Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі:
6.1А Қатынастар және пропорциялар
|
Мектеп: Химия-биология бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебі
|
Күні:
|
Мұғалімнің аты-жөні: Шайхиева Н.Ш.
|
Сынып: 6
|
Қатысқандар саны:
|
Қатыспағандар саны:
|
Сабақ тақырыбы
|
Пропорция. Пропорцияның негізгі қасиеті.
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
6.5.2.2 пропорцияны оқу және жазу;
6.1.2.3 пропорция анықтамасын білу;
6.1.2.4 пропорцияларды ажырату және құрастыру;
6.1.2.5 пропорцияның негізгі қасиетін білу және қолдану;
|
Сабақ мақсаттары
|
Оқушылар:
- пропорцияны оқиды және жазады;
- пропорция анықтамасын біледі;
- пропорцияларды ажыратады және құрастырады;
- пропорцияның негізгі қасиетін біледі және қолданады.
|
Бағалау критерийлері
|
Білім алушы
- пропорцияны оқи және жаза біледі;
- пропорция анықтамасын біледі;
- пропорцияларды ажырата және құрастыра алады;
- пропорцияның негізгі қасиетін біледі және қолданады.
|
Тілдік мақсаттар
|
Оқушылар:
- берілген бөлімнің терминдерін қолдана алады;
- берілген қатынаста бөлуге, тура және кері пропорционалдық тәуелділікке, пайызға және масштабқа қатысты есептердің шешіміне түсінік береді;
- пропорцияның белгісіз мүшелерін табу ережелерін тұжырымдайды;
|