Ұйымдастыру кезеңі.
Ынтымақтастық атмосферасын орнату
(Жж) Оқушыларға бұлшықет жиырылуының механизмін түсіндіруге саркомер, саркоплазмалық ретикулум және көлденең (T) канал құрылысының бейнесін ұсыныңыз.
Оқушылар суреттердегі бұлшықет жиырылуына қатысатын барлық құрылымдарды таңбалау қажет.
(Ж) Оқушыларға актин мен миозин жіптерінің сырғу механизмінің анимациясын суреттеу үшін бұлшықеттің жиырылу механизмінің моделін жасауды ұсыныңыз.
Модельді құрастыру үшін қолданыстағы материалдарды/құралдарды қолдануға болады.
Мұғалім сыныппен бірге бағалау критерийлерін құрастырады және комментария бере отырып, бағалайды.
Критерийлер:
1.Модельде сырғанауға қатысатын құрылымдар нақты көрсетілген.
2.Құрылымдар қызметін оқушы қысқа, нақты сипаттайды.
(Жж)(Қ) Оқушыларға бұлшықеттің жиырылу кезеңдері мен онда өтетін үдерістермен сәйкестендіруді ұсыныңыз.
Оқушыларға бұлшықеттің жиырылу кезеңдерінің атауы мен сипаттамалары бар кәртішкелерді таратыңыз.
Бұлшықеттің жиырылу механизмін түсіндіру үшін келесі терминдерді қолдану ұсынылады: миофибрилла, миозин жібі, актин жібі, саркомер, АТФ, миозин басы, байланысу орындары, кальций иондары, айқас көпірлер, тропонин мен тропомиозиннің рольдерін түсіндіріңіз.
Кейін оқушылар жұмыстарымен алмасады және өзара бағалау жүргізеді.
Оқушылар жұмыстары төмендегідей болуы мүмкін.
Сурет -1.1.
Бұлшықет талшығының құрылысы мен жиырылу механизмі туралы ақпарат: http://www.studfiles.ru/preview/5920458/page:3/
Қажетті құралдар: түрлі түсті қағаздар, ермексаз, моншақ, жіптер, резеңке сақиналар.
|
Сабақтың соңы
37-40 минут
|
Сабақ соңында оқушылар рефлексия жүргізеді:
- нені білдім, нені үйрендім
- нені толық түсінбедім
- немен жұмысты жалғастыру қажет
|
|
|