Студенттердің психология пәнінен алған теориялық және тәжірибелік білімдерін тексеру, психологияның дамуына үлес қосқан Қазақстандық ағартушы психологтардың көзқарастары туралы мағлұмат беру арқылы ақпаратты өз бетінше табуға, талдауға, іріктеуге, кайта құруға, сақтауға, түсіндіруге және акпараттарды қазіргі заманғы ақпараттық-коммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асыруға үйрету.
болашақ педагогтардың жеке-тұлғалық потенциалын жүзеге асыруға, педагогикалық мәдениетті шығармашылықпен көрсетуге жағдай жасау; психолог-педагог ағартушылардың қызметтерін баяндауда ауызша және жазбаша сөйлеу мәнерін қалыптастыру
психология пәнінің Қазақстандағы даму деңгейін, мәртебесін көтеру, психологияның дамуына үлес қосқан Қазақстандық ағартушы психологтардың көзқарастарын ұсыну, өзбетті жұмыс беру арқылы педагогикалық кәсіптің және педагогикалық білім берудің маңыздылығын күшейту.
Іс-шараның түрі:
Студенттердің ғылыми конференциясы
Іс-шарада қолданылатын педагогикалық технологиялар:
Дамыта оқыту, АКТ, проблемалық оқыту технологиясы, СТО
Іс-шараның әдісі:
сөздік, көрнекілік, практикалық,.
Пәнаралық байланыс:
Тәрбие жұмысының әдістемесі, психология, психотерапия негіздері