Ис bestProfi


Қазақстан Республикасының шекаралық өтпелері арқылы айлық жоспарлау



бет3/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79

Қазақстан Республикасының шекаралық өтпелері арқылы айлық жоспарлау

48. Қазақстан Республикасы мен Қытай Халық Республикасының тасымалдаушылары арасында Қазақстан Республикасының шекаралық өтпелері арқылы жүктерді тасымалдаудың негізгі және қосымша жоспары бойынша айлық өтінімдерді келісу жолтабандарының ені әр түрлі, шекаралас елдердің темір жолдары арасындағы келісімдердің негізінде жүзеге асырылады.
3. Тасымалдау жоспарының орындалуын есепке алу карточкасын

толтыру тәртібі

49. Жүк тасымалдау жоспары бойынша қабылданған өтінімнің орындалуы осы Қағидаларға 7-қосымшаға сәйкес ГУ-1 нысанды есепке алу карточкасында ескеріледі. Есепке алу карточкасын тасымалдаушы жүктерді жөнелту станциясында әрбір қабылданған өтінім бойынша жеке жүргізеді. Жүк жөнелтушінің өтініші бойынша оған есепке алу карточкасының көшірмесі беріледі.
Есепке алу карточкасына өтінімнің нөміріне сәйкес келетін нөмір беріледі.
Тасымалдаушының мамандандырылған автоматтандырылған жүйесіне жүк жөнелтушінің қолы жеткен жағдайда есепке алу карточкасын жүргізу автоматтандырылған тәсілмен жүзеге асырылады.
Есепке алу карточкасына жүк жөнелтуші және тасымалдаушының станциядағы өкілі әрбір есептік тәуліктің аяқталуы бойынша қолдарын қояды, ал ай аяқталғаннан кейін станция бастығы қол қояды. Жүк жөнелтуші есепке алу карточкасына қол қоюдан бас тартқан кезде тасымалдаушы жалпы нысандағы актіні жасайды.
50. Есепке алу карточкасын жүргізу келесі түрде жүзеге асырылады:
1-бағанда айдың күндері көрсетіледі;
тасымалдаушы 2-бағанда жүктерді тасымалдау жоспары бойынша қабылданған өтінімге сәйкес тиеу күндері бойынша вагондардың (контейнерлердің) санын көрсетеді.
Егер жүк жөнелтушінің онкүндік өтінімінде тиеу күні көзделмесе, тасымалдаушы есепке алу карточкасының 2-бағанын толтыруды жүктерді тасымалдау жоспары бойынша қабылданған өтінімге сәйкес бір айға біркелкі орташа тәуліктік тиеуді ескере отырып жүргізеді.
3-баған вагондармен және тоннамен жоспарланған жүктер бойынша толтырылады. Жүктерді тек вагондармен, контейнерлермен ғана тасымалдау жоспарланған кезде бұл баған толтырылмайды.
4-бағанда тасымалдаушының жүк жөнелтушіге жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімді қамтамасыз ету үшін есептік тәулікте шын мәнінде берген вагондарының, контейнерлерінің саны көрсетіледі. Бұл ретте:
технологиялық уақытқа қарай жүк жөнелтуші осы тәулікте тиеуі мүмкін есепті тәулікте берілген (соның ішінде қосарланған операция ретінде) бос вагондар, контейнерлер;
өткен тәуліктерде тиелмей қалған вагондар, контейнерлер;
тасымалдаушының жүк жөнелтушінің есепті кезең ішінде олардың тиелуін қамтамасыз ету мүмкіндігін ескерусіз (тиеу-түсіру операцияларын жүргізудің технологиялық уақытына қарай) берген, бірақ жүк жөнелтуші есепті тәулік аяқталғанға дейін тиеген вагондары, контейнерлері;
кем тиелу орнын толтыру есебінен жоспарлық ай ішінде жүк жөнелтушінің өтініші бойынша берілген вагондар берілген болып саналады.
5-бағанда жүк жөнелтуші осы есептік тәулікте нақты тиеген вагондардың, контейнерлердің саны көрсетіледі.
6-бағанда вагондармен және тоннамен жоспарланған жүктер бойынша есепті тәулікте тиелген тонналардың саны көрсетіледі, жүктерді тек вагондармен және контейнерлермен ғана тасымалдаған кезде бұл баған толтырылмайды.
9 – 10-бағандарда есепті тәуліктерде жоспардың орындалу нәтижелері тиісінше тасымалдаушының станциядағы өкілінің және жүк жөнелтушінің өкілінің қолдарымен расталады.
51. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімдердің орындалуын есепке алу әр онкүндік сайын келесі тәртіпте жүргізіледі:
2-баған бойынша онкүндікке жоспарланған вагондардың, контейнерлердің саны, 4-баған бойынша - берілген вагондардың, контейнерлердің саны, 5-баған бойынша - шын мәнінде тиелген вагондардың, контейнерлердің саны есептеледі.
Вагондармен және тоннамен жоспарланған жүктер бойынша қорытындылар 3 және 6-бағандар бойынша шығарылады.
2-баған бойынша есептелген соманы және 5-баған бойынша есептелген соманы салыстыру жолымен жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімнің онкүндік ішінде вагондармен орындалуы, ал тоннамен орындалуы - тиісінше 3-баған бойынша соманы және 6-баған бойынша соманы есептегенде анықталады.
52. Егер онкүндікте жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімінің орындалмағаны анықталған болса, келесі есептеу жүргізіледі:
онкүндік ішінде тасымалдаушы тиемеген вагондардың, контейнерлердің саны 2 және 4-бағандар жиынтығы арасындағы айырмашылықты анықтау, кейіннен осы айырмашылықтан жөнелтуші бермеген (тиеу шебінің нормадан тыс жұмыссыз тұрған вагондардан бос болмауы, жүктің болмауы, төлемдердің жасалмауы себебінен) вагондардың, контейнерлердің санын шегеру жолымен белгіленеді.
Жүк жөнелтуші тиемеген вагондардың, контейнерлердің саны 4-баған бойынша есептелген сомадан онкүндік ішінде 5-баған бойынша есептелген соманы шегеру жолымен анықталады.
7, 8-бағанда тасымалдаушыны немесе жүк жөнелтушіні жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындамағаны үшін жауапкершіліктен босататын жағдайлар көрсетілгенде, берілмеген және осының нәтижесінде тиелмеген вагондардың, контейнерлердің саны да алынған айырмадан шегеріледі.
53. Жүк жөнелтуші жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімдерді:
жүктерді тасымалдау жоспары бойынша ГУ-12 нысанды өтінімді орындау үшін айдің ішінде тиеудің бірқалыптылығын және ырғақтылығын қамтамасыз ететін вагондар санына онкүндік өтінімді ол бермеген жағдайда;
жүкті ұсынбаған жағдайда;
онкүндік өтінім бойынша ол тасымалдаушы берген көлік құралдарын пайдаланбаған жағдайда;
меншікті немесе жалға алған вагондар келмеген жағдайда орындамаған болып танылады.
Бұл ретте тасымалдаушы он күндік өтінімнің берілмеуін жүк жөнелтуші дер кезінде бермеген вагондарды тиеуге беруден бас тарту деп санайды.
54. Тасымалдаушының не болмаса жүк жөнелтушінің кінәсінен жол берілген жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімнің тоннамен жалпы орындалмауының мөлшері жүк тиелмеген вагондардың, контейнерлердің санын статикалық жүктеменің шамасына көбейту жолымен анықталады. Статикалық жүктеменің шамасы 3-бағанда көрсетілген тоннаның мөлшерін 2-бағанда көрсетілген вагондардың, контейнерлердің санына бөлу арқылы есептеледі.
Жүк жөнелтушінің кінәсі бойынша тасымалдаушының вагондарды бермеуі (жүктің болмауы, тиеу шебінің вагондардан бос болмауы, төлемдерді жасамау, меншікті вагондардың, контейнерлердің келмеуі) жүк жөнелтушінің кінәсіне жатқызылады, мұндай жағдайлардың орын алуы 8-бағанда көрсетіледі.
55. Мүліктік жауапкершілік туралы деректер есепке алу карточкасының екінші бөлігіне енгізіледі.
56. Жүкті вагондармен тасымалдау жоспары бойынша өтінім орындалмаған жағдайда, алайда оларды тасымалдау вагондармен және тоннамен белгіленген жүктер бойынша тоннамен орындалса, өтінім орындалған болып саналады.
Жүк жөнелтушінің вагонды тиеудің техникалық нормаларын орындамауы салдарынан тоннамен жоспар бойынша кем тиеу жүк жөнелтушінің кем тиегені болып саналады. Егер жүк жөнелтуші вагондарды сыйымдылығына дейін толық тиемесе (олардың жүк көтергіштігін ескере отырып) және осы себепке байланысты тоннамен жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінім орындалмаған болса, тасымалдаушы вагондарды бермейді.
57. Вагондармен нормалар толық пайдаланылған және оларды тиеудің техникалық нормалары орындалған болса да тоннамен жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінім орындалмаған жағдайда (тасымалдау вагондармен және тоннамен жоспарланған жүктер бойынша), тасымалдаушы вагондарды тоннамен жүктерді тасымалдау жоспары бойынша өтінімді орындау үшін қажетті мөлшерде қосымша тиеуге береді.
58. Жүктерді тасымалдау жоспары бойынша айлық өтінімнің орындалмағаны үшін есеп айырысу ай аяқталғаннан кейін 5 жұмыс күнінен кешіктірілмей жүргізіледі.
4. Жүктерді тасымалдауға қабылдау тәртібі.
59. Жүктерді тасымалдауға қабылдау қабылдау-тапсыру (шығарып қою) жолдарында жүргізіледі.
60. Жүк тасымалдары жөнелтілімдермен жүзеге асырылады.
Жөнелтілім дегеніміз бір жүк құжаты бойынша бір жөнелту станциясындағы бір жөнелтушіден бір тағайындау станциясындағы бір алушының атына тасымалдауға қабылданған жүк деп түсінген жөн.
Бір жөнелтілім ретінде мыналар қабылданады:
егер тасымалдауға ұсынылған жүк үшін жеке вагон талап етілсе немесе екі немесе одан астам вагондарды жалғау (вагондарды тіркеу) талап етілген болса, вагонға (вагондар тіркемесіне) тиелген жүк;
контейнерге тиелген жүк;
өз осьтеріндегі жүк (теміржолдық жылжымалы құрам, теміржолдық жүрістегі крандар, теміржолдық жүрістегі жол және құрылыс машиналары және т.б.).
Жөнелтуші мен тасымалдаушының арасындағы келісім бойынша бір жүк құжатымен бір жөнелту станциясындағы бір жөнелтушіден бір тағайындау станциясындағы бір алушының атына тасымалдауға ұсынылған:
екі немесе немесе одан астам вагондарда (тіркемелерді қоспағанда) тасымалданатын бір атаудағы жүк;
екі немесе немесе одан астам контейнерлерде тасымалданатын бір атаудағы жүк;
бір бірліктен астам сандағы бір атаудағы өз осьтеріндегі жүк ресімделеді.
Жүк жөнелтуші тасымалдаушының мамандандырылған автоматтандырылған жүйесінде (бұдан әрі - МАЖ) тіркеледі.
61. Жылдамдықтар осы Қағидаларға 8-қосымшадағы жүктерді жеткізу мерзімдеріне сәйкес белгіленеді.
Жүк жөнелтуші тасымалдау жылдамдығының түрін жүк құжатында белгілейді және көрсетеді.
Егер тасымалдаушының Тарифтік басшылығына (прейскурантына) сәйкес жүк тасымалдау үлкен жылдамдықпен жүзеге асырылуы тиіс болса, жүк жөнелтуші бұл бағанда нақты осы жылдамдықты көрсетеді.
62. Тасымалдаушы жүк жөнелтушіні алда тұрған вагондарды, контейнерлерді тиеуге беру туралы беруге дейін екі сағаттан кешіктірмей, мұндай хабарламаны вагондарды тиеуге беру уақыты туралы хабарламалар кітабында бір мезгілде тіркеу арқылы хабардар етеді. Вагондарды кірме жолдарға беру – әкету тәртібі вагондарды беру – әкету шартына сәйкес белгіленеді. Жүк жөнелтушінің ұсынысы бойынша хабарлаудың өзге тәртібі белгіленуі мүмкін. Хабарлау үшін деректермен электрондық алмасу желісін қоса алғанда, қолдағы байланыс құралдары қолданылады. Жүк жөнелтушінің хабарламаларды қабылдауын қамтамасыз ету үшін хабарламаларды қабылдау бойынша жауапты тұлғалар белгіленеді, олардың тегі және телефондарының (факстерінің, телекстерінің) нөмірлері жазбаша нысанда тасымалдаушыға хабарланады.
Жүк жөнелтуші вагондардың берілгені туралы хабарламаны алмаған жағдайда, тасымалдаушы вагондарды хабарламасыз бергенде, берілген вагондар жүк жөнелтушінің атына есептеледі және олардың кірме жолда болу уақыты вагондар шын мәнінде берілгеннен кейін екі сағат өткен соң есептеледі.
Вагондарды хабарламада көрсетілген мерзімнен кешіктіріп бергенде және вагондарды мерзімнен ерте бергенде, вагондардың кірме жолда болған уақыты шын мәнінде берілген сәттен бастап есептеледі. Егер кешіктіру екі сағаттан асып кетсе, онда тасымалдаушы жүк жөнелтушіге алда тұрған вагондарды беру туралы қайтадан хабарлайды.
63. Жүк тасымалдары үшін ақыны және мұның алдындағы жүк тасымалдары үшін өзге де төлемдерді төлегенге дейін тасымалдаушыға қызмет көрсетуді тоқтатады.
64. Жүктерді тиеу техникалық түзу күйдегі, осы аталған жүкті тасымалдауға жарамды және тазартылған вагондарда жүргізілуі тиіс.
Вагондарды, контейнерлерді жүк тиеуге дайындау, оған меншік құқығында немесе өзге де заңды негізде вагондар және (немесе) контейнерлер тиесілі тұлғаның есебінен және осы Қағидамен белгіленген мерзімде жасалған шарттарға сәйкес жүзеге асырылады.
Вагондарды қауіпті жүктерді тиеуге дайындау осы қауіпті жүк үшін көзделген ережелерді сақтау арқылы жүргізіледі.
65. Жүк жөнелтуші өзінің өтініміне сәйкес тиеу станциясына келген тасымалдаушының бос мамандандырылған вагондарына жүк тиеуден бас тартқан және оларды өзге жүк жөнелтушінің тәулік бойы осы станцияда пайдалануы мүмкін болмаған жағдайда, тасымалдаушы одан осы вагондардың өздері жөнелтілген станциядан жүк тиеу станциясына дейін жүрген жолы үшін тасымалдау ақысын өндіріп алады, бірақ жолдың ұзындығы 300 километрден аспауы тиіс.
66. Жүк тиеуге берілетін вагондардың, контейнерлердің техникалық жарамдылығын тасымалдаушы анықтайды.
Вагондардың, контейнерлердің (нақты жүктерді тасымалдауға жарамды вагондардың, контейнерлердің жүк бөлімдерінің жай-күйі, жүктерді тиегенде, түсіргенде және тасымалдағанда жүктердің жай-күйіне әсер ететін вагондардың, контейнерлердің ішінде бөтен иістің, өзге де қолайсыз факторлардың болмауы, ашық вагондардағы атмосфералық жауын-шашын салдарларын, сондай-ақ вагондар, контейнерлер шанақтарының ішкі құрылымдарының ерекшелігін қоспағанда) аталған жүктерді тасымалдауға коммерциялық тұрғыдан жарамдылығы мынадай ара-қатынаста анықталады:
вагондардың – жүк жөнелтушілермен, егер тиеуді олар жүзеге асырса, немесе тасымалдаушымен, егер тиеуді ол жүзеге асырса;
контейнерлердің – жүк жөнелтушілермен.
67. Жүк жөнелтушілер нақты жүктерді тасымалдау үшін жарамсыз вагондардан, контейнерлерден бас тартса, тасымалдаушы аталған вагондардың, контейнерлердің орнына ақаусыз, осындай жүктерді тасымалдауға жарамды вагондарды, контейнерлерді береді.
68. Вагондардың жүк тасымалдауға, соның ішінде қосарланған операциялар (жүкті вагоннан түсіргеннен кейін) ретінде пайдаланылатындардың жарамсыз болу деректері осы Қағидаларға 9-қосымшаға сәйкес ГУ-23 жалпы нысандағы актімен ресімделеді, оған тасымалдаушының және жүк жөнелтушінің өкілдері қол қояды.
69. Жүктерді вагондарға, контейнерлерге кірме жолдарда және тиеу-түсіру орындарында тиеуді жүк жөнелтуші не болмаса шарт негізінде тасымалдаушы жүзеге асырады. Тиеу-түсіру орындарында қауіпті жүктерді қоспағанда басқа жүктер тиеле алады.
70. Жүк жөнелтушілер жүктерді тиеу және тасымалдау үшін тиеу-түсіру жұмыстарының және қозғалыстың қауіпсіздігі, жүктердің, вагондардың, контейнерлердің сақталуы қамтамасыз етілетіндей етіп дайындайды.
Жүктер, оларды зақымданудан, бүлінуден, жоғалудан және жетіспеуден сақтау, сондай-ақ жылжымалы құрамның, теміржол төсемінің және қоршаған табиғи ортаның ластануын және қоқыстануын болдырмау мақсатында, тасымалдауға стандарттарға және техникалық шарттарға сәйкес келетін көліктік ыдысты қолдану арқылы буып-түйілген түрде беріледі.
Жүктің ыдысына және орамасына, тасымалдаушы тасымалдайтын өнімнің сапасына қойылатын талаптар стандарттармен және техникалық шарттармен белгіленеді. Жүк жөнелтушілер тасымалдаушының талап етуі бойынша тиелетін өнімге, егер жүк буып-түйілген болса, сондай-ақ ыдысына, орамасына стандарттарды немесе техникалық шарттарды көрсетеді.
71. Ыдысына және орамасына стандарттар мен техникалық шарттар белгіленбеген жүктер тасымалдауға олардың тасымалдау кезінде толық сақталуын қамтамасыз ететін және осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келетін ақаусыз ыдыста ұсынылады.
72. Оңай жанатын жүктердің қатарына жатпайтын, бірақ оңай жанатын материалдарды қолдану арқылы (мата, жөке) буып-түйілген немесе бұзылудан оңай жанатын материалдармен (қағаз, жөке, жоңқа, сабан және басқалар) қорғалған болса, сондай-ақ жұмсақ жиһаз тасымалдаған кезде вагондарды, контейнерлерді қарап тексеру және оларды тиеуге дайындау жанатын жүктердікі секілді жүргізілуі керек.
73. Жүк жөнелтуші ыдыстағы және дара жүктерді тасымалдауға көліктің басқа түрлерінде қолданылатын таңбалау талаптарына тәуелсіз көліктік таңбалаумен тапсырады. Көліктік таңбаның мазмұны, орны, жапсыру орны мен әдісі, орналастыру тәртібі, таңбалық жапсырмалар мен жазбалардың мөлшері МемСТ-ға сәйкес жасалады.
74. Жүктерді вагондарға, контейнерлерге тиеу, орналастыру және бекіту поездар қозғалысының қауіпсіздігін, тиеу-түсіру жұмыстарын механикаландыруды және қауіпсіз ету мүмкіндігін, жүктердің, вагондардың, контейнерлердің стандарттар талаптарына сәйкес сақталуын қамтамасыз етуі тиіс. Жүктерді вагондарға, контейнерлерге орналастыру және бекіту жүктерді орналастыру және бекіту ережелеріне сәйкес жүргізіледі.
Орамаларында манипуляциялық белгілер және жазбалары бар жүктер вагондарға осы белгілердің, жазбалардың талаптары сақталып тиеледі.
Жүктерді тиеу, бекіту және тасымалдау үшін қажетті жабдықты, материалдарды, пакеттеу құралдарын және өзге де қарапайым құралдарды жүк жөнелтуші береді. Мұндай қарайым құралдарды тиеу кезінде орнатуды кімнің тиеуді жүзеге асыруына қарай жүк жөнелтуші немесе тасымалдаушы жүргізеді. Бір вагонға өзінің қасиеті бойынша басқа жүктерге зақым келтіретін немесе бүлдіретін жүктерді тиеу жүргізілмейді. Жүктер вагондарға, контейнерлерге олардың толық сыйымдылығына дейін тиеледі, бірақ вагондағы, контейнердегі трафаретке сәйкес жүк көтергіштігінен артық болмайтындай болуы керек.
75. Жүктерді тасымалдауға бергенде жүк жөнелтуші жүк құжатында олардың массасын, ал ыдыстағы және дара жүктерді бергенде сондай-ақ жүк орындарының санын көрсетеді. Оларды вагондардың, контейнерлердің толық сыйымдылығына дейін тиеу рұқсат етілген жүк көтергіштігінен артық тиелуіне әкеліп соғуы мүмкін жүктің массасын анықтау тек өлшеу арқылы ғана жүзеге асырылады. Бұл ретте ақтарылып, үйіліп тасымалданатын жүктердің массасын анықтау вагондық таразыда өлшеу арқылы жүзеге асырылады.
Жүктердің массасын анықтауды жүк жөнелтуші жүргізеді.
Жүктің жалпы массасы (бруттосы) жүктің түріне және техникалық мүмкіндігіне қарай өлшеу немесе есептеу жолымен анықталады.
Жүктің массасын есептеу жолымен:
трафарет бойынша, яғни жүктің әрбір орны таңбалауда көрсетілген жүктің массасын (бруттосын) қосу арқылы;
стандарт бойынша, яғни жүк бірлігінің стандарттық массасын жүк орындарының санына көбейту арқылы;
өлшеу бойынша, яғни өлшемдер негізінде есептелген тиелген жүктің көлемін оның көлемдік массасына көбейту арқылы;
құю биіктігін (этил спирті үшін – толық құйылмаған биіктігін) өлшеу бойынша құйылған жүктің көлемін оларды дайындаушы әзірлеген цистерналарды мөлшерлеу кестелері бойынша анықтау жолымен жүргізіледі, бұл ретте жүктің температурасы және өнімнің тығыздығы анықталады;
есептегіштерді немесе басқа да дұрыстығы тексерілген өлшеу құралдарын пайдалану арқылы анықтайды.
Жүк жөнелтушіде вагондық таразы болмағанда жүктің массасы тасымалдаушының таразысында анықталады. Тасымалдаушы жүктерді өлшегені үшін тасымалдаушының Тарифтік басшылығында (прейскурантында) көрсетілген алымдарды алады. Контейнерлермен тасымалданатын жүктердің массасын барлық жағдайларда жүк жөнелтуші анықтайды.
76. Тасымалданатын жүктерді кірме жолдарда өлшеу үшін өлшеу аспаптарының қажетті санымен жабдықтауды аталған жолдардың иелері жүргізеді.
77. Вагон таразыларында өлшеу жолымен жүктің массасын анықтау кезінде вагон ыдысының массасы үшін вагонда көрсетілген масса қабылданады.
Егер жүк тиердің алдында вагон ыдысының массасын тексеру жүргізілген болса, онда жүктің массасын анықтау кезінде вагон ыдысының массасы үшін өлшеу кезінде анықталған масса қабылданады.
78. Жүктерді алынбалы жабдығымен және бекіту құралдарымен, соның ішінде көкөніс, астық қалқандарымен және қымтау құралдарымен тасымалдау кезінде аталған қарапайым құралдардың, материалдардың массасы жүктің массасына кірмейді және жүк құжатының «Жөнелтушінің ерекше мәлімдемелері мен белгілері» 4-бағанында жеке көрсетіледі. Алынбайтын астық қалқандарының массасы вагон ыдысының массасына кіреді.
Бекіту құралдарының тізілімін жүк жөнелтуші «Жөнелтушінің ерекше мәлімдемелері мен белгілері» 4-бағанында көрсетеді.
79. Жүк жөнелтуші қатып қалатын жүкті тасымалдауға қабылдау кезінде жүк құжатында осы Қағидаларға сәйкес, «Жөнелтушінің ерекше мәлімдемелері мен белгілері» бағанында жүктің ылғалдану пайызын және қатудан сақтау үшін қабылданған шараларды көрсетеді, мысалы: «Жүк қата бастаған», «Мұнша көлемде әктас себілген...%», «Мұнша көлемде майланған...%», «Ағаш үгінділерімен қабаттап қайта салынған». Бұдан басқа, жүк жөнелтуші жүк құжатының жоғарғы бөлігіне «Қатып қалған» мөрқалыбын қояды.
Топырақты, балшықты, құмды, шағылтас пен қиыршықтасты тиеу кезінде ылғалдылығы туралы деректер жүк құжатында көрсетілмеуі мүмкін.
80. Тасымалдаушы, жүк жөнелтушіде жылы вагондар немесе басқа да жылыту құрылғылары бар жүк алушының осындай шартпен тасымалданатын жүкті қабылдауға және оның уақтылы түсірілуін қамтамасыз етуге жазбаша келісімі бар болса, қата бастаған жүктерді қолданылған алдын алу құралдарынсыз тасымалдауға қабылдайды. Бұл жағдайда жүк құжатының «Жөнелтушінің ерекше мәлімдемелері мен белгілері» бағанында жүк жөнелтуші белгі қояды: «Алушының келісімімен - алдын алусыз».
81. Жүк массасын анықтау тәсілі, сондай-ақ жүк массасын кім анықтағаны (жүк жөнелтуші немесе тасымалдаушы) жүк құжатының тиісті бағандарында көрсетіледі. Жүк массасын стандарт бойынша анықтау кезінде қосымша бір орынның массасы көрсетіледі.
82. Жүк тиелген вагондарды, контейнерлерді, егер жүктерді тасымалдаушы тиеген болса, тасымалдаушы немесе жүктерді жүк жөнелтушілер тиеген болса, жүк жөнелтушілер пломбалайды.
83. Жүк тиеу аяқталғаннан кейін жүк жөнелтуші жабық және мамандандырылған вагондардың шатырын, тиеу люктерін тиелген жүктің қалдықтарынан тазалайды, вагондағы трафареттік жазбаларды сүртеді, вагонның рамасы мен жүріс бөлігін тазартады.
84. Жүк жөнелтуші вагондар мен жабық үлгідегі контейнерлерге тиеген жүктерді тасымалдаушы вагондар мен контейнерлердің жай-күйін сыртынан қарап, люктер мен есіктердің жағдайын, пломбалардың бар болуын, түзулігін, сондай-ақ пломбалардағы белгілердің жүк құжатында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін тексере отырып қабылдайды.
Тасымалдаушы жүк жөнелтуші вагондарға тиеген контейнерлердегі пломбаларды, егер вагонда контейнерлердің орналасуы оларға қол жетімділікті қамтамсыз ететін болса, тексереді. Тасымалдаушы орындардың санын, жүктің массасы мен жай-күйін тексермейді.
Жүк құжатында орындар санын көрсету арқылы тасымалданатын, жүк жөнелтуші ашық үлгідегі вагонға немесе контейнерге тиеген жүкті тасымалдаушы сырттан тек қана жүктің көрінетін жерлерінің (олардың бөліктерінің) жай-күйін қарай және сақтандырғыш таңбаларын, сондай-ақ көзбен қарау арқылы санауға болатын орындар санын тексере отырып, тасымалдауға жүктің массасын тексерусіз қабылдайды.
Жүк жөнелтуші ашық үлгідегі вагонға немесе контейнерге тиеген орындарының саны жүзден астам жүкті тасымалдаушы сырттан тек қана жүктің көрінетін жерлерінің (олардың бөліктерінің) жай-күйін қарай және жазылған сақтандырғыш таңбаларын тексере отырып, тасымалдауға жүктің массасын тексерусіз қабылдайды.
Ақтарма немесе үйілме күйінде ашық үлгідегі вагондарда тасымалданатын жүкті тасымалдаушы жүкте қуыстардың жоқтығын тексере отырып, сонымен қатар, вагон трафаретінде көрсетілген вагон салмағын ала отырып жүгі бар вагонның массасын өлшей отырып тасымалдауға қабылдайды.
Салмақ өлшеу құралдарын тексеру МЕМСТ 8.021-2005 сәйкес жүзеге асырылады.
Жүк жөнелтушінің жолсеріктерінің ілесіп жүруімен тасымалданатын жүкті тасыалдаушы жүктің орындарының санын, массасын, жағдайын және пломбаларының болуын тексерусіз тасымалдауға қабылдайды.
Егер жүкті тиеуді тасымалдаушы жүргізген болса немесе жүкті ашық жылжымалы құрамға жүк жөнелтуші тиеген болса, тасымалдаушы тексеру үшін қол жетімді жүктің ыдысы мен орамасын сырттай қарап тексеруді жүргізеді. Егер жүкті сырттай қарап тексеру кезінде ыдысты немесе ораманы қажет ететін жүк тасымалдауға ыдыссыз немесе орамасыз, ақаулы ыдыста немесе орамада, сондай-ақ жүктің сипатына сәйкес келмейтін және қайта тиеу қатынасында тасымалдау кезінде оны бір вагоннан екінші вагонға қайта тиеуді қамтамасыз етпейтін ыдыста немесе орамада тасымалдауға ұсынылған болса, тасымалдаушы анықталған кемшіліктерді жүк жөнелтуші жойғанға дейін мұндай жүкті тасымалдауға қабылдаудан бас тартады.
Массасы трафарет бойынша анықталған жүктің әрбір орнында жүк жөнелтуші оның нөмірін, брутто және нетто массасын көрсетуі тиіс.
Ыдыстағы немесе орамадағы жүктер не болмаса массасы жүктің әрбір орнында көрсетілген, сондай-ақ стандарттық массасы бірдей жүк орындарымен дара жүктер тасымалдауға қабылдау кезінде өлшенбейді.
85. Тасымалдауға жүкті ұсыну кезінде жүк жөнелтуші әрбір жүк жөнелтіліміне тиісті түрде жасалған жүк құжаты мен қажетті ілеспе құжаттарды тасымалдаушыға береді.
Жүктің тасымалдауға қабылданғанын растау үшін жүк жөнелтушіге жүктің қабылданғаны туралы квитанция жол тізімдемесінің түбіртегінде қолхатпен беріледі. Аталған жүк құжаты мен оның негізінде жүк жөнелтушіге берілген жүкті қабылдау туралы квитанция жүкті қабылдаау шартының жасалғанын растайды.
Жүктің тасымалдауға қабылданған күні жүк құжатының тиісті бағанына жүктің тәуліктің қай мезгілінде ресімделгеніне тәуелсіз, ағымдағы тәуліктердің даталарын көрсету арқылы жөнелту тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыбын қою арқылы куәландырылады.
Тасымалдаушының МАЖ-ына жүк жөнелтушінің қолы жетімді болған жағдайда тасымалдау құжаттарын қабылдау, ресімдеу, бақылау және мөр басып шығару, оларды келісу және бұрыштама соғу жүк жөнелтуші мен тасымалдаушының арасында қабылданған ақпараттық өзара іс-әрекет жасау технологиясы мен стандарттарына сәйкес деректермен электрондық алмасу арқылы жүзеге асырылады. Электрондық жүк құжатымен ресімдеу құжатпен ресімдеуге ұқсас жүзеге асырылады.
Жүк тиеуді және тасымалдау құжаттарын ресімдеуді аяқтағаннан кейін, жүк жөнелтуші вагондарды беру-әкету шартымен белгіленген қабылдау-тапсыру жолдарында қабылдаушы-тапсырушының осы Қағидаларға 10-қосымшаға сәйкес ГУ-45 нысанды жаднамасына және (немесе) осы Қағидаларға 11-қосымшаға сәйкес ГУ-46 нысанды вагонды беру-әкету тізімдемесіне қол қою арқылы қабылдау-тапсыру операцияларын жүргізу жолымен вагонды немесе контейнерді тасымалдаушыға береді.
86. Тасымалдаушы мен жүк жөнелтушінің өкілдері жүк тиелген вагондарды беру-қабылдау кезінде техникалық және коммерциялық қатынаста қарап тексеру жүргізіледі.
87. Жүк тасымалдаумен байланысты көрсетілетін қызметтердің тізбесі осы Қағидалардың 12-қосымшасында жазылған.
5. Жүктерді тапсыру тәртібі
1-параграф. Жүктің тағайындалған станциясына келуі туралы

Каталог: bitrix


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет