1-тапсырма. Химиялық элементтердің тізімінен дерекқор құр. Кестені пішімде.
2-тапсырма. МАХ функциясының қызметін пайдаланып атомдық массасы ең ауыр элементті анықта. МИН функциясының қызметін пайдаланып, балқу температурасы ең төмен элементті анықта.
3-тапсырма.Сұрыптау қызметін пайдаланып, химиялық элементтерді атом массасының өсу ретімен сұрыпта.
4-тапсырма. Қарапайым сүзгіні пайдаланып, 1800 бен 1900 жылдар аралығында қандай элементтер ашылғанын анықта.
5-тапсырма. Кеңейтілген сүзгіні пайдаланып, өрістер бойынша төмендегі шарттарды орындайтын химиялық элементтерді тап.
тапсыр-
масы
1 мин
Балқу
Атауы
Атом-
дық
Тығыз-
темпера-
турасы
Ашыл-
ған
масса
дығы г/л
С(градус)
жылы
>30
>1
>300
Оқушылар: 14-сабақ. §3.7 Деректер базасымен жұмыс (шағын жоба)
Ехсel кестелік процессорында деректер базасын жасап, өңдеу бойынша алған білімді өмірде қалай қолдануға болады?
Ой сергіту жаттығуы «2 шындық, 1 өтірік» әдісі
Оқушылар ретімен өткен тарау бойынша 2 шындық, 1 өтірік айтады, бірін-бірі қайталамайды.
Үй тапсырмасын пысықтау «Блиц кездесу» Өткен тақырыптағы қосымша тапсырмалардың шешімін жұптасып талдайды.
Оқушылардың жұмыстарын ауызша мадақтау, қолдау көрсету.
Компьютер
Негізгі бөлім 2 мин
Миға шабуыл сұрақтары
Мәліметтер қорымен жұмыс жасауда алған білімдеріңді күнделікті өмірде (үйде, мектепте және т.б. ) қалай қолдануға болады деп ойлайсың? Нақты ұсыныстар, дәлелді мысалдар келтір.
Оқулықпенжұмыс Жаңа ақпаратпен танысу. Әдістемелікте берілген сұрақтармен және «Сен білесің бе?» айдарымен жұмыс ұйымдастырылады. Жеке, жұпта, топта, ұжымда жауаптар айтылады. Мұғалім толықтырып отырады.
Жоба тапсырмалары: «Біздің сынып» кіші жобасы Ехсel кестелік процессорында өзің оқитын 9- сыныптың деректер базасын құр. Сыныптағы оқушылардың деректер базасына енгізуде Формадиалогтік терезесін қолдан. Функция қызметін пайдаланып, Орташа жазбасында орналасқан Бойының ұзындығы және Салмағы өрістерінің орта мәнін есептеу арқылы сыныптың орта бойы мен салмағын есепте (1- сурет).
6 мин
Оқулық
13 мин
Компьютер
бағаларымен танысуға болады. Автокөліктер жайлы сол сайттан алынған мәліметтерді пайдаланып, деректер базасын құрастыр.
Төменде автокөліктердің техникалық сипаттамалары мен жыл ішіндегі сатылу саны берілген (2-сурет).
Тапсырма: Суреттегі мәліметтер бойынша деректер базасын құр.
Дерекқор жазбасында автокөлік атауы, өрістерде қозғалтқыш көлемі, қуаты, әр 100 км- ге орташа жұмсалатын жанармай шығыны және жыл ішінде орташа сатылу бағасын көрсет.
Кеңейтілген сүзгі арқылы қуаты 2.0-ге тең және 100 ат күшінен жоғары және сатылу саны 2000 данадан көп көліктерді ірікте.
Автокөліктердің сатылу саны бойынша диаграмма жаса.
«Сыныптың үлгерімін есептеу (сынып жетекшіге көмек)»жобасы Сынып жетекшісінің өз сыныбы бойынша атқаратын жұмыстарының ауқымы өте үлкен. Сондай жұмыстардың бірі әр тоқсанның қорытындысы бойынша сыныптағы оқушылардың үлгерімін есептеу болып табылады. Мұндай жұмысты сынып жетекшілерінің көпшілігі әлі де болса қағазға жазып калькулятор көмегімен есептейді. Бұл, әрине, сынып жетекшісінің көп уақытын алады. Тапсырма: Сынып үлгерімін есептеуге арналған тәжірибелік жоба жұмысын орында. Жобада төмендегі жағдайлар қарастырылуы керек.
Жазбаларда (Запись) оқушылардың аты- жөні жазылуы керек. Өрістерде сыныптың сол тоқсандағы оқыған пән атаулары жазылуы тиіс. Жобаның деректер қорын құрауда Форма батырмасын қолдан.
Жоба пішіні тартымды, деректерді оқу ыңғайлы, маңызды тұстары түстермен ерекшеленген болу керек.