1.Импульс, энергия ұғымдарының мазмұнын ашады;Импульс пен энергияның сақталу заңдарын түсіндіреді. Себеп-салдар байланысын орната отырып, тепе-теңдіктің түрлерін түсіндіреді;
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаты:
Импульс пен энергияның сақталу заңын қолдана отырып есептер шығару. Механикалық энергияның салыстырмалығын,механикалық энергия өзгерістерінің физикалық мағынасын біледі.
Көпшілік оқушылар: Механикалық энергияның салыстырмалығын,механикалық энергия өзгерістерінің физикалық мағынасын біледі.
Кейбір оқушылар: Формулаларды қолданып есептер шығарады
Сабақтың барысы
Сабақтың кезеңі//уақыты
Педагогтің әрекеті
Білімгердің әрекеті
Бағалау
Ресурстар
Ұйымдастыру
Сабақтың басы
15 минут
Жаңа сабақ
55 минут
Жаңа тақырыпты игеру Психологиялық ахуал. (шаттық шеңбер бір-біріне тілек айту.) Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
3 топка бөлу. (оқушыларға карточкалар таратылады)
1 формулалар
2. Физикалық шамалар
3. Өлшем бірліктер.
1 топ Энергия
2 топ «Кинетикалық энергия»
3 топ «Потенциалдық энергия»
Сынып ішіндегі тазалық пен сынып оқушыларының сабаққа қатысымын қадағалау.
II .Үй тапсырмасын тексеру «Кайталау білім анасы»
«Кір жаятын жіп әдісі »( сұрақтар қойылады.) 1. Энергия дегеніміз қандай шама?
2.Энергияның қандай түрлері бар?
3.Потенциалдық энергия мен кинетикалық энергияның есептеу формуласы, өлшем бірліктері қандай?
4.Потенциалдық энергиямен кинетикалық энергияның ерекшелігі бар ма?
5. Қандай жағдайда дененің энергиясы бар деп айтуға болады?
6.Жұмыс, қуат шамаларын анықтайтын формула?
«Сәйкесін тап»
Есеп шығару (үйге берілген есеп) Массасы 100 кг дене 10м биіктіктен биіктігі 3м үйдің төбесінен құлап түсті.Ауырлық күшінің
істеген жұмысы.
Оқушылар бірін бірі тексереді.
Бағалау:мадақтама сөздер арқылы. (жарайсың, жақсы, тамаша, өте жақсы, әлі де қайтала)
Ой қозғау. (жаңа сабақты ашу үшін бейнефильм көрсету)
Мағынаны тану. (постер қорғау)
1 топ
Дененің механикалық энергиясы деп қандай энергияны айтады? 2 топ
Механикалық энергия өзгерістерінің қандай мағынасы бар? 3 топ
Механикалық энергияның сақталу заңы.?
Бағалау : топ мүшелері келесі топты бағалайды. (Үш шапалақ әдісі бойынша)
Негізгі мазмұн: Кинетикалық және потенциалдық энергиялардың қосындысы , яғни тұйық жүйенің механикалық энергиясы денелерді кез келген орналасу қалыпында өзгеріссіз сақталады:
Ек1+Еп1=Ек2+Еп2=...=Екn+Enп=const
W1=W2=Wn=const
Ауырлық күшінің істейтін жұмысы еркін құлап түсетін дененің потенциалдық энергияларының өзгерістерінің өлшемі болатынын ескеріп, төмендегі теңдіктерді жаза аламыз:
A=Eп1-Еп2 немесе А=Ек2-Ек1 Бұл теңдіктердің сол жағы өзара тең. Сондықтан
Eп1-Еп2 =Ек2-Ек1 немесе Eп1+Ек1=Еп2+Ек2 W1= Eп1+Ек1W2= Еп2+Ек2W1= W2