Ис bestProfi



бет4/79
Дата06.02.2022
өлшемі0,87 Mb.
#76380
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79

хабарлау

88. Тасымалдаушы шартқа сәйкес жүк алушыға немесе ол өкілеттік берген тұлғаға жүктердің оның мекенжайына келгені туралы алдын ала хабарлама ұсынуы мүмкін. Хабарлама тәсілі шартпен белгіленеді
89. Жүк алушы тасымалдаушы МАЖ-да тасымалдаушымен белгіленген тәртіпте тіркеледі.
90. Тасымалдаушы жүк алушыға немесе ол өкілеттік берген тұлғаға тағайындалу станциясына оның атына жүктердің келіп түскені туралы хабарламаны келу күнінен кейінгі күннің күндізгі сағат 12-сінен кешіктірмей ескертеді
Тағайындалған станцияға жүктердің келіп түскені туралы хабарламаны беру тәртібі мен тәсілі тасымалдаушымен белгіленеді. Тасымалдаушы мен жүк алушы арасындағы шарт бойынша хабарландырудың басқа тәртібін белгілеуге жол беріледі. Хабарландыру үшін қолда бар байланыс құралдары қолданылады.
Хабарландыруларды қабылдауды қамтамасыз ету үшін жүк алушымен хабарландыруларды қабылдау жөніндегі жауапты тұлғалар белгіленеді, олардың аты-жөні және телефондарының нөмірлері, факстері, телекстері жазбаша түрде тасымалдаушыға хабарланады.
Хабарландыруды беру бірмезгілде станцияда жүктердің келуі туралы хабарландыру кітабында тасымалдаушымен белгіленген нысанда тіркеледі.
Жүктің келуі туралы хабарландыруда хабарландыруды беру датасы мен уақыты қойылады.
Кедендік транзиттің кедендік рәсімін аяқтау үшін тағайындалу станциясына кедендік бақылауында тұрған, жүгі бар вагонның (контейнердің) келуі бойынша тасымалдаушы тасымалдау және ілеспе құжаттарын ұсыну арқылы кедендік органға хабарлауға міндетті.
Станция қызмет көрсететін өңірдегі кеден органы хабарландырудан кейін тасымалдау құжатының 1 және 2-парағында белгіленген нысандағы мөртабанды қоюы тиіс.
Егер тасымалдаушы жүктердің келгені туралы хабарламаса, онда жүк алушы вагондарды, контейнерлерді пайдаланғаны үшін төлемнен және олардың келгені туралы хабарлама алғанға дейін жүктердің сақталғаны үшін алымнан босатылады.
91. Тасымалдануы электрондық тасымалдау құжаты (бұдан әрі - электрондық жүк құжатыныы) қолданыла отырып ресімделген жүк тағайындалу станциясына келіп жетуі бойынша тағайындалу станциясының тауарлық кассирінің арнайы автоматтандырылған жұмыс орнына тасымалдаушының ақпараттық жүйесінен тасымалдау құжаттары туралы ақпараты бар электрондық хабарлама (хабарлама) беріледі.
Жүк алушының тасымалдаушының ақпараттық жүйесіне қол жетімділігі болған жағдайда, жүктің оның атына келгені туралы хабарлама жүк жөнелтуші, жүк алушы және тасымалдаушы арасында қабылданған ақпараттық өзара әрекеттесу технологиясына және стандарттарына сәйкес деректермен электрондық алмасу арқылы жүзеге асырылады.
2-параграф. Қабылдау-тапсыру жолдарына вагондарды беру
92. Тағайындалған станцияға келген вагондар тасымалдаушы мен жүк алушы немесе ол уәкілеттік берген тұлға арасында қабылдау-тапсыру операцияларын жүргізу үшін вагондарды беруге-әкетуге арналған шартпен белгіленген қабылдау-тапсыру жолдарына беріледі.
93. Тасымалдаушы вагондардың қабылдау-тапсыру жолдарына берілгені туралы жүк алушыға немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға вагондар берілгенге дейін екі сағаттан кешіктірмей хабарлайды.
Вагондар хабарландыру берілген екі сағат аяқталғанға дейін немесе хабарландыру берілгеннен кейінгі екі сағаттан кейін берілген жағдайда, жүк алушының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның жауапкершілік уақыты вагондар іс жүзінде берілген сәттен бастап есептеледі.
Егер кешігу екі сағаттан асса, онда тасымалдаушы алдағы беру туралы жүк алушыға немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға жаңадан хабарлайды.
94. Вагондармен, соның ішінде жүк тиелген контейнерлермен қабылдау-тапсыру операциялары кезінде, қатысушы тараптар техникалық және коммерциялық байқау жолымен вагондардың, контейнерлердің түзіктігіне, сонымен қатар вагондық парақтар мен темір жолдық жүкқұжаттарында көрсетілген мәліметтердің сәйкестігіне көз жеткізеді.
Түзік вагонда жөнелтушінің түзік пломбаларымен келген, жөнелтушімен жүк тиелген вагонды тасымалдаушы береді, ал жүк алушы немесе ол уәкілеттік берген тұлға вагонның жай-күйін сырттай қарап әрі қақпақтар мен есіктердің жағдайын, пломбалардың болуын, түзіктігін, сондай-ақ пломбалардағы белгілердің жүк құжатыныда көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін тексереді.
Жүктер орындарының саны, массасы мен жүктердің жағдайы тексерілмейді.
95. Ашық жылжымалы құрамда жүктерді тасымалдау кезінде бұзылудың (бүлінудің) көрінетін іздерінің болмауына және жүк жоғалудың жоқ екендігіне көз жеткізу қажет.
Вагонда, контейнерде коммерциялық ақау байқалған жағдайда, тасымалдаушының өкілі ГУ-23 жалпы нысанындағы актіні толтырады.
Вагонда, контейнерде техникалық ақаулар байқалған жағдайда, тасымалдаушының өкілі осы Қағидаларға 13-қосымшаға сәйкес ГУ-106 нысанындағы Вагонның, контейнердің техникалық жағдайы туралы актіні толтырады.
3-параграф. Жүкті тапсыру
96. Жүк тағайындалған станцияда жүк алушыға немесе ол уәкілеттік берген тұлғаға олар жүк тасымалданғаны үшін және Тасымалдаушының тарифтік басшылығында (прейскурантта) белгіленген тасымалдаушыға тиесілі басқа да төлемдерді енгізгеннен кейін беріледі.
Жүк алушы өзінің атына келген жүктің қабылдануын қамтамасыз етеді, жүк алушы өзінің атына келген жүкті қабылдаудан бас тартуына жол берілмейді.
Жүктерді беру жүк алушы немесе ол уәкілеттік берген тұлға жүкті алуға арналған сенімхаттың нөмірін және датасын көрсете отырып, жол тізімдемесіне қол қойғаннан және жүк құжатының түпнұсқасы берілгеннен кейін жүргізіледі.
Жүктерді вагоннан және контейнерлерден түсіру жүк алушымен немесе ол уәкілеттік берген тұлғамен жүзеге асырылады. Қабылдау-тапсыру операциялары жүк түсіру орындарында жүргізіледі.
Жүк түсіру және тиеу орындарында және кірме жолдарда тасымалдаушы өкілінің қатысуынсыз жүк алушының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның құралдарымен жүктерді түсіру кезінде, жүк алушының немесе ол уәкілеттік берген тұлғаның қабылдап-тапсырушының жаднамасындағы немесе вагондарды беру және әкету тізімдемесіндегі «Вагонды қабылдадым» бағанындағы қолы жүкті нақты берудің растамасы болып табылады.
97. Электрондық жүк құжатын пайдалана отырып, жүктерді тасымалдау кезінде тасымал үшін тағайындау станциясында тасымалдаушымен ақырғы есеп айырысуларды жүзеге асырған соң, жүк алушыға осы Қағидаларға сәйкес жүктің берілуін ресімдеу туралы тағайындалған станцияның тауар кассирінің қолымен және тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыбымен расталған электрондық жүкқұжаттың қағаз көшірмесі беріледі. Электрондық жол ведомосының қағаз көшірмесіне қол қою арқылы жүк құжат жүк алушыға беріледі. Тасымалдаушының ақпараттық жүйесіне жүк алушының қол жетімділігі болған жағдайда, жүк алушы мен тасымалдаушы арасында қабылданған ақпараттық өзара әрекеттесу технологиясына және стандарттарына сәйкес жүк алушының атына келіп түскен жүкке жүкқұжат беру деректермен электрондық алмасу арқылы жүзеге асырылады.
98. Электрондық сүйемелдеу құжаттары тиесілілігіне қарай электрондық немесе қағаз түрінде беріледі. Электрондық сүйемелдеу құжаттары адресатқа қағаз түрінде берілген жағдайда, олар тағайындалған станциядағы тасымалдаушының өкілімен электрондық құжаттың қағаз көшірмесі түрінде басылып шығарылады және тағайындалған тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалыбымен расталады.
99. Жүкті алу кезінде жүк алушы немесе ол уәкілеттік берген тұлға тасымалдаушыға жүкті алу құқығына арналған сенімхатты және жеке басын куәландыратын құжатты береді.
Сенімхат заңды тұлғаның атынан оның басшысының немесе оның құрылтайшы құжаттарымен уәкілеттілік берілген өзге тұлғаның қолымен және осы ұйымның мөрінің бедері басылып беріледі.
Сенімхат нақты жүкқұжатпен жүкті бір рет алуға беріледі. Бұл жағдайда тасымалдау құжаттары кредиттен шығарылғаннан кейін ол жол жүк ведомосына салынады. Ұзақ мерзімге берілген сенімхат тағайындалған станциядағы тасымалдаушының өкілінде сақталады.
Сенімхатта сенімхат берілген тұлғаның төлқұжатының немесе жеке куәлігінің деректері, өкілеттілік берілген әрекет (құжаттарды кредиттен шығару, тасымалдар үшін есеп-қисапты жүзеге асыру, қабылдап-тапсырушының жаднамасына, вагондарды беру-әкету ведомосына, коммерциялық актіге немесе басқаларға қол қою), сонымен қатар вагонның (контейнердің) нөмірі және жүкқұжаттың нөмірі көрсетіледі, егерде сенімхат нақты жүкқұжатпен жүк алуға берілсе.
100. Жеке тұлғалар атына жіберілген жүктер жүк алушыға жеке басын куәландыратын құжат көрсеткенде, жол тізімдемесіне жүкті алу датасын және жеке басын куәландыратын құжаттың мәліметтерін (сериясын, нөмірін, кім бергенін, берілу күнін) көрсете отырып, қол қойғанда ғана беріледі.
101. Жарамды вагонда жөнелтушінің жарамды пломбаларымен келген, жөнелтушімен жүк тиелген вагонды тасымалдаушы береді, ал жүк алушы немесе ол уәкілеттік берген тұлға вагонның жай-күйін сырттай қарап әрі қақпақтар мен есіктердің жағдайын, пломбалардың болуын, түзіктігін, сондай-ақ пломбалардағы белгілердің жүк құжатында көрсетілген мәліметтерге сәйкестігін тексереді.
Жүктер орындарының саны, массасы мен жүктердің жағдайы тексерілмейді.
Жүк жөнелтушімен ашық түрдегі вагонға немесе контейнерге тиелген, жүкқұжатта орындар саны көрсетіліп тасымалданатын жүкті тасымалдаушы тапсырады, ал жүк алушы жүктің массасын тексермей, жүктің көрінетін орындарының (оның бөліктерінің) жай-күйін сырттай қарап және сақтандырғыш таңбаны, сондай-ақ орындар санын тексеріп, егер мүмкін болса оларды көзбен қарап санайды.
Жүк жөнелтушімен ашық түрдегі вагонға немесе контейнерге тиелген, орындар саны 100-ден асатын жүкті тасымалдаушы береді, ал жүк алушы жүк массасын тексермей, жүктің көрінетін орындарының (оның бөліктерінің) жай-күйін сырттай қарап, енгізілген сақтандырғыш таңбаны қарап, қабылдайды.
Үймеленіп немесе үйінді түрінде ашық түрдегі вагонда тасымалданатын жүкті тасымалдаушы береді, ал жүк алушы жүк бетінің біркелкілігін, жүкте ойықтың жоқтығын тексеріп, қабылдайды.
Жолсеріктермен сүйемелденіп тсымалдантын жүктерді тасымалдау орындар санын, жүк массасын, жай-күйін және пломбаның бар-жоғын тексермей жүк алушыға береді.
Жолсеріксіз, өз осьтерінде тасымалданатын жүкті жүк тасымалдаушы береді, ал жүк алушы оны сырттай көзбен тексеріп, қабылдайды.
102. Шекаралық, санитарлық, карантиндік бақылаудың және бақылаудың басқа түрлерінің жүргізілуіне байланысты тағайындалу станциясына келген вагонды (контейнерді) ашу актілерімен расталған, шекаралық станциямен пломбаланған вагоннан, контейнерден жүкті беру жүктің санын және жай-күйін тексерусіз жүргізіледі.
103. Жүк алушының өтініші бойынша тасымалдаушы жүктің жай-күйін, массасын, орындардың санын тексеруге шарттық негізде қатыса алады.
Келіп түскен жүкті беру және жүктің жай-күйін, оның массасын және орындардың санын тексеру нәтижелері осы Қағидамен қарастырылған тәртіпте ресімделеді.
104. Станция жүк алушының талабы бойынша тасымалдаушының қатысуынсыз жүктің берілгені туралы жүк құжатының «Жүкті беру туралы белгі» бағанында келесі мазмұндағы жазба жүргізеді:


Жүк жөнелтушімен, кедендік органмен немесе осыған өкілеттігі бар өзге органмен пломбаланған вагонмен, контейнермен келген жүктер үшін: «Жүк осы жүкқұжат бойынша жүк жөнелтушінің, кедендік органның немесе осыған өкілеттігі бар өзге органның түзік БПҚ-мен № ______ түзік вагонда, контейнерде (керек емесі сызылсын) келді және «_____» ______ж. тексерусіз берілді».

Бекітуші-пломбалаушы құрылғыларынсыз, сондай-ақ ашық жылжымалы құрамда тасымалданатын жүктер үшін:


«Жүк осы жүк құжат бойынша жоғалу белгілерінсіз № ___ түзік вагонда жетті және «___» ________ ж. тексерусіз берілді».

105. Жүкті беру және тексеру кезінде тасымалдаушы беру қорытындыларына байланысты ГУ-22 нысанындағы коммерциялық акт, ал халықаралық тасымалдар кезінде Халықаралық темір жол қатынасы туралы келісіммен белгіленген нысан бойынша коммерциялық акт жасайды. Жүкті беру туралы қабылдап-тапсырушының жаднамасында немесе вагондарды беру - әкету ведомосында «» бағанында тасымалдаушының қатысуымен ГУ-23 жалпы нысандағы актінің және берудің нөмірін көрсету арқылы белгі жасайды.
Тасымалдаушының қатысуымен жүкті беру және тексеру кезінде вагон парағында вагонның жүк түсірілуге берілген уақыты ғана емес, сондай-ақ жүк түсірілу уақытының басталуы мен аяқталуы көрсетіледі.
106. Жүк жетіспеген, бұзылған немесе зақымданған жағдайда, бұл жайында жүк берілгенге дейін коммерциялық акт жасалған болса (оның ішінде сапар барысында), тасымалдаушының өкілі тағайындалған станцияда жүкті жүк алушы көрсеткен құжаттарға (шот фактура және тағы басқалар) сәйкес жүктің нақты кем шығу, бұзылу немесе зақымдану мөлшерін анықтағаннан кейін барып жүк алушыға береді.
Жүк алушы жиһаздың, жабдықтың, қосалқы бөлшектердің, аспаптың немесе жинақтаушы бөлшектердің жекелеген бөліктері кем болған, бұзылған немесе зақымданған жағдайда, зақымданған жүктің қалпына келтірілу құнын немесе жетіспейтін бөліктердің, қосалқы бөлшектердің, аспаптың, жинақтаушы бөлшектердің жеке құнын (калькуляция, квитанция, шот және т.б.) растайтын құжаттарды қоса береді.
Аталған құжаттар ұсынылмаған жағдайда, қолда бар жүк коммерциялық актіде толық тізімделгеннен кейін немесе тиісті жағдайларда сараптау актісі жасалғаннан кейін барып, жүк жүк алушыға беріледі.
Маршруттық немесе топтық жөнелтіліммен тасылған жүк кем шыққан, зақымданған немесе бүлінген жағдайда, егер зақымдану немесе бүліну барлық вагонда емес, тек бір не бірнеше вагонда болса, коммерциялық актіге маршруттық немесе топтық жөнелтіліммен түзік жағдайда келген қалған басқа вагондарға да жүкті қабылдау актілері қоса беріледі.
107. Тасымалдаушы тиеу-түсіру орындарында және кіре беріс жолдарда жүк беруді жүзеге асырғанда, жүкқұжаттың сырт жағындағы «Жүкті беру туралы белгі» бағанындағы тасымалдаушының өкілімен тағайындалған станцияда енгізілген және тасымалдаушының мөрқалыбымен расталған белгі жүктің берілгенінің растамасы болып саналады.
108. Тиеу-түсіру орындарында жүкті түсіру кезінде жүк алушы жүк массасын вагондық таразылармен тексеру туралы талапты жүк түсіру басталғанға дейін білдіреді.
Кіреберіс жолдарда вагондарды түсіру кезінде жүк алушы жүк массасын вагондық таразылармен тексеру туралы талапты шартпен белгіленген тәртіпте вагондарды қабылдау сәтінде білдіреді.
Тағайындалған пункттерде жүк массасын тексеру жүк жөнелтілген пунктте жүк өлшенген таразы тәрізді таразылармен жүргізіледі. Жүк алушыда және тасымалдаушыда вагон таразылары болмаған жағдайда, үймеленіп және ақтарылып тасылатын жүктер вагондар түзік болған жағдайда, олардың массасы тексерілмей беріледі.
109. Жүктің берілуіне қатысу үшін тасымалдаушы өкілінің келуін күтіп вагонның, контейнердің мәжбүрлі тоқтап тұру уақыты вагонның немесе контейнердің жүк алушының пайдаланымында болуының жалпы уақытына қосылмайды.
Осы жағдай тасымалдаушы өкілінің қатысу қажеттілігі туралы тасымалдаушы хабарлаған сәттен бастап ол келген сәтке дейінгі вагондардың, контейнерлердің босқа тұру уақыты онда көрсетіле отырып, ГУ-23 жалпы нысандағы актімен расталады. ГУ-23 жалпы нысандағы актіге жүк алушы мен тасымалдаушының уәкілетті өкілдері қол қояды.
110. Тасымалдаушы жүкті беру кезінде жүк мынадай жағдайда келгенде, тексереді:
1) зақымдалған вагонда, контейнерде;
2) жолшыбай теміржол станцияларының бекіту-пломбалау құрылғылары бар вагонда, контейнерде, сондай-ақ бекіту-пломбалау құрылғылары болмағанда немесе зақымданғанда;
3) бекіту-пломбалау құрылғыларынсыз ашық жылжымалы құрамда немесе жабық вагондарда тасымалдау (мұндай тасымалдау тасымалдау қағидасымен көзделсе) кезінде кем шығу, зақымдану (бүліну) белгілерімен;
4) тоңаытқыш вагондарда тез бүлінетін жүктерді тасымалдау кезінде жеткізу мерзімдері бұзылғанда немесе температуралық режим бұзылғанда;
5) тасымалдаушымен тиелген;
6) түсіру тасымалдаушымен жүзеге асырылатын болса.
7) осы Қағидалардың 84-тармағына сәйкес ақтарма және үйілме жүктер салмағы бойынша тасымалдаушымен қабылданған болса.
Егер тасымалдаушы жүктің массасын, орындар санын және жүктің жай-күйін тексеруге қатысуға міндетті болса, онда тексеруді келесі тәртіпте жүргізу арқылы жүктің массасын, орындар санын және жүктің жай-күйін анықтайды:
1) массасы тасымалдауға қабылданғанға дейін стандарт немесе трафарет бойынша анықталған, қапталған және қапталмаған жүктер үшін жөнелтімдегі жүктің орын санын тексереді, ал жүктің зақымданған жерлерінде жүк бірлігінің санын немесе олардағы жүктің массасын және жай-күйін; егер жүк массасы трафарет бойынша анықталған болса, онда жүк орындарының нөмірлерін тексереді;
2) жүктің жай-күйіне әсер ететін ыдыстың зақымдануы немесе басқа жағдайлар белгілі болса, жүк зақымданған орындардағы жүктің массасын немесе бірлік санын және жүктің жай-күйін, жүк зақымданған орындарын ашып тексереді және зақымданған орындардың жай-күйін ілеспе құжаттарда көрсетілгенмен салыстырады;
3) ашық жәшіктерде тасымалданатын жүктер үшін жүктің орындар санын және массасын немесе әрбір жәшіктегі орындар санын және бірліктер санын тексереді;
4) ақтарылып немесе үймеленіп тасымалданатын жүктер үшін жүктің жалпы массасы тексеріледі.
Беру кезінде жүктің салмағын тексеру оны тиеу кезіндегі тәсіл тәрізді жүргізіледі.
Егер жөнелту станциясында белгіленген жүктің салмағы мен тағайындалу станциясындағы жүктің салмағы арасындағы айырма тасымалдау қағидасына сәйкес белгіленген шектік салмақ алшақтығының және табиғи кему нормасынан аспаса, онда жүктің салмағы дұрыс деп саналады.
Егер ақтарылып және үймеленіп тасымалданатын жүктер бойынша жүк алушыда және тасымалдаушыда вагон таразылары болмаса, онда жүк олардың салмағы тексерілмей беріледі.
Тағайындалу станциясында тасымалдаушының құралдарымен түсірілген пакеттердің зақымданғаны байқалса, тасымалдаушы көліктік пакеттің ішіндегісін тексереді, ал зақымданған орындарда – фактуралық шоттар бойынша жүктің санын, массасын және жай-күйін тексереді. Тексеру нәтижелері осы Қағидаларға сәйкес ресімделеді.
Ағаш материалдарын, кесінді материалдарды, қат-қабат жиналған отынды тасымалдау кезінде, жүктің санын тексеру бекітпесі бұзылған қат-қабаттарды өлшеу арқылы жүргізіледі.
Тасымалдау кезінде шөгу және нығыздау салдарынан ағаш жүктердің және отындардың вагондағы биіктігінің төмендеуі нормада деп есептеледі, егер ол қат-қабат биіктігінің әрбір метрінің үш сантиметрден аспаса.
Жүктерді пакеттерде, соның ішінде ағаш және кесілген материалдарды тасымалдау кезінде оларды тасымалдау ақаулы болғанда, пакеттердің санын және жүктің жай-күйін тексере отырып, тек жарамсыз пакеттерде жүргізіледі.
Изотермиялық жылжымалы құрамда қаптамасыз тасылатын ет және ет өнімдері, олардың саны жүк құжатында көрсетілген жағдайларда жүктің массасы (тауарлық таразыларда өлшеу арқылы) мен орындар саны тексеріле отырып беріледі.
Ақтарылып тасымалданатын жүктер массасы жөнелткенде қандай тәсілмен анықталса, сондай тәсілмен жүк алушымен бірге тасымалдаушымен тексеріледі. Келген қауіпті жүктің жай-күйін, массасын және орындар санын тексеру тасымалдаушының қатысуымен жүк алушымен жүргізіледі.
Қауіпті жүктерді беру кірме жолдарда жүргізіледі.
111. Егер жүк массасын тексеру кезінде жүк массасының жүкқұжатта көрсетілген деректерге сәйкес келмеуі анықталса, коммерциялық акт жүк массасының кемуі немесе өсуі тиісті нормадан асқан жағдайда ғана жасалады.
112. Тасымалдаушы осы Қағидаларға сәйкес жүкті тексеру арқылы беретін жағдайларда, ол жүкқұжаттың «Жүкті беру туралы белгі» бағанында келесі мазмұндағы белгі жасайды:
1) коммерциялық акт жасау үшін жағдайлар болмаған жағдайда, тасымалдаушы «Жүк тасымалдау құжаттарына сәйкес дұрыс берілген» белгісін жасайды;


2) ілеспе коммерциялық акт деректеріне сай келетін жүк берілген жағдайда, тасымалдаушы «Жүк__________ст. ____________ № ___ коммерциялық актіге сәйкес барабар теңбе-тең берілген»;



3) жүк массасының табиғи кему нормасынан аспайтын кем шығуы, нетто массаны өлшеу қателігінің мәндері байқалғанда, сондай-ақ нетто массаны өлшеу қателігінің мәндерінен аспайтын жүктің артық массасы байқалғанда: «Жүк массасын «______» ________ ж. тексеру кезінде, ________ кг (цифрмен және жазбаша) болып шықты»;



4) коммерциялық актімен жүктің массасын және орындар санын тексеру нәтижелерін ресімдегенде, жүк құжатының «Тасымалдаушының белгісі» бағанында келесі белгі жасалады: «_____________ туралы «______» ________ ж. № ____ коммерциялық акт жасалды.

Жүкті беру туралы белгі тағайындалу станциясында мөртабанмен расталып, тасымалдаушының қолымен куәландырылады.
Жүк алушы осы тармақта көрсетілген белгіні жүкті түсіру күні немесе жүк түсірілген тәуліктен кейінгі күннен кешіктірмей енгізу үшін тағайындалу станциясында тасымалдаушыға жүк құжатын көрсетеді.
Жүк құжаттарға сәйкес берілгенде, осы тармақта көзделген «Жүк тасымалдау құжаттарына сәйкес дұрыс берілді» деген белгіні тасымалдаушы жүк алушының талабына тәуелсіз қояды.
113. Тасымалдаушы жүкті тексеріп берген жағдайларда, вагонды, контейнерді ашуды тасымалдаушы жүк алушының қатысуымен жүргізеді. Жүк алушы вагондарды, контейнерлерді тасымалдаушының станциядағы өкілінің қатысуынсыз ашқанда, жүктің сақталуы үшін тасымалдаушы жауапты болмайды.
114. Ыдыстағы және дара жүктерді бір жүк жөнелтуші/жүк алушы пайдаланатын кірме жолдарда түсіргенде, жүкті беру тасымалдаушының қатысуымен жүргізілетін жағдайларда, жүк алушы түсірілген жүкті, қажетінде қайталап тексеру мүмкіндігі сақталуы қамтамасыз етілуі үшін жүкті бұрын түсірілгеннен бөлек жинайды.
115. Тасымалдаушы алынбалы жабдықпен, соның ішінде көкөніс, астық қалқандарымен, сондай-ақ жылытқыш және төсем материалдарымен тасымалданатын жүктерді бергенде, аталған жабдықтың массасы мен материалдарының массасы вагон ыдысының массасына енгізіледі.
Жылытқыш материалдардың, көкөніс қалқандарының және басқа да алынбалы жабдықтың массасы жүк қағазында көрсетілген деректерге сәйкес қабылданады.
116. Жүкті тағайындалу станциясының тиеу және түсіру орындарында түсіру барысында тасымалдаушы тиеген және пломбалаған вагонда немесе тасымалдаушы тиеген ашық жылжымалы құрамда жүктің артық шығуы анықталғанда, тасымалдаушының станциядағы өкілі ол жайында тиеу станциясына хабарлайды. Бұл ретте ыдыстағы және дара жүктердің артық орны тағайындалу станциясында олардың тиесілігі анықталғанға дейін қалады немесе сақтау қолхаты бойынша жүк алушыға беріледі. Ақтарылып, үйіліп тасымалданған жүк, сондай-ақ бүліну қатері төніп тұрған тез бүлінетін жүк массасының артығы жүк алушыға сақтау қолхатымен жүктің жүк қағазында көрсетілген негізгі мөлшерімен бірге беріледі.
Жүк тиеу және түсіру орындарында және кірме жолдарда түсірілгенде, артық жүк те жүк алушыға осы тәріздес сақтау қолхатына беріледі. Жүк алушының сақтау қолхатында алынған артық жүкті пайдаланбау және оларды тасымалдаушының бірінші талабы бойынша қайтару міндеттемесі белгіленеді.
Тасымалдаушының жөнелту станциясындағы өкілі тасымалдаушының тағайындалу станциясындағы өкілінен жүктің артық шығуы туралы жеделхатты алғаннан кейін, ол жайында жүк жөнелтушіге хабарлайды, ол төрт тәулік ішінде, тез бүлінетін жүктер бойынша екі тәулік ішінде тасымалдаушының жөнелту станциясындағы өкіліне артық түсірілген немесе берілген жүкті қалай жұмсау керектігін хабарлайды. Аталған мерзімде тасымалдаушының жөнелту станциясындағы өкілінен ақпарат алынбағанда, тиеу және түсіру орындарында түсірілген жүктер осы Қағидалардың 17-тарауына сәйкес белгіленген тәртіппен сатылуға жатады. Сақтау қолхатына берілген жүктер тасымалдаушы жүк алушыға сақтау қолхатын қайтарғаннан кейін жүк алушының иелігінде қалады.
117. Егер жүк станцияға жеткізудің белгіленген мерзімінде келмеген жағдайда, жүк алушы тасымалдаушының тағайындалу станциясындағы өкіліне жүкті қабылдау туралы квитанцияның түпқұжатын немесе жөнелту станциясының анықтамасын көрсетеді. Тасымалдаушының тағайындалу станциясындағы өкілі жүктің тағайындалу станциясына келмегендігіне көз жеткізеді және жүктің тасымалдауға қабылданғаны туралы көрсетілген квитанцияның түпнұсқасы екендігін тексеру үшін тасымалдаушының жөнелту станциясындағы өкілін сұратады. Тасымалдаушының жөнелту станциясындағы өкілі мұндай сұрау салуды алғаннан кейін, бір тәулік мерзімде жүк қағазының барлық бағандарындағы мәліметтерді жүкті жөнелтуге қабылдау кітабына сәйкес көрсетіп, жүктің тасымалдауға қабылдануын растап жауап береді. Көрсетілген құжаттардың түпнұсқалығы расталған жауап алғаннан кейін тасымалдаушының тағайындалу станциясындағы өкілі ұсынылған квитанцияда немесе жөнелту станциясының анықтамасында «Жүк келген жоқ» деген белгі соғады және аталған жазбаны тағайындалу станциясындағы тасымалдаушының күнтізбелік мөрқалпымен және өзінің қолымен растайды.
Тасымалдаушы жүк жөнелтушілерге, жүк алушыларға, өзге заңды және жеке тұлғаларға тиесілі немесе олармен жалға алынған вагондар, контейнерлер жоғалған жағдайда, жүк жөнелтуші, жүк алушы жүкті тасымалдауға қабылдау туралы квитанциядан басқа вагондарға, контейнерлерге оларға өздерінің меншік құқығын немесе жалға алу құқығын, вагондардың, контейнерлердің қалдық құнын, зақымдану фактісін және мөлшерін растайтын құжат ұсынады.
Жүкті қабылдау туралы квитанцияда көрсетілген мерзімде келмеген жүкті іздестіру жүк алушының арызы бойынша тасымалдаушы жүргізеді.
Жүкті іздестіру туралы талаптың негізділігін растау үшін жүк алушы жүкті тасымалдауға қабылдау туралы квитанцияны, ал ол болмаған жағдайда - мына құжаттардың біреуін: егер аталған құжаттарда жүктің түрі, тиеу датасы, жөнелту станциясы, тағайындалу станциясы, жүк тасымалдауға тапсырылған жүк қағазының нөмірі және вагонның (вагондап жөнелтілімде) нөмірі немесе жүкті контейнермен жөнелткенде - контейнердің нөмірі туралы деректері болса, жеткізушінің шот-фактурасын (түпнұсқада немесе көшірмесін), жеткізушінің (жүк жөнелтушінің) шот-фактураны алмастыратын құжатын тапсырады.
Электрондық жүк құжатықолданылған қағазсыз технология бойынша тасымалданатын жүк жүкті қабылдау туралы квитанцияда көрсетілген жеткізу мерзімінде келмеген жағдайда, жүк алушы тасымалдаушыға жүкті іздестіру туралы талап қояды. Ол үшін жүк алушы тасымалдаушының тағайындалу станциясындағы өкіліне жазбаша арыз береді, онда электрондық жөнелтілімнің нөмірін және жөнелту станциясын көрсетеді. Жүкті іздестіру тасымалдаушының ақпараттық жүйесі арқылы жүргізіледі.
Үшінші елдерден немесе Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы елдердің, Латвия Республикасының, Литва Республикасының, Эстония Республикасының темір жол станцияларынан (бұдан әрі -темір жолдар) келе жатқан жүкті іздестіруді тағайындалу станциясының тасымалдаушысы қолданыстағы халықаралық келісімдердің шарттарына сәйкес жүргізеді.
118. Қосымша жеткізу тасымалдау құжаттары бойынша тасымалданатын жүктерді беру:
жүктің негізгі тасымалдау құжаттарымен келген бөлігі - жүк алушыға жүк құжатымен жүктің кем шығуына коммерциялық актіні беріп, жол тізімдемесінде қол қойғызу;
қосымша жеткізу тасымалдау құжаттары бойынша жүктің жетіспейтін бөлігі келгенде - жүк алушы негізгі жүк құжатымен коммерциялық актіні көрсеткенде, қосымша жеткізу жол тізімдемесінде қол қойғызу арқылы жүргізіледі. Бұл ретте коммерциялық акт вагонның тиесілігіне қарамастан тасымалдаушыда қалады.
Тасымал үшін ақтық есеп айырысу негізгі жүк құжатыбойынша жүргізіледі. Тасымалдаушының станциядағы өкілі қосымша жеткізу құжаттары бойынша келген жүктің берілгендігі туралы белгіні негізгі жүк қағазында соғады.
Қосымша жеткізу құжаттары бойынша жүк негізгі тасымалдау құжаттары бойынша жүктен бұрын келген жағдайда, жүктің келген бөлігін беру жүк алушының қосымша жеткізу жол тізімдемесінде қолын қойғызып жүргізіледі. Сонымен бірге жүк алушы тасымалдаушыға жүктің алынған бөлігін ол негізгі жөнелтілімнің есебіне жатқызатындығы туралы анықтама береді. Бұл анықтама тасымалдаушыда сақталады.
Қосымша жеткізу құжаттары бойынша жүкті қабылдау туралы квитанцияға сәйкес барлық жүк келген жағдайда, станция аталған квитанцияның негізінде жоғалтылғандардың орнына жүк құжатымен жол тізімдемесінің көшірмелерін жасайды және жүкті беруді ресімдеу осы тарауда белгіленген тәртіппен жүргізіледі.
119. Электрондық жүк құжатын қолданып, қағазсыз технологиямен ресімделген, негізгі жөнелтілімнен ағытылған вагондар қосымша жеткізілген жағдайда, жүктерді беру жүзеге асырылады:
негізгі жөнелтілімге электрондық жүк құжаты бойынша келген жүктің бөлігі коммерциялық акт беріліп және жүктің келмеген бөлігі туралы электрондық жүк қағазына және электрондық жүк құжатының қағаз көшірмесіне белгі соғылғанда;
негізгі жөнелтілімге электрондық жүк құжаты бойынша келген жүктің бөлігі коммерциялық акт беріліп және жүктің келмеген бөлігі туралы электрондық жүк қағазына және электрондық жүк құжатының қағаз көшірмесіне белгі соғылғанда;
негізгі жөнелтілімге электрондық жүк құжаты бойынша келген жүктің бөлігі коммерциялық акт беріліп және жүктің келмеген бөлігі туралы электрондық жүк қағазына және электрондық жүк құжатының қағаз көшірмесіне белгі соғылып.
6. Вагондар мен контейнерлерді пломбалау үшін бекіту-пломбалау

Каталог: bitrix


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   79




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет