* Шеткі мүшелері мен ортаңғы мүшелерінің көбейтінділерінің мәні тең.
Пропорцияның негізгі қасиеті.
Шеткі мүшелерінің көбейтіндісі ортаңғы мүшелерінің көбейтіндісіне тең.
Пропорцияның белгісіз мүшесін табуды қарастырайық.
1 - мысал:
х белгісіз - ортаңғы мүшені табу керек
Пропорцияның белгісіз ортаңғы мүшесін табу үшін шеткі мүшелерін көбейтіп, белгілі ортаңғы мүшеге бөлеміз.
; .
2 – мысал:
х белгісіз – шеткі мүшені табу керек
Пропорцияның белгісіз шеткі мүшесін табу үшін ортаңғы мүшелерін көбейтіп, шеткі мүшеге бөлеміз.
; ;
Мәтінді есептерде пропорцияның қасиетін пайдалану.
Есеп: 120 м матадан 24 көйлек тігіледі, осындай 18 көйлек қанша м матадан тігіледі?
Берілгені:
120 м матадан - 24 көйлек
? м матадан - 18 көйлек.
Табу керек белгісізді
Шешуі: Белгісізді х деп белгілеп, пропорцияны құрамыз.
120 : 24 = х:18
Пропорцияның қасиетін пайдаланып белгісіз мүшесін табамыз.
х = (120 · 18):24 = 90 ; х = 90. Жауабы: 90 м мата.
пропоциясынан жаңа пропорция алу тәсілдері:
Егер пропорцияның тек ортаңғы мүшелерін орындарын ауыстырғанда, онда пропорция теңдігінің мәні өзгермейді. ;
Егер пропорцияның тек шеткі мүшелерін орындарын ауыстырғанда, онда пропорция теңдігінің мәні өзгермейді. ;
Егер пропорцияның бір мезетте шеткі мүшелері мен ортаңғы мүшелерін орындарын ауыстырғанда, онда пропорция теңдігінің мәні өзгермейді. ;
Пропорциядағы қатынастарды оң жағынан сол жағына орын ауыстырғанда, онда пропорция теңдігінің мәні өзгермейді.
Демек, берілген пропорцияның мүшелерінің орындарын ауыстырып, одан өзге 7 жаңа пропорция алуға болады. Сонда берілген пропорциямен 8 пропорция болады.
Презентация
Алдамұратова Т.А. Математика Жалпы білім беретін мектептің 6 – сыныбына арналған оқулық.
3 - басылымы. – Алматы: Атамұра,2011.
8 бет.
http://www.xn--24-6kct3an.xn--p1ai/%D0%9C%D0%B0%D1%82%D0%B5%D0%BC%D0%B0%D1%82%D0%B8%D0%BA%D0%B0_6_%D0%BA%D0%BB_%D0%92%D0%B8%D0%BB%D0%B5%D0%BD%D0%BA%D0%B8%D0%BD/21.html
http://www.resolventa.ru/demo/spain/demospain.htm
|
21 – 28 мин
|
|