Бөлім
|
Сәулет өнері
|
Педагогтың тегі, аты, әкесінің аты
|
Ердесова Гүлнар
|
Күні
|
12 желтоқсан 2022 ж.
|
Сынып 3 «Ә»
|
Қатысушылар саны
|
Қатыспағандар саны
|
Сабақтың тақырыбы
|
Ермек Өтетілеуов. «Мақтанышым - Астанам»
|
Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары
|
3.3.3.1. Шығармашылық жұмысын сурет түрінде ұсыну,мұғалімнің көмегімен фотосуреттерді пайдаланып,шығармашылық жұмыс жасау.
3.2.1.1.Шығарманы дауыстап,түсініп, мәнерлеп оқу.
|
Сабақтың мақсаты
|
Шығарманың тақырыбын шығармашылық суретпен ұсынады, өлеңді қатесіз, мәнерлеп оқиды, Астана туралы өз ойларын айта алады. ЕБҚЕБ , ФС тапсырмалар беру.
|
Сабақтың кезеңі/уақыт
|
Педагогтің әрекеті
|
Оқушының әрекеті
|
Бағалау
|
Ресурстар
|
Ұйымдастыру
5 мин
|
Сәлемдесу.
Оқушылар бүгін біздің сабағымыз ерекше болады. Себебі біз Астана қаласына саяхатқа шығамыз.
|
|
|
3 сынып Әдебиеттік оқу оқулығы 1 бөлім, Атамұра 2018 ж.
Қазақстан картасы
|
Біздің мемлекетіміз қалай аталады?
|
Қазақстан
|
Ал біздің елордамыз қай қала?
|
Астана
|
Ал бізге Астанаға саяхаттау үшін не қажет?
|
Билет
|
Алдымен «Поезд» аялдамасына барып, поездға билет аламыз. Билетті алу үшін біз мына тапсырмаларды орындауымыз қажет. Әр топқа тапсырмалар беріледі. Сол тапсырмаға жауап беру арқылы сендер билет аласыңдар және тапсырманың келесі бетінде топтың аты бейнеленген.
1 топ. Бәйтерек
2 топ. Ақорда
3 топ. Хан шатыр
4 топ. Пирамида
|
|
Өткен сабақпен байланыстыру
7 мин
|
1 – тапсырма.
1 тапсырма сұрақтары өткен сабақты қайталауға арналған.
1 топ. 1 сұрақ. Жас Ахмет қандай болды?
2 сұрақ. Ол қайда оқыды?
2 топ. 1 сұрақ. Ахмет қай орталықтың тұрмыс тіршілігімен танысты?
2 сұрақ. Туған жеріне неше жасында оралды?
3 топ. 1 сұрақ. Оның ең бірінші қоныстанған жері қалай аталады?
2 сұрақ. Яссауиға арнап кім күмбез салдырды?
4 топ. 1 сұрақ. Ғимараттың биіктігі қандай?
2 сұрақ. Не себепті керемет күмбез атанды?
|
Төрт топтың оқушылары сұрақтарға кезектесіп жауап береді.
|
Әр топқа
2 балл
|
|
Жаңа тақырып
20 мин
|
Жаңа сабақ тақырыпты болжау. Ребус арқылы сабақтың тақырыбын анықтайды.
|
Оқушылар ребус шешеді.
|
1 балл
|
|
|
Астана туралы қандай өлеңдер білесіңдер?
|
Оқушылар өлеңдерді жатқа айтады.
|
1 балл
|
|
Оқушылар жаңа сабақтың тақырыбын ашқан соң, мұғалім сабақтың мақсатын хабарлайды.
-Балалар, бүгінгі сабақта елордамыз-Астана қаласы жайлы «Астанам-мақтанышым» атты өлеңнің мазмұнымен, өлең авторымен танысатын боламыз. Тапсырмалар орындайтын боламыз.
|
|
|
|
|
Енді «Вокзал» аялдамасына барайық.
- Балалар, бұл аялдамада Ермек Өтетілеуұлының өмірі мен шығармашылығымен танысамыз.
Ермек Өтетілеуов – балалар ақыны, аудармашы. 1938 жылы
1 каңтарда Ақмола (қазіргі Астана) қаласында туған. Республикалық «Жалын», «Жазушы», «Балдырған» баспа журналында еңбек істеген. Осы үш көркем әдебиет баспаларында жиырма жылдан астам уакыт жұмыс жасаған баспагердің қолынан жүздеген жинақтар мен жеке кітаптар жазған. «Баспа және полиграфия ісінің қайраткері»
құрмет белгісімен марапатталған. Ақынның «Жұлдызша», «Жалауша», «Бір үйдің балалары», «Алақай» т.б. өлең жинақтары бар.
|
|
|
Үнтаспа. «Пойыздың дыбысы».
Ақын кітаптарынан көрме. «Оқуға құштар мектеп»
|
|
-Ермек Өтетілеуұлының қай жерде дүниеге келген?
-Қандай өлең жинақтары бар?
|
Оқушылар Ермек Өтетілеуұлының қайда дүниеге келгенін, жазбаларын, жеке кітаптарын айтады.
|
2 балл
|
|
|
Міне, балалар, Астанаға да келдік.
«Бәйтерек» аялдамасына тоқтаймыз.
Бәйтерек – елорданың ең көрнекті ғимараттарының бірі. Металлдан, әйнек пен бетоннан жасалған бұл «терек» сәулеттік мағынасы жағынан да, жасалуы жағынан да бірегей: биіктігі 105 метрлік металл құрамасынан, салмағы 1000 тоннадан жоғары бес жүзге жуық қададан тұрады. Биіктігі 97 м (Астана қаласының елорда статусына ие болған жылға байланысты таңдалған), диаметрі 27 м. «Бәйтерек» нысаны үш бөліктен тұрады; жер асты бөлігі ұлттың тамыр жаюы, ал одан кейінгілері өркендеу кезеңдерінің нышандарын білдіреді. Ең жоғарғы жағында «Аялы алақан» композициясы орын тепкен. Ұшар басында алтын шар орналасқан. Арнайы шынылармен әйнектелген «Бәйтерек» күмбезінің салмағы 70 т, ал алтын шардың үстіңгі ауданы 1553 м².
|
|
2 балл
|
|
|