреді. Тасымалдардың электрондық дерегі тауарлық кассирдің автоматтандырылған жұмыс орнында ресімделеді және деректермен электрондық алмасу желісі арқылы тасымалдаушының МАЖ-ына беріледі. Ақпараттық жүйе электрондық тасымалдау құжаты леректерінің сақталуы мен қауіпсіздігін, құпиялықтың сақталуын және мәліметтерге рұқсатсыз қол жеткізуден қорғауды қамтамасыз етеді. Тасымалдардың электрондық дерегін қолданумен тасымалдау шарты тауарлық кассирдің автоматтандырылған жұмыс орнында тасымалдаушының МАЖ-ынан МАЖ хабарлама-электрондық құжатты (квитанцияны) алғанын оң растауды қабылдағаннан және жүк жөнелтушіге жүкті қабылдағаны туралы квитанция (қағаз немесе электрондық түрде) бергеннен кейін жасалған болып саналады. Жүк жөнелтушінің немесе жүк алушының меншікті автоматтандырылған жүйесі болғанда жүк жөнелтуші (жүк алушы) мен тасымалдаушы арасында қабылданған өзара ақпараттық әрекеттесу технологиясы мен стандарттарына сәйкес ресімдеуге жол беріледі. Деректермен электрондық алмасуда Қазақстан Республикасының электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы заңнамасына немесе тараптардың келісіміне сәйкес электрондық-цифрлық қолтаңбалар қолданылады. Тасымалдардың электрондық дерегіне құқық өкілеттігі бар тұлғаның деректемелері бойынша деректерді енгізуді жүк жөнелтуші, жөнелту станциясы, жүру жолындағы станциялар, тағайындалу станциясы жүргізеді. 206. Тасымалдау құжаттарын жүкті тарату пунктінде ресімдегенде, жүк жөнелтуші, жүк алушы уәкілеттендірген тұлға, егер оның тасымалдаушының МАЖ -ына қол жеткізуі болса, электрондық жүк құжатына тасымалдаушының автоматтандырылған жүйесінің қызмет ету технологиясымен көзделген мәліметтерді енгізеді. Қажет болғанда, электрондық жүк құжатының қағаз көшірмесі беріледі. 9-параграф. Бір жерден екінші жерге жіберілетін жүк құжатын