«Хан Шатыр» аялдамасы «Хан Шатыр» — ірі ойын-сауық және сауда-саттық орталығы. Хан Шатыр - әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры және Қазақстандағы сауда орталықтарының ең үлкені, әрі бірегей сырт пішінімен айшықталады. “Хан Шатырдың” ішкі көлемі 110 мың шаршы метр аумақты алып жатыр. Бұл сауда және ойын-сауық орталығында ең үлкен қалалық бақ, ірі сауда орталықтары, кинотеатр, концерт залдары болады. Сонымен бірге ғимараттың барлық қабаттарында дәмханалар мен мейрамханалар орналасқан. Орталықтың ішінде тропикалық бақтар, гүлзарлар, субұрқақтар бар. Балалардың тамаша демалысы үшін биіктігі 7 және 4 метрді құрайтын су сырғанақтары жабдықталған.
«Пирамида» аялдамасы. Ақорда Астана қаласы Есілдің сол жағалауындағы жаңа әкімшілік орталығының аумағында 2001 жылы қыркүйек айында салына бастады. Ғимараттың жалпы көлемі 36 720 м². Қазақстан Республикасы Президентінің Ақ ордасының ресми тұсаукесері 2004 жылы 24 желтоқсан күні өтті.
Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып, монолит құйматастан салынған. Шатырсүмбіні қоса есептегендегі ғимараттың биіктігі 80 м. Қасбеттің қаптамасы қалыңдығы 20—40 см. болатын итальян мәрмәрынан жасалған. Ғимарат жер бетінде 5 және жер астындағы 2 қабаттан тұрады, оның ішінде жер бетіндегі 1-қабаттың биіктігі 10 м., қалған қабаттардың биіктігі 5 м.
Мақтанышым-Астанам
Алтын Арқа даласы,
Жасыл Есіл жағасы.
Қанат жайып құлпырған,
Аспаны ашық қаласы.