Қысқа мерзімді жоспар-6 Қазақстан тарихы



бет1/2
Дата09.10.2024
өлшемі19,5 Kb.
#206034
  1   2
Байланысты:
6-сабақ. Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі


Қысқа мерзімді жоспар-6
Қазақстан тарихы


Бөлім:

5.1. Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



Педагогтің аты-жөні

Панияз Шолпан, №71 МЛ

Күні:


Сынып: 5

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы

Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі.
Зерттеу сұрағы: Мезолит пен неолит дәуірлерінде алғашқы адамдардың өмірі қалай өзгерді?

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау;



Сабақтың мақсаты

Барлығы:табиғаттағы өзгерістер ежелгі адамдардың шаруашылық өмірін қалай өзгерткендігін түсінеді;
Көпшілігі:мұз басу дәуірінен кейінгі адамдардың еңбек құралдарының басты ерекшеліктерін ажыратады;
Кейбірі: табиғаттағы өзгерістердің ауқымдылығын, адамдардың еңбек құралдары, баспаналары, киімдеріндегі өзгеріске негіздеп, тұжырымдайды

Бағалау критерийлері

Тас дәуірінің кәсіп түрлерін анықтайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Ұйымдастыру
кезеңі



Оқушыларды сабақтың тақырыбы және мақсатымен таныстыру.

Тас дәуірі, кезеңдері, адамдардың өмірі жайлы білімдері бар.



ҚБ - «Смайлик»

Тақырыптық суреттер
«Ежелгі адамдар»

Жаңа сабақ

Мезолит ( орта тас дәуірі)
Уақытыб.з.б. 12 -5 мыңыншы жылдар
●Қазақстанда мезолит ескерткіштері аз кездеседі.
●Жер бетін басқан мұз еріді, қазіргіге ұқсас өсімдіктер мен жануарлар қалыптасты.
Микролитұзындығы 1-2 см. ұсақ жаңқа тастардан жасалған құралдар.
●Тағы бір жаңалық – садақ пен жебенің шығуы.


Мезолиттегі басты жаңалықтар:
1/ Ірі жануарлар жойылды
2/ Жебелі садақ
3/ Балта
4/ Ұсақ аңдарды аулау
5/ Ағашты құрал ретінде пайдалану
6/ Қайық, сал жасау
7/ Баспана тұрғызу, ағаш кесу
8/ Өзен –көлді кешіп өту

Аңшылық негізгі кәсіпке айналды.


●Мезолиттің тұрғындары бір жерде ұзақ тұрақтамады.

  • ●Қазақстанда 20- дан астам мезолиттік тұрақ белгілі. Олар Мичурин, Явленко, Дүзбай, Ерейментау, Тельман, Әкімбек, Қарағанды,Қызылсу

  • Ертіс, Есіл (қабырғасы терең көмілген, көлемі 40-60 шаршы метр баспана табылған), Тобыл, Торғай, Жайық өзендерінің бойында аңшылар мекендеді.

●Жануарларды қолға үйрету және дәнді дақылдар өсіруді бастады.
Ерлер мен әйелдер арасында еңбек бөлінісі қалыптасты.
1-тапсырма Мезолит (орта тас дәуірі)





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет