Қысқа мерзімді сабақ жоспары



Дата06.02.2022
өлшемі0,56 Mb.
#80764
түріСабақ
Байланысты:
Жылу молшери 8 кл
Волейбол

Қысқа мерзімді сабақ жоспары





Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы:
Жылу құбылыстары

Мектеп: Сагакурес негізгі орта мектебі

Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Испанов А.Ш.

Сынып: 8

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Жылу мөлшері.Заттың меншікті жылу сыйымдылығы

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.3.2.5 – жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерін анықтау;
8.3.2.6–заттың меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсіндіру

Сабақтың мақсаты

- Барлық оқушылар жылу мөлшерінің формуласын есептер шығаруда қолдана алады;
- Оқушылардың басым бөлігі жылу мөлшерінің,меншікті жылу сыйымдылығының мағынасын түсінеді;
- Кейбір оқушылар меншікті жылу сыйымдылығы негізінде заттарға физикалық, химиялық сипаттама бере отырып, өмірдегі маңыздылығын саралайды.

Бағалау критерийі

-меншікті жылу сыйымдылығының физикалық мағынасын түсіндіре алады;
- жылу алмасу процесі кезінде алған немесе берген жылу мөлшерінің қандай шамаларға тәуелді екенін анықтайды.

Тілдік мақсаттар



Пәнге тән терминилогия:

Қазақша

Орысша

Ағылшынша

Жылу мөлшері

Количество теплоты

Quantity of heat

Меншікті жылу сыйымдылық

Удельная теплоемкость

Specific heat capacity

Жылу өткізгіштік

Теплопроводность

Heat conductivity

  1. Диалог пен жазу үшін қажетті сөздер және жылу мөлшері, жылу берілудің түрлері жөнінде анықтамалар жинақтау ,жазу:

  2. «Жалғасын тап..»

  3. 1.Жылудың көбірек қыздырылған денеден азырақ қызды-рылған денеге берілу құбылысын ........................ деп атаймыз.

Құндылықтарға
баулу



1) Энергияны ұтымды пайдалану және тиімді тұтыну. Энер-гияның баламалы түрлерін пайдалануға ынталандыру.
2)Ұлттық қауіпсіздік және еліміздің бүкіләлемдік, өңірлік мәселелерді шешуге жаһандық тұрғыдан қатысуы( «жы-лыжайлық эффект»)

Пәнаралық
байланыс

Биологиядан жылудың тірі ағзалардың өміріндегі ролі және ағылшын тілінде сөздікпен жұмыс жасау.


Алдыңғы білім


Жаратылыстану (5 сынып)-жылу құбылыстары туралы біледі; Физика (8сынып)-жылу берілудің түрлері,ішкі энергияны өзгерту тәсілдері туралы білулері керек.
СТО және ашық сұрақтар қою арқылы бар білімдерін жаңа біліммен ұштастырамын.

Сабақ барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері


Ресурстар

Сабақтың басы

10 минут


-Кезекші мәліметін тыңдау;
-жағымды ахуал туғызу- «Аялы алақан» шең-берінде алақандарын алақандарына бағыттау арқылы жүрек жылуын,энергиясын сыйлау және стикерге жазылған сөздер бойынша топқа біріктіріледі. «Температура» (Т, келвин, цельсий, термометр,сынап, Т=t+273); «Табиғат» (тірі ағза,жер,күн,жел, жасыл желек, атмосфера);
«Ішкі энергия» (∆U, кинетикалық энергия, потенциалдық энергия,∆U≠0, Дж, ∆U= Екп).
-үй тапсырмасын «Шығармашылық тапсыр-малар» орындау арқылы пысықтау:
«Жылыжайлық эффект» (жылудың тірі ағза-ларда алатын ролі), «Болашақтың энер-гиясы»(энергияның балама көздері ЖЭС,КЭС т.б SWOT талдау) және ішкі энергияны өзгерту тәсілдері (жылу берілудің түрлерін тәжірибе жасау немесе суреттерін сәйкестендіру арқылы)

туралы өз ойларын ортаға салады.
Әр топ бірін бірі немесе әр топтың спикерін дескриптор арқылы ҚБ жүргізеді:
Мазмұны бойынша: тақырып мазмұны толық ашылды/толық ашылмады;
Баяндау шеберлігі бойынша:тіл байлығы жақсы,ойды жеткізе білді/ойды жеткізе білді,дегенмен де қайталанған,қыстырма сөздер көп қолданылды;
Шығармашылығы бойынша: тақырыпты өзге қырынан аша білді,жаңа идеялар болды/ бұрыннан бар мәліметтер қолданылды.
Мұғалім тарапынан мадақтау арқылы немесе қысқа (тамаша, өте жақсы т.б.) кері байланыс беріледі.


1.Түсті стикерлер,
2.http://myunivercity.ru/
Экология/Парник_
эффектісінен_
туындайтын_
әдемдік_
проблемалар/
199490_2394455_
страница1.html
3. http://startinfo.
kz/buisness/kyn-energiscu/
4.https://kaztube.kz/video/222846
5.штатив,май шам,су,сынауық түрлері,сіріңке,мар-ганцовка,термо-метр
6.үлестірме материалдар
7. http://zkoipk.kz/
2015smart1/1510-conf.html
SWOT талдау



Сабақтың ортасы
23 минут

«Оқу әңгімелері», оқушылардың тапсырма-ны өзара талқылауы және бір-біріне білім мен дағдыларды үйретуіне жетелеу әдісі (оқылым, жазылым, айтылым)
Оқулықпен жұмыс: 1)жылу мөлшері және өлшем бірлігі; 2) жылу мөлшерінің есептелу формуласы және қандай шамаларға тәуелді;
3) меншікті жылу сыйымдылығы және оның физикалық мағынасы туралы (кестемен жұмыс) топтық жұмыс қорғалады (постер),
ҚБ «бас бармақ» әдісі
Тапсырма-1: Кестедегі мәндерді пайдаланып: а)жылу мөлшерін есептіңіздер,мәнін кестеге толтыр;



m,кг

c,
Дж/кг*°С

∆Т, *°С

Q,
Дж

қорытынды

1

2

2100

80







2

5

2100

80




3

2

140

80







4

2

920

80




5

2

140

60







6

2

140

80




ә) қандай шамаларға тәуелді екенін анықтап,қорытындысын кестеге толтырыңдар;
Тапсырма-2: а) ссу=4200 Дж/ кг*°С, смұз =2100 Дж/ кг*°С, с су буы=2130 Дж/ кг*°С меншікті жылу сыйымдылықтарын салыстыр және қорытынды жаса; ә) табиғи судың ссу=4200 Дж/ кг*°С меншікті жылу сыйымдылығы ең үлкен шама болып табылады.Судың осы қасиетінің өмірдегі қолданылуына мысал келтір.
ҚБ дескрипторы Оқушы:
- жылу мөлшерінің және меншікті жылу сыйымдылығының формуласын қолданады және есеп шығара алады;
- жылу мөлшерінің қандай шамаларға тәуелді екендігіне қорытынды жасайды;
-берілген және алынған мәндерді салыстырады және ажырата алады.
Дескрипторға «+», «-» белгілерін қоя отырып оқушылар бірін бірі қалыптастырушы бағалауды жүргізеді.
Тиімді ашық сұрақтар арқылы оқушылардың сөйлеу және ойлау дағдыларын жетілдіру:
1. Неліктен металдардың жылуөткізгіштігі күшті? (Бұл құбылысты түсіндіру үшін қатты, сұйық және газ тәрізді заттардың ішкі құры-лысын еске түсіру керек. Қатты денедегі бөл-шектер әрдайым тербелмелі қозғалыста бо-лады, бірақ өзінің тепе-теңдік күйін өзгерт-пейді. Денені қыздырғанда температураның артуына байланысты молекулалар күштірек тербеле бастайды, өйткені олардың потен-циалдық және кинетикалық энергиясы артады. Артық энергияның бұл бөліктері бртіндеп бір бөлшектен екіншісіне, яғни дененің бір бөлігінен көрші бөліктеріне беріледі). 
2.Неліктен ағзаның температурасы тұрақты болады? (Дене қыза бастаса, қан тамырлары кеңейіп, тер бөлініп, тыныс алу жиілейді, жы-луды сыртқа шығару үдейді. Ал ағза салқын-дай бастаса, қан тамырлары тарылып, тер шы-ғу тоқтайды, сыртқа жылу аз бөлінеді. Осы-лайша ағза жылу түзу мен жылу шығарудың тепе-теңдігін реттеп отырады. Жылу реттеу нә-тижесінде ағзаның температурасы тұрақты бо-лады (мысалы, құстарда 40 – 41,5˚С, сүтқо-ректілерде 32 – 39˚С, адамда 36˚С). 
3.Егер дененің меншікті жылу сыйымдылығы көп болса,онда не болар еді?(Онда дененің беретін немесе алатын жылу мөлшері көп болр еді).
4.Неліктен қыста құстар мен жануарлар тоң-байды? (Себебі олардың сыртқы жүндерінің арасында ауа болатындықтан, ал ауаның жы-луөткізгіштігі нашар. Ауа дененің өз жылуын сақтауға көмектеседі).
5. Сен жылуөткізгіштігі нашар заттардың адамзат кажеттілігі үшін қолданылуы туралы не ойлайсың? (Құрылыс саласында адамзат игілігі үшін қолданады, атап көрсетсем: кір-піш қабырғалар, қойманы сабан шөптермен, ағаш ұнтақтарымен қаптау, терезе шыныла-рының арасынды ауа қабатының болуы).
ҚБ «қол шапалақтау» әдісі
Жұппен жұмыс. (Екі түсті стикердің көмегімен белсенділігі төмен және белсенділігі жоғары оқушының жұптық жұмысы ұйымдастырылады)

  1. «Жалғасын тап..»

  2. 1.Жылу берілу кезінде дененің алатын немесе жоғалтатын энергиясы .................... болып табылады.

  3. 2.Жылудың көбірек қыздырылған денеден азы-рақ қыздырылған денеге берілу құбы-лысын .......................... деп атаймыз.

  4. 3.Тұрғын үйді жылыту жүйесінде және қоз-ғалтқыштарды суыту жүйесінде .......... қол-данады, себебі оның ............................ басқа заттармен салыстырғанда көп.

Флипчарт,
Оқулық,үлестірме материалдары

Сабақтың соңы
8 минут

Рефлексия.
«Жол картасы (ыстық,жылы,суық)»
Алдын-ала оқушыларға таратылған жолдың сызбасындағы белгілердің тұсына «ыстық»-білген,үйренген мәліметтерін ; «жылы»-әлі де білгісі келетін мәліметтері ,ал «суық» сөзінің тұсына бүгінгі сабақта орындай алмаған әрекеттері туралы жазады.
Бағалау. Жоғарыда берілген дескрипторлар негізінде кері байланыс бере отырып, сыныптастарының бүгінгі сабақтағы әрекет-теріне ҚБ-ды жүзеге асырады.
Үйге тапсырма: 1. 5-жатт (2,3);
Күнделікті өмірдегі «Жылудың маңызы» тақырыбына шағын эссе жазу.


Түсті стикерлер

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз? Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау





Уақытты тиімді пайда-лана отырып, саралауды сабақтың кез келген кезеңінде (менің сабақ жоспарымда сабақ басында және ортасында) жүзеге асырамын. Белгілі бір оқушыдан күтілетін нә-тижені, оқушыға жеке қолдау көрсетуде дес-крипторлар арқылы баға-лауды жүзеге асыратын және тиімді ашық сұрақтар арқылы саралау тапсыр-маларын қолданамын.

Қалыптастырушы бағалау әдістері (ма-дақтау, бас бармақ) және тапсырмаларға берілген дескрип-торлар арқылы



Денсаулық сақтау техноло-гиялары:
- интерактивті тақтаның 20-25 минуттан артық қолдануға болмайтындығы;
- сергіту сәтінің орындалуы. Қауіпсіздік техникасы ереже-лерінің тармақтарын есте сақтау:
-жанғыш заттармен;
- шыны заттармен жұмыс жа-сауда.


Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма?
Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме?
Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?







Жалпы бағалау
Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?
1:
2:
Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/ қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет