Қысқа мерзімді жоспар



бет1/3
Дата28.06.2017
өлшемі1,34 Mb.
#20220
түріСабақ
  1   2   3

Қысқа мерзімді жоспар




Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 5.1C

Жай бөлшектер

Мектеп: Жалтыр №2 ОМ

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Байганат Р.

Сынып: 5 «А»

Қатысқандар саны:

Қатыспағандар саны:

Сабақ тақырыбы

Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу




Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

5.1.1.9 жай бөлшек ұғымын меңгеру;

5.5.2.1 жай бөлшектерді оқу және жазу;



Сабақ мақсаттары

Оқушылар:

-жай бөлшектің анықтамасын,оның алымы және бөлімі ұғымдарын біледі;



Барлық оқушылар: Жай бөлшек туралы жаңа білімді меңгереді. Бөліндіні бөлшек түрінде, бөлшекті бөлінді түрінде жазуды үйренеді.

Басым көпшілігі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды, есеп шығаруға, математикалық диктант жазу кезінде қолданады.

Кейбір оқушылар: Алған білімді өмірде қолдана алады. Логикалық мәтінді есептерді шешу барысында пайдаланады

Бағалау критерийі

Білім алушы

  • Жай бөлшекті және оның компоненттерін анықтайды

Оқушылар, егер:

  • жай бөлшектің алымын дұрыс атай білсе;

  • бөлшектің бөлімін дұрыс атай білсе;

  • бөлшектің алымын да бөлімін де дұрыс түсінсе және жаза алса, мақсатына жетеді.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

- жай бөлшекті алымын және бөлімін нұсқай отырып оқи алады;



Пәнге тән лексика мен терминология:

  • үлес;

  • жай бөлшек;

-бөлшектің алымы мен бөлімі;

- жартысы, ширегі, сегізден бірі (т.с.с)



Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:

-бүтін және бөлшек бөліктен тұратын сан ... деп аталады;

-жай бөлшектің бөлімі..., ал алымы... білдіреді;


Құндылықтарды дарыту



Мәңгілік елдің 4–ші құндылығы: Индустрияландыру мен инновацияларға негізделген экономикалық өсу. Экономикалық өсу бұл біздің ең маңызды міндетіміз, Қазақстанның өңірлік жəне жаһандық бəсекеге қабілеттілігі осыған тікелей байланысты.

Біздің басты міндетіміз өндірісті, білім мен ғылымды біріктіру, инновациялық-индустриялық кластерлерді дамыту. Сондықтан елімізде ғылым саласының шешуші реформалары, білім беру жүйесін жаңғырту жүргізілуде, техникалық жəне кəсіби мамандарды даярлаудың жаңа тиімді жүйесі жасалды.



Құндылықтарды дарыту ЭКСПО көрмесі арқылы/көмегімен жүзеге асады. ЭКСПО дегеніміз не? Оның бізге берер пайдасы қандай? Ол не туралы болмақ? ЭКСПО — индустрилиазацияның символы. Техникалық жетістіктер мен техниканың өзін назарға салатын халықаралық көрме. «ЭКСПО» көрмелерінде әлемнің барлық мемлекеті өздерінің ең үздік технологиялық, ғылыми, мәдени жетістіктерін көрсетеді. Олар жаһандық дамудың жаңа күн тәртібін қалыптастырады. Қазақ елі Тәуелсіздігін алғаннан бері қуатты мемлекет ретінде қалыптасып, әлемнің алдыңғы қатарлы еліне айналу жолында талай белестерді бағындырды, тамыры тереңде жатқан төл тарихымыздың жаңа беттері ашылды. Осы қысқа ғана уақыт ішінде экономикалық және әлеуметтік маңызы зор жобаларды қолға алып, әлемдік деңгейдегі іс-шаралардың өтуіне ұйытқы бола білдік. EXPO-2017 халықаралық көрмесін өткізуге ниетті Қазақстан әлемдік қауымдастыққа «Болашақ энергиясы» тақырыбын ұсынғаны белгілі. Қалай дегенде де, EXPO сияқты халықаралық көрмелерге қатысу қай елдің болса да әлеуетін дүниежүзіне паш етуге берілген тамаша мүмкіндік деуге болады. 

Пәнаралық байланыстар

Геометрия, география, экономика («жартысы», «ширек» және «жер шарының бөлігі» деген ұғымдарды пайдалана отырып бөлшек туралы мағұлмат беремін)

Ойлау дағдыларының

деңгейі

Білу және түсіну


АКТ қолдану дағдылары

Презентациямен жұмыс жасау

Тақырып бойынша алдыңғы білім

Натурал сандар және нөл. Жай және құрама сандар.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет


Ресурстар

Сабақтың басы

(5 мин)

Серпілген сауал



(11 мин)


- Ұйымдастыру

Сабағымызды бастамас бұрын, зейінімізді сабаққа шоғырландырып алайық. Психологиялық ахуал.



-Біз Қазақстанның үлгілі ұрпағы боламыз ба? -Иә

-Біз мектептің мақтанышы боламыз ба? -Иә

-Біз бүгін математика пәнінен жақсы жауап беріп, нәтижеге жетеміз бе? -Иә

Біз бүгін БиС технологиясының элементтерін қолдану арқылы сабағымызды өткіземіз. Матрица бойынша жұмыс жасаймыз. «Серпілген сауал» ойыны арқылы қайталау сұрақтарына оқушылар жауап береді.



-Үй тапсырмасын тексеру:

Бұған дейін «Натурал сандар және нөл», «Жай және құрама сандар» тақырыптарымен таныстық. Енді осы тақырыптар бойынша сұрақтарға жауап бере отырып, өткенді еске түсірейік. (A, B, C, E, F, G- қатарлар)



  1. Көбейтіліп тұрған сандар қалай аталады?(көбейгіш)

  2. а*0 өрнегі неге тең? (0)

  3.  Көбейтудің шешімі қалай аталады? (көбейтінді)

  4. Натурал сан деген қандай сандар? (1,2,3...)

  5.  Бөліп тұрған санды қалай атайды? (бөлгіш)

  6. а:1 неге тең? (а)

  7. а:а неге тең? (1)

  8. 0:а неге тең? (0)

  9. Бөлудің шешімін қалай атаймыз? (бөлінді)

  10. Бөлініп тұрған сан қалай аталады?(бөлінгіш)

  11. Бөліп тұрған сан қалай аталады? (бөлгіш)

  12. Бөлудің нәтижесі қалай талады?(бөлінді)

  13. Санды нешеге бөлуге болмайды?(0-ге)

  14. 1 дециметрде неше сантиметр бар?(10)

  15. 1 метрде қанша дециметрде бар?(10)

  16. 1 сантиметрде неше миллиметр бар?(10)

  17. 1 тәулікте неше сағат бар?(24)

  18. 1 тоннада неше центнер бар?(10)

  19. 1 центнерде неше килограмм бар? (100) (1 ұпай)

(осы сұрақтарға жауап бере отырып: қарастырылған тақырып бойынша бұрынғы білім еске түсіріледі; белсенді әрекетке жұмылдырылады; ойлау жұмысына ынталандырылады)

Жаңа сабақты түсіндіру

-Балалар, биыл біздің елімізде қандай іс-шара өтеді? (10.06.17-10.09.17 аралығында) (ЕХРО)

-Мен сіздерге ЕХРО-ның билеттерін алып келдім, соны таратып берейін. Қалтада бір бума билет бар, бұл бумада 25 ұяшық (билет) бар. Енді осы билеттерді тең бөліктерге бөлейін. Әркім өзіне бір билеттен алсын.

-Балалар, мен сонда бір бума билетті неше бөлікке бөлдім? (25 бөлікке)

-Ал осы өрнекке математикалық тұрғыда қарап көрейікші? (1:25)

Немесе оны былай жазуға болады: 1:25=

Мұндағы 1 – бөлшектің алымы, - -бөлшек сызығы, 25 – бөлшектің бөлімі.

- Билетті неше оқушы алды? (19 оқушы)

Ендеше оны жай бөлшек түрінде жазып көрейікші:

(оқылуы: жиырма бестен он тоғыз) Нешеуі қалды?

-Ендеше біздің өтетін тақырыбымыз «Жай бөлшек. Жай бөлшектерді оқу және жазу» деп аталады екен.

Сонымен, бөлшек дегеніміз – екі натурал санның қатынасы. Бүгінгі сабақта сендер жай бөлшек, бөлшектің алымы, бөлшектің бөлімі ұғымдарымен танысасыңдар. Бөліндіні бөлшек түрінде, бөлшекті бөлінді түрінде жазуды үйренесіңдер.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет